2. Елді индустрияландыру туралы жаңа саясатты жүргізу үшін темір жол салу ісін жалғастыру қолға алынды.
220 мың кв.км – аумақты алып жаткан Жетісу өлкесінде бірде-бір темір жол болмады. Мұның өзі ауыл шаруашылыкты,өнеркәсіпті дамытуға тежеді.
Қазақстан индустриясының жетекші объектілері. 1927 жылы Түркістан – сібір теміржол магистралі саласына бастады. Бұл теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді.
Түрксіб теміржол құрылысының басшылары:
В. С. Шатов – құрылыс бастығы,
Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,
Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.
Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді– орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар , татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы , құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.
1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.
1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді.
Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.
3. Индустрияландырудың ерекшеліктері. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.
Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды.
Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.
Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.
Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.
Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.
Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды.
1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.
1939 жылы республикадағы қала халқының саны 375000-ға дейін жетті.
4. Қазақстандағы табиғи байлықты зерттеу және игеру
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді.
Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы түрлі көзқарастар болды. Бірулер « түйеден социализмге » өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен завоттар салу шамадан тыс нәрсе болып табылды, « Қазақтармен өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсың » және т.с.с. түрлі айтыстар болды. Ірі саяси қайраткерлер С.Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және т.б бұған қарсы шықты. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден бастауы КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы- 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспидициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды.
Қазақстан өнеркәсіп
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту
«Біле жүрейік»
1. Индустрияландыру
2. Урбанизация
3. 1925жыл БК/б/ П-ның ХІҮ сьезі
4. 1926-1940 ж.ж.
Тарихи сынақхат
Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті ....... зерттеуден басталады.
Түрксіб темір жолы ........ жылдан бастап салына бастады.
Оның құрылысында ....... еңбек етті.
Түрксіб темір жолы белгіленген бес жылдың орнына .... салынып бітті.
Төмендегі сөздерді кімдер айтқан?
Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деп тұжырым жасаған кім?. (Академик Н.С. Курнаков)
Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп айтқан . (Академик И. М. Губкин)
Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді. (Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев
"Блиц-ринг"
1.Қазақстандағы индустрияландыру ісі басталды:
2.Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
3.И.М. Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңірі:
4.Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
5.Н.С. Курнаков: Қазақ жері
6.Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берген:
7.Түрксіб темір жолы салына бастады:
8.Түрксіб темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:
9.Қатардағы жұмысшыдан,Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілген басшы:
10.Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:
|
|
Үй тапсырмасы: 16-17 оқу Түрксіб темір жолының жетекшілері Т Рысқұлов, М.Тынышбаев жөнінде мәлімет жинау, реферат жазу.
Бағалау:
« Зиялылар » тобына
Даталар сөйлейді.
1928-1932 жж
1925-1933 жж
1930ж. 20 сәуір
Тарихи сынақхат
Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті ....... зерттеуден басталады.
Түрксіб темір жолы ........ жылдан бастап салына бастады.
Оның құрылысында ....... еңбек етті.
Қорытынды:
Бекіту:
1-ші кезең
«Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын»
«Ой толғау»
Индустрияландырудың зардаптары туралы баяндау және тірек сызба арқылы дәптерге түсіру.
2- тапсырма
Бірінші бесжылдық Екінші бесжылдық
Нәтижесі
2- ші кезең
«Іздесең табасың, талаптансаң жетесің»
Кілт сөздер
Индустрияландыру
1920жыл
1925жыл БК/б/ П-ның ХІҮ сьезі
“Бесеудің хаты”
Көшкінбаев кім?
С.Садуақасов
Урбанизация
2- ші тапсырма
«Өзін-өзі тексеру» тестісі. Алған білімді нақтылау мақсатында.
Қорытынды:
Қазақ зиялылары мен олардың индустрияландыруға көзқарасы?
Индустрияландыру жылдарындағы маңызды нысандарды атаңдар.
Жұмыс күші проблемасы неден туындады?
Индустрияландыру қарсаңында өндіріс жағдайы қандай болды?
Үйге: § 11. “Туады ерлер ел үшін” қуғын сүргін құрбандарына арнап эссе жазу.
Бағалау:
М.Тәжин атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру
Өткізген:Әбдіғалиева Айсана Нағашыбайқызы
2011-2012 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |