Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, баяндау, слайд, пікірлесу т,б



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі394,75 Kb.
#18014
түріСабақ
  1   2
Күні: 3.11.2015жыл

Сыныбы: 9 «а», 9 «ә»



Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру

Мақсаты: Қазақстандағы индустрияландыру саясаты туралы тұтас түсінік қалыптастыру.

а/ Тақырыпты түсіндіре отырып, бірінші және екінші бесжылдықтағы жетістіктермен қазақ халқының ерен еңбегі туралы білімдерін толықтыру

ә/ Елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып ұлтжанды азамат тәрбиелеу

б/ Ойлау қабілеттері мен тіл мәдениеттерін қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, баяндау, слайд, пікірлесу т,б.

Көрнекілігі: тірек сызба, кесте, қажет материалдар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру: Амандасу, назарларын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Маңызды жеті сұрақ»

  1. Кеңес үкіметі жүргізген экономикалық саясаттар қалай аталады?

  2. Жаңа экономикалық саясат жылдарында қандай өзгерістер болды?

  3. Жетісудағы жер-су реформасының маңызы неде?1921 жыл жер су реформасы енгізілді.қазақ еңбекшілеріне олардан тартып алынған жайылымдар мен мал айдайтын жолдар қайтарылды.Кедейлер батрақтар жерге ,малға ие болды.

4.1921-1922 жылдардағы аштықтың салдары? 1921 жылы ЖЭС –ке көшудің қиыншылығымен бірге қуаншылық болып, малдың 80 пайызы қырылады. 1921 жылы қараша -1млн 508 мың

1922 жылы- 2 млн 303200 адам. Орал, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор.

5. «Қосшы одағы» міндеттеріне не жүктелді? Белсенді қайраткерлері О. ЖандосовА. Розыбакиев болды. Кедейлерге жер беру, еңбекшілердің сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

6. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері?

7.Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері қандай болды?

«Жылдар сөйлейді»


  1. 1921жыл, 20-шы наурыз

  2. 1924жыл

  3. 1922-1924жылдар

  4. 1921жыл, қаңтар

  5. 1920 жыл, 26 қаңтар

  6. 1925 жыл


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Ой шақыру (сурет көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтау)

Жоспары:

  1. Елді индустрияландыруға бағыт алу және оны қиыншылықтары.

  2. Қазақстан индустриясының жетекші объектерін жүзеге асыру.

  3. Қазақстандағы индустрияланырудың ерекшеліктері.

  4. Қазақстандағы табиғи байлықты зерттеу және игеру

Термин сөздер:

  1. Интеллегенция (Зиялы қауым өкілі)

  2. Бюрократия (Қоғам мүшелерінің белгілі бір артықшылығы бар өкімет аппаратының көмегімен асырылатын басқару жүйесі)

  3. Шовинизм ( Ұлтшылдықтың шеттен шыққан түрі)

  4. Инвестиция (Шетелден қарыз алу)

1. 1925 ж жетекші билеуші партияның ХІV съезі өтіп елді индустрияланыру бағытын жолға қойды. Бұл бағыт бойынша ел аграрлық даму бағытынан өнеркәсіптің дамуы бағытына ой тастады.

Ол кезде халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Өнеркәсіп өндірісі тұтас алғанда соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ына ғана жетті .

Қазақстан экономикасында бұрынғышынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпы өнімнің 84, 4 % тиетін, халықтың 90% - і ауылды жерлерде тұратын. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығымен қатар келіп, қиыншылықтармен жүзеге асты. Осыған қарамастан 1925 жылы желтоқсан айында Партияның ХІҮ сьезі болып индустрияландыру бағыты жарияланды.



Индустрияландыру - халық шаруашылығының барлық салаларын техникамен жабдықтау, инфраструктураның дамуы.
КСРО үшін индустрияландырудың қажеті
















Оның жер қайнауының әлі де толық зерттел-

мегендігі мен түсіндіруге болады.



Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған.

Қазақстанның экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі басым болғандықтан.

Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы өзгерістердің әсері әлі сезіле қоймаған болатын.

Ұлттық инженер- техник саусақпен санарлықтай болды. Жұмысшы тобының саны аз еді.



Шахталар мен кеніштерді толық іске қосуды.

Халақ шаруашылығының мұқтажына қажетті теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыруды.

Бұған жергілікті халық өкілдерін кеңінен тарту арқылы жұмысшы тобы мен өндірістік- техникалық зиялы қауымды қалыптарстыру қажет болды.

Алғаш индустрияландыру шаралары




  • Жезқазған,Ұлытау, Байқоңыр аудандарында іздеу- барлау жұмыстары жүргізіле бастады.Нәтижесінде Жезқазған, Қарсақбай, Қияқты, Қорғасын кен орындарын зерттеу ісі басталды.




  • Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев Теміртаудан ең ірі зауыт салу қажеттігін дәлелдеді.Сонымен қатар Жезқазған мыс кен орны ашылды.

  • 1931 жылы Түркісіб теміржол құрылысы аяқталды. Мерзімінен бұрын аяқталуына Т.Рысқұлов түрткі болды.

- 1927 жылы Петропавл – Көкшетау теміржолы салынды.

- 1934 жылы Ащысай полиметалл кенбайыту фабрикасы, Семейде ет, Гурьевте балық-консерві,Меркі мен Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды.


  • 1939 жылы Ақмола – Қарағанды, Ильецк-Орал, Рубцовск- Риддер темір жолы салынды.

  • 1940 жылы Қарағанды- Жезқазған жолы салынды. т.б.



Қазақстандағы индустрияландыру


Нәтижесінде Қиндықтары

Зардабы





Каталог: uploads -> doc -> 11ea
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11ea -> Сабақтың тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы
11ea -> «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылымдар бойынша рефлексивті есеп


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет