Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ- жауап



Дата26.08.2017
өлшемі38,03 Kb.
#27878
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Сабақтың мақсаты: 1) Балаларға сөйлем түрлері оның ішіндегі сөздердің байланысы туралы мағлұмат беру. Сөйлемдегі әр сөзге сұрақ қойғызу арқылы олардың байланысын түсіндіру.

2) Ой өрісін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3) Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақты ң көрнекілігі: суреттер, слайд, тапсырмалар, оқулық, Тест жұмысы.

Сабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру: 1.оқушылармен амандасу, құрал жабдықтарын әзірлеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Психологиялық дайындық

Көңіл-күйлерін сұрай отырып,

бес саусақты көрсете отырып

қошемет көрсету.



ІІ. Өткен сабақты пысықтау:

1. Тест тапсырмалары.

1. Сөйлем түрлерін көрсет.

а) әңгімелеу б) хабарлы, сұраулы, в) мәтін

2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

а) үшке б) төртке в) екіге

3. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) кійік б) кйік в) киік

4. Сөйлемді аяқта. Айнұр сабақ оқып ........... .

а) жүгірді б) отырды в) тұрды

5. Мәтінді көрсет.

а) Оқушы отырды.

б) Оқушы отырды. Машина жүрді.

в) Балалар баққа келді. Бұта түбінен қоянды көрді.

Олар қоянды ұстамақ болды. Қоян қаша жөнелді.

2. Кітап суреті көрсетіледі. Бұл не? ( Кітап)

1 топ: Дыбыс дегеніміз не? Кітап сөзінде неше дыбыс бар? (ауызша дыбыстық талдау жасау)

2 топ: Кітап қандай? Сөйлем дегеніміз не? ( ауызша сөйлемді талдап өту)

3 топ; Кітап неден жасалады? Сөйлем түрлеріне тоқталу.



Дәптерді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз. Сынып жұмысы.

Көркем жазу: Кк . кітап

Кітап сөзіне сөйлем құрау: Балалар кітап оқыды. (осы сөйлемде неше сөз бар? Олар қалай байланысып тұр? (оқушылардың өздеріне талдау жасата отырып ережені қайталау)



Ереже: Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Сурет бойынша жұмыс.( мазмұнды сурет бойынша сөйлемдер құрату арқылы сөйлемдердің байланысын түсіндіру)

2.Зерттеп біліп ал айдары:

Оқулықпен жұмыс



212 жаттығу ( сөйлемдерді оқып, ондағы сөздердің байланысын табу. Сөздердің байланысын сызып көрсету, ауызша талдау,тақтаға жазып көрсету)

213 жаттығу ( Мақалды оқып, жатқа жазу. Сөздердің байланысын сызып көрсету. Мақалдың мәнін қалай түсіндіңдер? өздік жұмыс)

3. Сергіту сәті.



214 жаттығу. Ішіне сыртына стратегиясы: ( жеке сөздерді бір бөлек, өзара байланысқан сөздерді бір бөлек топтастыру)

4. Тапқырлық таныту айдары:

Ой қозғау.

1 топ: Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін-бірі көрмейді? ( көз)(сөйлем құрастыру)

2 топ: Қорқақ аң. Ол қандай аң? (қоян. сөйлем құрау)

3 топ: Өзі дыбыс шығармайды,ал бәрін естіп тұрады. Ол не? (құлақ) ( сөйлем құрастыру)

5. Сауатты жазу айдары. ( Қыс мезгілі туралы ойларын сұрап өту. Тақтаға жазып сөйлемдердің байланысын сызба арқылы көрсету)

Қыс мезгілі келді. Күн салқындады.Қар жауды.



6. Шығармашылық диктант: Нүктенің орнына сөз тауып жазу.

1 топ: Ердос пен Елдос ...... аулауға барды.

2 топ: Аспанда .......... қалықтап ұшып жүр.

3 топ: Қыста орман іші ......... кетеді.



ІҮ. Қорытынды.

Түйінді сөз айдары.

Сұрақ- жауап.( иә, жоқ деп жауап беру)

Иә, жоқ.

1 топқа: Сөйлем сөзден құралады. (иә)

Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылмайды. (жоқ)

2 топқа: Сөз буыннан құралады. ( иә)

Сөйлемнің бір ғана түрі бар. (жоқ)

3 топқа: Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады. ( иә)

Сөйлем мәтіннен құралады. ( жоқ)

ҮІ. Ү. Үй тапсырмасы 78 бет 216 жаттығу.



Бағалау.
Сабақты аяқтау. Балалар таяуда қандай мереке болады?( тәуелсіздік мерекесі)

Желтоқсанның нешесінде?( 16.12)

Тәуелсіздігімізге неше жыл?(24)

Ендеше сабақты мына өлең жолымен аяқтайың.

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі дегендей Бүгінгі сабақта маған ерліктеріңді ,білімдеріңді көрсеткендеріңізге көптен көп рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 03fe
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03fe -> Сабақтың тақырыбы: «Менің бос уақытым»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет