Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс



бет5/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 58-жаттығудағы мақалдардың мағынасымен жұмыс, зат есімдердің астын сыздырту.

Тау мен тасты су бұзар, (не?)

Адамзатты сөз бұзар.



Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді. (не?)

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: З з З з Зәуре

59-жаттығуды оқушылармен тақтаға талдай отырып орындау: Гүл аттары: қалампыр, раушангүл, нарғызгүл, қызғалдақ, Дәрілік өсімдіктер: жалбыз, жолжелкен, түймедағы.

60 -жаттығу өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту. Сұрақтар қою арқылы зат есімді теріп жаздырту. б) Зат есімнің түрлерін еске түсіру. Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс.61-



-жаттығу мәтінді оқу, жалқы, жалпы есімдерді табу, сұрақ қою. Жалқы есімдер қандай әріптен басталып жазылып тұр? в) сергіту жаттығуы

Ү.Бекіту: Терме диктанты. Көкшетау – қазақтың Швейцариясы атанған өлке. Оның табиғаты өте көркем. Көкшетау – Сәкен Сейфуллин, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып-өскен жері. Жалқы есімдерді теріп жазу.

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 62-жаттығу, 21-бет түсіндіру.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

10. Тақырыбы: Етістік



Сабақтың мақсаты: етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістіктің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 62-жаттығу

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

1. тақырып мазмұны бойынша ертегі айту. Етістік

Ғаламдағы асқан өнер айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу шеберлігі. Мұндай өнер шеберлері әншілер, жазушылар болса, осындай һақ шебер көсемі суретшілер болмақ.

Өткен заманда осындай сұлулықты бір суретші Зат есім атты бояумен келтірген екен. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқан таулар, оқу құралдар мен небір затар бейнеленген екен. Алайда, сыншылар бұл суреттерді табиғатты толыққанды бейнелемей тұрғанын айтады. Өз шеберханасында көп ойланып, толғанған шебер өз суреттеріне жаңа бояуларды қатыстыруды шешеді. Ол бұрын сонды болмаған етістік бояуын пайдалануды шешеді. Енді оның суретіндегі заттар құбылысға айналып, қозғалысты бейнеленейтін болған. Манағы таудан өзен ағып, зәулім үйлер аспан тіреп, бұлттар ағып, күн шығып келе жатуы, жүгірген бала, күлген қыз бейнелері келеді. Көркем суреттер шығарылғаннан кейін оларда сыншылар да, халық та өмірді дұрыс әрі көркем бейнелейтініне тамсаныпты.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз – заттың не құбылыстың қимылын білдіретін сөздер)Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтты?)

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 63-жаттығудағы жұмбақты оқу, шешімін табу (мысық), жатқа айтқызу, жаздырту. Етістіктің астын сыздыңдар ма? Ол қандай сөздер? (ұқсайды, ұстайды) Олар қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді?)

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: И и И и Инелік. 64-жаттығуды топпен орындау. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктер: (өрмек) құрады, тоқылады (алаша)

б) етістіктің түрлерін түсіндіру, мақсатымен ережені талдау, мысал келтіру.

Дара етістік дегеніміз бір ғана етістіктен құралған етістікті айтамыз. Мысалы: оқыды, жазды, жинады. Күрделі етістік – екі, не одан да көп етістіктерден құралған етістік түрін айтамыз. Мысалы: айтып бере алмады, оқып отыр. 66-жаттығуды тақтаға талдау жұмыстарын жүргізе отырып орындау.



Дара етістік

Күрделі етістік

Айбар оқыды

Айман секірді

Дәрігер емдеді

Анам құйды

Әжем тікті

Бала көмектесті



Айбар оқып отыр

Айман секіріп ойнады

Дәрігер емдеп жатыр

Анам құйып жатыр

Әжем тігіп отыр

Бала көмектесіп жүр



67-жаттығу. Ақ, кит, мысық, ыдыс, ала. «қимыл» Етістік. 68-жаттығу Жаңылтпашты, оқу, жаттау, 5-6 оқушыға жатқа айтқызу. Жаңылтпаштағы тыныс белгілерге назар аударту, жазғызу. Түбіт сөзінің мағынасын ашу. в) Сергіту жаттығуы

ҮІ. Бекіту: Өздік диктант 1. Көктем ... . 2. Қар ... . 3. Жер ... . 4. Жаңбыр ... . 5. Найзағай ... . 6. Құстар туған жерге ... . 7. Арықтарда су ... . 8. Ағаштар ... .

