ІІІ. «Кім жылдам?» Топ болып химиялық элемент таңбаларын қағазға жазады. Кім ең көп және ең тез жазса сол көп ұпай алады. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыт 1 мин.
1 топ: натрий, азот, хлор, оттек, йод, кальций, литий, алтын, темір, фосфор.
2 топ: күміс, сутек, магний, кремний, бром, қорғасын, алюминий, мырыш, калий,көміртек.
Дұрыс жауаптар:
1топ: Na, N, Cl, O, I, Ca, Li, Au, Fe, P.
2 топ: Ag, H, Mg, Si, Br, Pb, Al, Zn, K, C.
ІV. «Полиглот»
Қай топ оқушылары бірінші болып қол көтереді сол топ жауап береді. Жауабын үш тілде айта білуі керек. (қазақша, орысша, латынша). Әр тілде айтқаны үшін бір ұпай беріледі.
.........қызған кезде соқ.
Жауабы: Темір, железо, феррум.
Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.
Жауабы: Қорғасын, свинец, плюмбум.
Жылтырағаннын бәрі ........емес.
Жауабы: Алтын, золото, аурум.
Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.
Жауабы: Күкірт, сера, сульфур.
Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.
Жауабы: Алюминий,алюминий, алюминиум.
Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум.
Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық
Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,
Көрсететін суықты , жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып.
Жауабы: Сынап, ртуть, гидраргирум.
Алтын .......тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.
Достарыңызбен бөлісу: |