Сабақтың тақырыбы:Ө.Тұрманжанов.Туған өлкем. О-Өжұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ақын жайлы қысқаша мәлімет беру, өлеңді түсініп, дауыстап , мәнерлеп оқыту арқылы оның идеясын ұғындыру.
2.Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру,олардың ойлау қабілеттерін ,сөйлеу мәдениеттерін сөздік қорын молайтып, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық қарым-қатынасқа үйрете отырып,өз елін ,жерін сүюге қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Кіріккен сабақ.
Сабақ әдіс: –тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,музыкамен сүймелдеу.
Технология: СТО технологиясы.
Пән аралық байланыс: Дүниетану. Музыка, матем, ағылшын
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар,ақынның суреті. Құлыншақтар ойыншығы,карточкалар.
Ұйымдастыру бөлімі:
Қызығушылығын ояту.
Ойын : 1Түстерді таңдау.Екі топқа бөлу.(Ептілер, Ізденгіштер.)
Балалар бәріміз ортаға шығамыз қане.
Арта қонақтарымыз келіп отыр әуелі солармен амандасып алалық. Енді мына алдымызда тұрған түстерді таңдап алайық.(Кімге қандай түс ұнайды?)
-Өте жақсы.Екі топқа бөлініп отыра қоялық.
-Балалар көк түсдеген өте өзіне сенімді,тек алға ұмытылатын ,тазалықты жақсы көретін адамдар қатарына жатадекен.
-Ал енді қызыл түс бұл алдарына мақсат қойғыш ,көңіл –күйлері бір қалыпта ,әдемілікті жақсы көретін адамдар қатарына жатады екен.
-Ал енді сол жақсы қасиеттерімізді көрсетеміз бе?
-Олай болса мына алдымыздағы ауылдарға саяхатқа шығамыз.Әр ауылда бізге берілген тапсырмалар бар,соны орындалық және ұпай жинаймыз өз тобымызға
-Ол үшін алдымыздағы құлыншаққа отырамыз.
Екі бала шығып отырады да тапсырманы алып орындарына барады.(Айша музыкамен сүймелдейді.)
-Ал енді қандай тапсырма дайындап қойған екен оқып жіберелік. Абай ауылының тапсырмасын оқиды.
Сұрақ-жауап.
-Сөз неден құралады?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар неше түрге бөлінеді? -Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?( 10 м)
-Үй тапсырмасы: Отан өлеңін жатқа айту.(2шумақ айту.)
-Топқа ұпай беріледі.
-Балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіздер?
-Енді келесі Ыбырай ауылынан тапсырма аламыз.Екі бала атқа мінеді.
-Оқулықпен және дәптермен жұмыс жасаңдар дейді.
-Жаңа сабақ.
-Дәптерімізді ашамыз күннің жадын жазамыз.
-Туған өлке өлеңін өзім оқып беремін. Музыка сүймелдейді.
-Талдаймыз.Бұл өлеңнің авторы Ө.Тұрманжанов.
-Слайдтан суреттін көрсетемін. Шымкент обылысы. Бөгенбай ауданы.Жалғызағаш ауылында дүниеге келіпті.Жазушы, ақын.
-Сөздікпен жұмыс. Жұпар- иісі аңқыған. Көркем- сұлу.
-Балалар осы өлеңде О-Ө дыбыстары келетін сөздерді атаңдаршы.
-Мыс: көркем,төккен, көгінде,осы .Қалай айтылып тұр.
-59-жаттығу.Жұмбақты көшіріп . Шешуін табу.(Көкек.)
-60-жаттығу.Орыны тап.Сөйлем құру.
-Мен анама гүл сыйладым.
-Қарылғаш балапандарына тамақ берді.
-Бал арасы гүлге қонды. Тс с.
-Өте жақсы балалар.(Ұпайларын беремін.)
-Келесі Мұқағали ауылындағы тапсырманы алып қайтамыз.
-Бұндағы тапсырма сіздерден ағылшын тілінен туған жер туралы қандай өлең жаттадыңдар деп сұрайды
-Сіздердің ағылшын апайларыңды шақыруға тура келіп тұр.
-(Жұмашева.А Б Өзі баға береді.)7м.
-Соңғы ауыл Жамбыл ауылы мұнда сіздерге сыйлық бар.
-Туған жер. Әнін үйрену.(Жұмашева. А С)7 м.
-Сергіту сәті.
-Мақал- мәтел сұралады.
Қорытынды: Сұрақ-жауап.Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу.
Туған өлкем -өлеңінің авторы кім?
Туған жерді тағы қалай атауға болады?
Бағалау. Жинаған ұпайларын есептеп айтамын да қай топ жеңісте болғанын баяндаймын. Әр топ белсенділеріне топтағы оқушыларды бағалауға мүмкіндік беремін.(6мин)
Достарыңызбен бөлісу: |