Көп нүктенің орынына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу, 23-бет түсіндіру.

ІХ. Оқушыларды бағалау

11 Тақырыбы: Сын есім



Сабақтың мақсаты: сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 69-жаттығу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

1. тақырып мазмұны бойынша ертегі айту. Сын есім

Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әртүрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сүріпті. Күндердің күнінде бұл елге өте алыс жерден Сын есім қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң-таң болып, әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі: - Сенің атын кім? - деді қария заттың атымен танысайын деп.

- Алма – деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат.

- Мұнда не істеп жүрсің? – деді қария іс-қимылын білейін деп.

- Күз келгендіктен біз пісеміз – деп жауап береді.

- Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.

- Алма сен бұдан былай, қызыл, домалақ, дәмді алмасын – дегені сол еді алмамыз қып-қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен. Бұл елде бақыт орнау үшін бізде өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік. - Шөп қандай болады? (жазыл, сары) - Аспан қандай болады? (көгілдір, үлкен)

- Қария қай жерден келді? (алыстан) - Жарайсыңдар балалар, енді ой түйіп көрейік.




2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 70-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңнен қандай сын есімдерді таптыңдар? (жазғы, жасыл, ақ, мөп-мөлдір) Бұл сөздерін қандай сұрақтарға жауап береді?

ә) Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу:

71-жаттығу оқу, талдау. Ащы-тәтті , қою-сұйық, таза-кір, жаңа-ескі, ұзын-қысқа, жіңішке-жуан. Мысалы: таза ыдыс, ұзын сызғыш т.б.

72-жаттығуды 1-оқушыға оқыта отырып, талдау жұмыстарын жүргізу. Қабыршақты, әдемі, тұщы, ащы, баяу, қалың. 73-жаттығуды тақтаға талдау жұмыстарын жүргізе отырып орындау. Жұмбақтың шешуін тауып, көркем етіп жазып, сын есімдердің астын сызу.75-жаттығу. Өзіндік жұмыс ретінде орындау. Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. в) сергіту жаттығуы



ҮІ. Бекіту: 76-жаттығудағы сызба бойынша алған білімдерін тиянақтау. Доп қандай? (домалақ, ала, жеңіл)

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 74 -жаттығу, 25-бет түсіндіру.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Диктант

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

Күз


Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Адамдар да қысқа дайындық жұмыстарын бастайды. (46 сөз)

Тапсырма 1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз. 2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз. 3. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.



ІҮ. Үйге тапсырма: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

13 Тақырыбы: Сан есім



Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сан есімнің сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 74-жаттығу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 77-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Өлеңнен қандай сан есімдерді таптыңдар? (үш, бір) Бұл сөздерің қандай сұрақтарға жауап береді? ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: К к К к

78-жаттығу оқу, талдау. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшіру, сол сөздерге сұрақ қою, астын сызу.

79-жатығу жұмбақты оқу, шешу. Қос сөзін қандай сан есіммен ауыстыруға болады? 80-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, екінші шумағын жатқа жазу. 81-жаттығу. Жұмбақ есептің шешуін табу (барлығы 4 мысық отыр). А.Байтұрсынов кім болды? Оның қандай еңбектері бар? в) Сергіту жаттығуы

ҮІ . Бекіту: 82-жаттығудағы көлшіктерге тиісті сан есімдерді орналастыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбында шағын шығарма жазу. ІХ. Оқушыларды бағалау

14. Тақырыбы: Сөйлем



Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту; адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: сызба, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Менің сыныбым» тақырыбында шағын шығарма жазғандарын тексеру, оқу, талдау, сан есімдерді табу. 2. Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың тақырыбына сәйкес ертегі айту.

Ерте, ерте ертеде, Синтаксис деген үлкен елде Сөйлем деген қария өмір сүріпті. Ол қарияның үш ұлы болыпты. Үш ұлы үш түрлі болған екен. Үлкен ұлы бар ісіне тиянақты, тыңғылықты, екіншісі тек сұрағанды жақсы көреді, ал үшінші ұлы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейтін ерке болыпты. Қария ұлдарының үш түрлі мінезді болғандығына қарамастан бір мәтінде үлкен ақылмен жұмсай біліпті.

Бұлар қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар? Олардан кейін қандай тыныс белгілер қойылады?

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 83-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен, мәнерлеп оқу, талдау. Атасынан өмірдегі ең мықтының кім екенін сұрады. Өмірде шындықты айтатын адам мықты. Атасынан өмірдегі әлсіздің кім екендігін сұрады. Әлсіз адамдар надан, жалқау, шыдамсыз болады. Өмірде елді аман сақтай алмайтын адам жаман. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Қ қ Қ қ Қоян

Мәтінді тиісті тыныс белгілерімен толықтырып, жаңа сөйлемді бас әріптен бастап жазу.



85-жаттығу, сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгі қою.

86- жаттығу сөйлем өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу, соңына тыныс белгі қою. Оқушылармен ауызша талдап жазбаша өздіктерінен орындау.

87-жаттығуды үш қатарды үш сөйлем деп бөліп, қажетті сөйлемді атау, талдау. в) Сергіту жаттығуы

ҮІ. Бекіту: 89-жаттығу. «Қонақтар келді» сөйлемі қандай сөйлем дәлелде.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай болып бөлінеді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 88-жаттығу, 29-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

15. Тақырыбы: Сөйлемдердегі сөздердің байланысы



Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы берілген ұғымды тиянақтау, кеңету; сөйлем ішінде баланысып тұрған сөздерді дұрыс табуға жаттықтыру; ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 88-жаттығуды тексеру, талдау, жаңылтпашты жатқа айту. 2. Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Сөйлемдер нелерден құралады? Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады ма? Неліктен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 90-жаттығу сөйлемдегі өзара байланысқан сөздерді бөліп жазу. Сөйлемдегі байланысты анықтау үшін не істеу керек?

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Л л Л л Лашын. 91-жаттығудағы сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып көшіру. Ауызша талдау, өздіктерінен жазбаша орындау. 93-жаттығу, берілген ребусты шешу, шыққан мақалдың мағынасын ашу. Түлік төлден өседі. Бұл мақалды қалай түсінесің?



94-жаттығу.Сөздерден Абайдың өлең жолдарын шығару, сөйлемдегі сөздердің байланысын табу. 96-жаттығу, 2 сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу.

в) Сергіту жаттығуы.



ҮІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын не арқылы табуға болады? Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен неліктен байланыста болу керек?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 95-жаттығу, 31-бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнына сай ат қоюға және мәтін түрлерін ажырата алуға мүмкіндік жасау; оқушылардың мәтінге ат қою дағдысын одан әрі дамыту, дүниетанымын кеңейту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, ребус, салынған плакат.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 8-жаттығуды тексеру, талдау, жаңылтпашты жатқа айту. 2. Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесің?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтпас бұрын оқушыларға ребус шештірту:Бірініші суретте не бейнеленген?(желім). Екінші суретте ше? (Әтеш).Үшінші суретте ше? (Тиін).Сонда қандай сөз шығады екен? (Мәтін)

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаны басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты еске түсіру.


Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)Оқулықпен жұмыс, 97-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, ат қою, негізгі ойды бөліп көрсету.

ә)Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: М м М м Майра, 98-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу (шегіртке), жатқа жазу. Бұл жұмбақта белгілі бір ой болғандықтан, бұл не болып табылады? (мәтін). Мәтіннің қандай түріне жатады? Сипаттау ма, жоқ әлде әңгімелеу ме? (Сипаттау).99-жаттығу. Тақырыбы: «Аурудан аяған күштірек». Тірек сөздерді оқытып, жоспар құру. Жоспар:Сейітті арбаны қағып кетуі. Оның жаралануы, сынықшыға апаруы. Сейіттің анасына жанының ашуы, жыламауы. Осы жоспар арқылы оқушылардың өздеріне мәтін құрастырту.100-жаттығу сызба бойынша әңгіме құрастыру.102-жаттығу мәтінді түсініп оқу, әрі қарай жалғастыру.

в) сергіту жаттығуы.

ҮІ.Бекіту: Жаңа материалды қорыту үшін шығармашылық тапсырма орындату. Күз.

Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. Бұлардың әсем әндері естілмейтін болды. Досыңмен ажырасатын сағат таяғанына жабырқадың ба? Бозторғай да әндетіп сайраудан қалды. Қаздар мен тырналар жылы жаққа кетіп жатты. Бозторғай өзі ұя салған жеріне алғыс айтуға келді. Бозторғай мекенімен қоштасты. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Әр бөлікке ат қою. (Суық күз. Құстардың қоштасуы).Мәтін дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады? Мәтіннің әр бөлігі немен ерекшеленеді?



ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 101-жаттығу, 33-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, жеке суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 101-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2.Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлеу адамдар үшін қажет пе? Неліктен? Сөйлеусіз адамдарға қандай қиын екенін түсінесіңдер ме? Сөйлеу адамға ғана тән нәрсе.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) Оқулықпен жұмыс. Негеш пен Білгішбек әңгімесін оқу,

талдау.Тіл арқылы сөйлеседі, хабар береді, пікірлеседі, білмегенін сұрайды, кеңеседі.

Сөйлеудің екі түрі бар: ауызша және жазбаша.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: Н н Н н Нар.1-жаттығу. Суретпен жұмыс. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?



2-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақтан неге мәз болды? Шынында құстар, аңдар сөйлей алады ма? 3-жаттығу мәтінді түсініп оқу, талдау, соңғы екі сөйлемді көшіру.4-жаттығу Ауызекі сөйлеу: телефон, магнитафон, микрофон. Жазбаша сөйлеу: журнал, кітап, газет.

в) сергіту жаттығуы.



ҮІ.Бекіту: Алыстағы туыстарыңа хат жазып көрдің бе? Ол сөйлеудің қай түріне жатады? Жазбаша сөйлеу болмаса, құнды еңбектер сақталар ма еді?

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 35-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

18. Тақырыбы: Тіл және сөйлеу



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлеудің қажеттілігі, сөйлеу түрлерімен таныстыру; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

15-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2.Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? Неліктен? Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді?

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)оқулықпен жұмыс. 6-жаттығу. Берілген сөйлеу мәнерлері кімдерге тән екенін анықтау. Мысалы: Аузыңды аш, «а-а» де. (дәрігер). Ыстық самса алыңыз. (сатушы). Ойыншықтарыңды тағы шашып тастағансың ба?! (ана)

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: 7жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу, жалғастыру. Сендердің де ата-әжелерің алыста тұрады ма? Оларға хат жазып көрдің ба? Хат жазу сөйлеудің қай түріне жатады? Шығармашылық тапсырма: өзінің досыңа 4-5 сөйлемнен құралған хат жазып көр.



8-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Ата тілегін көшіріп жазу. 9-жаттығу мақалдардың мазмұнын ашу, жатқа жазу.

10-жаттығу. Суретпен жұмыс. Хат иесінің жазғанын қатесіз жазу.

в) сергіту жаттығуы.



ҮІ. Бекіту: «Кім жылдам?» ойының өткізу. Ойынның шарты: тірек сөздерді пайдаланып жазбаша және ауызекі сөйлеу жасау. Тірек сөздер: ойын, дала, қызық.(ауызекі) Тірек сөздер: ауа-райы, бізде, ата. (жазбаша)

ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 11-жаттығу, 37-бет.

ІХ.Оқушыларды бағалау


Тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1.

11-жаттығу тексеру, оқу, талдау. 2. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Тақырыпқа сай ертегі айту. Дыбыс және әріп.

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, керемет ғажап әлемде үлкен «Қазақ тілі» деген ел болыпты. Бұл елдегі барлық тұрғындар тату тәтті тұрыпты. Күндердің күнінде дыбыстар орманнан әртүрлі дыбыстар шығады екен.

- А-а, о-о, у-у, ы-ы – деп әртүрлі дыбыстар шығарады. Сөйтсе, Жалмауыз кемпір дыбыстар мен әріптердің барлығын ұстап алып жібермей жатыр екен.

Әріптер өздері дыбыс шығара алмайтындықтан, дыбыстардан өтініпті сендер бізге көмектесіп жазылған сөздерді дыбыстап беріңдерші өтінеміз: «Көмектесіңдер».

Бұл сөзді естіген дыбыстардың қайратты ұлдары екен. Дыбыстардың екі ұлы болыпты, бірі дауысты, бірі дауыссыз. Дауысты дыбыстан тараған балалары: жуан және жіңішке. Дауыссыз дыбыстың үш ұлы бар екен, олар: қатаң, ұян, үнді. Осы ұл балаларына аталарының қауіп қатерге түскендігін естіп көмекке барады:

- Сонда жуан дауысты даусын жуан шығарып:

- Ой, Жалмауыз біздің аталарымызды шығар деп, - дауысын жуан қылып шығарып айтады.

Жіңішке дауысты:

- Иә, тезірек шығар, - деп үлкен ағасын қоштап отырады екен.Қатаң өте қатаңдықпен:

- Қазір сен оларды босатпасаң мына жердегі барлық заттарынды алып кетеміз. Солай ғой ұяң.

Ұяң дауыссыз үндемей тұрып қалды. Үнді дауыссыз ең кенже болғандықтан шыдамай үн шығарып жылап жібереді.Жуан дауысты дыбыс шыдамай:

- Ой, кемпіржан сен де бізден құраласың ғой. Кемпір деп жазсақ сен әріптерден, ал егер оқысақ дыбыстардан құралғансың.Ал егер дыбыстық талдау жасасақ, онда алдыңдағы тұрған біздер де шыға келеміз.

- Жалмауыз кемпір ойланып тұрып:

- Жарайды, мен сендердің аталарыңды жіберемін бірақ сендер мені қандай дыбыстардан тұратынымды, мен қалай жазылатындығымды жазып беріңдер. Әйтпесе мен әріптерді танымаймын ғой. Ал аталарынды үйретсін деп алсам, біз үйрете алмаймыз деп айтты. Енді мен түсіндім, үйрету үшін сендердің барлықтарын қажет екен ғой.

- Ал, дыбыстар барлығымыз кемпірге көмектесейіп, жарайды ма?

- Алақай! - деп қуанды кемпір.

- Балалар, бізде көмегімізді аямайық. Кемпір сөзін талдап көрсетейік.

Кемпір сөздіне дыбыстық талдау жасату.



- Ал, балалар енді ой түйіп, қорытынды жасайық.



2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуды оқу, талдау. Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: ң ң ң аң. 2-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, соңғы екі жолындағы сөздерге дыбыстық талдау жасау. 3-жаттығу «Адасқан буындар» ойынын өткізу. Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді.



4-жаттығудағы ат әбзелдерін әліпби бойынша тізіп жазу.

5-жаттығу.Сөздерді оқу, мағынасын ашу, кестеге орналастыру. 6-жаттығу Әріптерді топтап жазу.

8-жаттығу Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу. Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу.

в) сергіту жаттығуы.

ҮІ. Бекіту: 9-жаттығу Дыбыстық талдау бойынша сөздерді тауып жазу, олармен сөйлем құрастыру. Қоян, аю, қалам.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 39-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Э дыбысы

Сабақтың мақсаты: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығу Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор. 2-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу. Жатқа жазу, э және е дыбысы бар сөздердің астын сыз. 3-



жаттығу. Көшеде электр шамы жарқырайды. Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Бәрінен де эстафета ойнау қызық болды. 4-жаттығу. Сөздердің мағынасын ашу, жазу. 5-жаттығу Жұмбақтың шешуі: Электр. 7-жаттығу. Жұмбақ құрастыру. 8-жаттығу «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

в) сергіту жаттығуы. ҮІ. Бекіту: Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)

Электр шамы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.



ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу,

ІХ. Оқушыларды бағалау


Тақырыбы: В дыбысы

Сабақтың мақсаты: В әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

В дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ол в сөздің қай бөлігінде болады?



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Өлеңді оқу, жаттау, мәнерлеп айту. В дыбысының айтылу ерекшелігін айт. ә) дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу. Мәтінді көшіру. Мәтінде қандай өсімдік туралы айтылған? В әрпі бар сөздердің астын сыз. 3-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тірек сөздерге сүйене отырып табу. Аквариум сөзін қатыстырып сөйлем құрау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет