Әділ қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтағанша жұмбақтар шешейік. Жұмбақ айтам сіздерге
Жауабын айт көрермен
Тура тапқан адамға
Әділ баға берем мен.
Онсыз астың дәмі жоқ
Онсыз өмір сәні жоқ.
Ащылығы көп болса да
Бізге берер нәрі жоқ. (NaCl) Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы, бұл кай элемент?
(бор-боран) Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. (азот)
Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменін өлшемі. Ал – өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы, бұл кай элемент? (селен)
Жазылуым бойынша оқысаң-элементпән, керісінше оқысаң-өткізгішпін. Ойландаршы, сонда мен кіммін. (мыс-сым)
Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!