Сабақтың түрі: жарыс сабақ. Құрал-жабдықтар: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, слайдтар, ойынға арналған құралдар



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі24,63 Kb.
#93993
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білгір химиктер


«Білгір химиктер» интеллектуалдық сайысы.
Іс шараның мақсаты:
білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру;
дамытушылық: оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту;
тәрбиелік: ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, слайдтар, ойынға арналған құралдар.
Іс шараның барысы
І. Ұймдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) ойынға дайындалу.
ІІ. Жүргізуші. Құрметті оқушылар мен ұстаздар, сегізінші сыныптар арасында өтетін «Білгір химиктер» сайысын ашық деп жариялаймыз.
Тапқыр,білгір дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Химия пәнін сүйсен сен
Ортаға сал барыңды.
Кел, келіңдер, сайыскер,
Көрермендер, жанкүйер.
Әділдікпен жарысайық,
Бұл сайыстан қалыспайық.
Өнерлі топтар бүгін ортамызда,
Командалар сәлем берер баршамызға.
Қол соғып біз оларды қарсы алайық,
Айтқандарын тыныштықпен біз тыңдайық!
Ортаға 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушылары сайысқа шақырылады.
Сайыста:
1. «Зымыранды сұрақтар»
2. «Лаборанттар сайысы»
3. «Кім жылдам?»
4. «Полиглот»
5. «Есептер сыры»
Ойын нәтижесін қорытындылау.
Командаларды таныстыру.
І топ «Тапқырлар» - 8А ІІ топ «Ойшылдар» - 8Ә
Топ жетекшілерін тандау.
Әділ қазыларды тандау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет