Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын



Дата28.01.2018
өлшемі65,49 Kb.
#34793
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жемістер 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру, сөйлеу әрекетінде қолдана алуға үйрету. 
2. Оқушылардың тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту. 
3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. 

Көрнекілік: қоян, қызыл телпек,жемістердің суреттері: алма, алмұрт, жүзім, өрік. 


Сабақтың түрі: жаңа сабақ 

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын 

1. Ұйымдастыру кезеңі. 
- Сәлеметсіңдерме балалар! 
- Отырыңдар. 
- Бүгін сыныпта кім жоқ? 
- Бүгін сыныпта кім кезекші? 
- Қазір қандай жыл мезгілі? 
- Күз айында жапырақтардың түстері қандай болады? 
- Құстар қай жаққа ұшып кетеді? 

2. Үй жұмысын тексеру. 

Үй жұмысын «Чемпион ойыны» арқылы сұрау. 

Шарты: Мұғалім жабайы аңдарды орысша айтады, оқушылар жауабын қазақша қайтарады. 


Мысалы:«Жабайы аңдар», Піл, Тышқан қандай?

3. Жаңа сабақ 


Бүгінгі біздің жаңа тақырыптың аты- Жемістер. Бүгін бізге қонаққа Қоян, келді. 
Ол өзімен бірге жемістерді әкелді. 
Жемістерге: лимон, алма, банан, жүзім, апельсин, өрік жатады. 

Балалар алма қандай түсті болады? 


Алма қызыл, сары, жасыл түсті болады. 
Жүзім қандай түсті болады? Жүзім жасыл түсті болады. 

4. Тақпақ жаттау: Мұғалім дауыстап оқиды. 


Оны түсіндіреді және хормен мұғалімнің соңынан қайталайды. 

Алма  пісті

Алмұрт пісті

Алша пісті

Жерге түсті.

5. Сергіту сәті 

Бізге қонаққа қоян жемістерді әкелді және ол өзімен бірге сергіту сәтін әкелді. 
Орнымыздан тұрып оны мұғаліммен бірге жасайық. 

Қоян, қоян тұршы. 


Өз бетінді жушы. 
Шашынды тарашы 
Айнаға қарашы 
6. Сөйлесу

-          Мынау не?

-          Мынау алма?

-          Мынау не?

-          Мынау өрік

-          Мынау не?

-          Мынау апельсин және лимон
7. Суретпен жұмыс. 

 


Балалар мен қазір сендерге сандарды, түстерді, жемістерді көрсетемін. Ал сендер олармен сөз тіркестерін және сөйлем құрауларың керексіңдер. 
Мысалы: 1 алма, 4 жүзім, 6 сары лимон. 

8. Рефлексия. Жемісті тауып ал ойыны. 


Шарты : мұғалім оқушыларға суреттер таратып береді. Соның ішінде балалар қарандашпен жемістердің суреттерін дөңгелетіп сызып қою керек. 

10. Үйге тапсырма беру. 

Үйде жемістердің суреттерін салып келесіңдер. Олар: алма, алмұрт, банан, лимон, жүзім. 

11. Бағалау 

Оқушыларды мадақтау. Өте жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беру. Жақсы қатысқан оқушыларға төрт бұрыш беру.

Сабақтың тақырыбы: Жемістер.


Грамматикалық тақырыбы: Жіктік жалғауы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жемістердің атауларын дұрыс атай және

ажырата алуға баулу.



Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау

қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге ,топпен

жұмыс істеуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту,

сауатты жазу, оқуға дағдыландыру, тілдеріжаттықтыру



Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап,

оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік

әңгімелер жүргізу. Еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.


1слайд . Қызығушылықты ояту:

Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім.

Өткенге шолу.

Сұрақ-жауап

Біз қай модульді аяқтадық?

-демалыс

2 слайд (Жыл мезгілдерінің суреті)

Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Оларды атайықшы.

Бұл қай жыл мезгілі? ( қыс)

Қыс айлары? Қыста не болады?

Қысқы демалыста балалар не істейді?

Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?

Көктем айлары? Көктемде не болады?

Үш ай бойы қай жыл мезгілінде демаламыз?

Жаз айлары?Жазда күн қандай ?

Балалар демалыста не істейді?

Сен демалыста қайда барасың?

Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Неге?

Оқу жылы қай жыл мезгілінде басталады?

Күз айларын ата. Күзде күн қандай? Табиғатта қандай өзгерістер болады?

Бір аптада неше күн?

Біз қай күні демаламыз?

Сен демалыс күні не істейсің?

Жексенбі аптаның нешінші күні?

Бүгін аптаның қай күні?

Күздің қай айы? Қазанның нешесі?

Өте жақсы.Ендеше дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық.

3слайд Суретпен жұмыс

Бұл не? -алма.

Алма неге жатады? - Жеміске.

Бұлар нелер? -Жемістер.

Жемістер қайда өседі? Ағашта, бақта.

Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы.»Жемістер» деп аталады. Жазып алайық.



4Слайдка назар аударайық. Мұзафар Әлімбаевтің “Біз осылай өсеміз” өлеңі

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

(Мұзафар Әлімбаев)

(Бір-екі оқушы мәнерлеп оқиды.Енді осы өлеңді бірінші,екінші,үшінші түрде оқып көрейік). Балалар біз не істедік? Яғни қандай тапсырманы орындадық. (жіктедік)

Дұрыс.Бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз : Жіктік жалғауды қайталау.

Жазып алайық.

5 слайд Сөздік жұмысы.(тыңдау, оқу)


  • Бақ-сад

  • Алхоры-слива

  • Анар-гранат

  • Құрма-курма

  • Же-еш, кушай

  • Ек-посади

  • Суар-поливай

  • Күт- ухаживай

Өсір-выращивай

Осы сөздер сабақта сендерге өз пайдасын тигізеді деген ойдамын.

Ал енді сендер қандай жемістерді білесіңдер?

Көрнекілікпен жұмыс

6Слайд кезек-кезекпен жемістердің суреттері шығады

Оқушылар қай жеміс екенін айтады.

1Жемістердің адам ағзасына пайдасы бар ма?

2Жемістерде не бар?

Дәрумендер бар. (А,В,С,Д)

3Жемістер қашан піседі? (күзде)

Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Банан қан мөлшерінің бір қалыпты болуы мен қан қысымының өзгермеуіне ықпал етеді. Сүйек, тырнақ, шаш өсуіне оң әсерін тигізеді.
7слайд Шығармашылық жұмыс ( сөйлем құру)


  • Керекті сөздер: бақ, жеміс, тәтті, піседі.

8слайд Жазбаша жұмыс.

Жақшадағы сөздерді аударып жаз.

Мен базардан (фрукты) сатып алдым. (Они) өте дәмді және пайдалы. Әжем маған екі (груши) берді. Ағам үш (яблоки) жеді.



9 слайд Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Жеміс-адам үшін өте пайдалы. Жемісте дәрумен көп. Дәруменді орысша “витамин” дейді. “вита” латын тілінен аударғанда “өмір” деген мағынаны білдіреді. Жеміс ағашта, бақта өседі. Оларға күн шуағын себеді. Барлық жемістерде дәрілік қасиеті бар. Жеміс жеген адамның дені сау болады. Жеміс жесең, жетілесің!



Сұрақтар

Адам үшін не пайдалы?

Жемісте не бар?

Неде дәрілік қасиет бар?

Қандай адамның дені сау болады?

10 слайд Сергіту сәті.

Балалар, енді «Жүректен жүреке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып,
бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.


11 слайд Өздік жұмыс Сөйлем құрап үйрен

Тапсырманың шарты: сөздерді жоғалтпау

1 Сөз.


2 Сөз тіркес.

3 3 сөзден құралған сөйлем.

4 4 сөзден құралған сөйлем.

5 5 сөзден құралған сөйлем.



12 слайд Тақтамен жұмыс
Жіктеу


Суар, өсір, ал сөздерін жіктеу

13 слайд Дұрыс па? Бұрыс па?

1Жемісте дәрумен аз.

2Жеміс ағашта өседі.

3Жемісте дәрілік қасиет жоқ.

4Алма жерде өседі.

5Лимонның дәмі тәтті.

6 Алмұрт-қышқыл дәмді жеміс.

7 Қазақстанда жеміс өспейді.



14 слайд Үйге тапсырма.

1 Жеміс атауларын білу.

2 Мәтін бойынша түсінгенін айту.

3 Жіктік жалғауларын қайталау



15 слайд Қорытынды

1 Сонымен бүгін біз не туралы өттік?


2Жемістер туралы.
3Олардың бізге пайдасы бар ма?
Бағалау. Сау болыңыз
Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет