Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақ көрнекілігі: қазақстан картасы, интерактивті тақта Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



Дата13.05.2017
өлшемі312,05 Kb.
#16225
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Сабақ мақсаты: таулы жерлердегі климат жағдайларына орай өсімдіктер мен жануар әлемінің таралу ерекшеліктері туралы түсінік-ұғым беру.


оқушылардың шығармашылығын дамыту, оқығаны бойынша негізгісін таңдай алу дағдысын жетілдіру.
табиғатты сүюге, оны ардақтап, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: қазақстан картасы, интерактивті тақта


Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Үй тапсырмасын тексеру



1. Ребус шешу:

2. Тест тапсырмаларын орындау.Топпен жұмыс жасату. Дұрыс жауабын тақтадан тексеру.



3. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау:



ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:



  • Таудың табиғаты және ауа райы

  • Таулы жер өсімдіктері

  • Таулы жер аңдары

  • Таулы жер құстары

б)Жаңа сабақты түсіндіру

Таудың табиғаты және ауа райы: Биік тау шыңдарында жазда да қар жатады. Ол жата-жата тығыздалып, мұз болып қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, олар бір-бірімен қосылып, өзенге айналады. Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Таулардың күнгей беткейлері жылырақ және құрғақтау,ал теріскей беткейлері салқын және дымқыл келеді.



Таулы жер өсімдіктері: Тау етегіндегі жазықтарды жапырақты ормандар алып жатыр. Бұл жерлерде негізінен көктерек, қайың, тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы, итмұрын,т.б.бұталар өседі. Олардың арасында шалғындар бар.Бұдан жоғары тау жоталарының беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Мұндағы ағаш түрлері-шырша, қарағай,көктерек. Ұшқат, ырғай сияқты бұталар өседі.Бұл аймақтан жоғары шалғынды алқап басталады да,жалаңаш құздар,мұз басқан шыңдармен жалғасып, шектеледі.Іле Алатауында жабайы алма, өрік, долана, мойыл, шырғанақ,қарақат, таңқурай өседі.

Таулы жер аңдары: Еліміздегі биік тау алқаптарын мекендейтін жыртқыш аңдарға барыс,сілеусін т.б. жатады. Барыс-ерекше сымбатты,күшті, епті де батыл аң. Биік, қарлы шыңдарда тіршілік ететіндіктен жұрт оны кейде “тау барысы”, “қар барысы” деп те атайды.Арқар-өте ірі аң. Ол биік тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп барып, түнеп шығады да, ертеңгісін жайылымға қайта түседі.Алтай тауларының орманды жерлерінде бұғы шаруашылығы дамыған. Бұғының жас мүйіздерінен аса құнды, бағалы дәрі жасалады.

Таулы жер құстары: Таулы жерлерде құстар көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді. Ұлар едәуір ірі, түсі тас реңдес сұрғылт құс.Адам бара алмайтын тік құздарда үлкен қозықұмай ұялайды. Қозықұмай суыр, еліктің лағы, арқардың қозықасы сияқты аңдардың балаларын аулайды. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ, және т.б. Толып жатқан құстар тіршілік етеді.

Сергіту сәті: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы видео көрсету

«Кім жылдам?» ойынын ойнату арқылы сабақты бекіту сұрақтарын қою.



  1. Таулы жердің табиғаты қандай?

  2. Таулы жердің ауа райы қандай?

  3. Таулы жерде өсетін қандай ағаштарды білесіңдер?

  4. Таулы жерде өсетін қандай бұталарды білесіңдер?

  5. Таулы жерде қандай аңдар өмір сүреді?

  6. Таулы жерде мекендейтін қандай құстарды білесің?

  7. Тау өсімдіктері мен жануарларын қорғаудың қандай жолдары бар?

Жазба жұмысын орындату арқылы сабақты қорытындылау.

Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,қатты тілімденген биік бөліктері __________ деп аталады.Таулардың күнгей беткейлері ______________ ___________, ал теріскей беткейлері ____________ ___________келеді.Тау етегіндегі жазықтарды ________________ ормандар алып жатыр.Іле Алатауында ______________________________ өседі.Алтай тауларының орманды жерлерінде _____________________ дамыған.



Үй тапсырмасы:

  • Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары (105-108 бет, оқу,түсінік айту)

  • Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша мәлметтер іздеу.

Бағалау

Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары»

Пән мұғалімі: Г.Ш.Шалабаева

Сынып: 4 «Б»



2013-2014 оқу жылы

Шымкент

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет