Ойын барысы І. «Зымыранды сұрақтар» Әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап бере алмаса екінші топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Ең қиын жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортада, шықсын енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
1 топ сұрақтары:
1. Атомдардың әр түрінен тұратын зат? (күрделі зат) 2. Коэфициент нені көрсетеді? (молекула және атом санын) 3. Элементтердің басқа бір элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті. (валенттілік) 4. Химия нені зерттейді? (заттарды, олардың қасиеттерін, өзара айналуларын) 5. Екі немесе одан көп заттардан тұрады? (қоспа) 6. Денелерді құраушылар? (заттар) 7. Қанттың судағы ерітіндісі қандай қоспаға жатады? (біртекті) 8. Сүттің ашуы қандай құбылысқа жатады? (химиялық құбылыс) 9. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (атом) 10. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы? (16) топ сұрақтары:
1.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? (молекула) 2.Бірдей атомдар түрінен тұратын зат. (жай зат) 3.Атомдардың белгілі бір түрі. (химиялық элемент) 4.Индекс нені көрсетеді? (атом санын) 5.Қорғасынның балқуы қандай құбылысқа жатады? (физикалық құбылыс) 6.Айдау әдісімен қандай қоспаны бөлуге болады? (біртекті қоспаны) 7.Жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, иілгіш жай заттар. (металдар) 8.Әртекті қоспаларды бөлу әдістері. (тұндыру, сүзу) 9.Химиялық реакциялардың белгілері (жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі) 10.Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы. (12)