Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Көрнекілігі: қималар, үлестірмелі қағаздар



Дата22.06.2017
өлшемі25,1 Kb.
#19575
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі 3 сынып Ак - 2014 44 бет
Есімдік 4 сынып Ак – 2015 50 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы түсініктерін бекіту және есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, тілін, жылдам ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ынтымақтастыққа, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру ажырату.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Көрнекілігі: қималар, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру


Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Жан – жағыма нұр шашып
Арайлап жарқын таң атса
Жер бетінде жайқалып
Жадырап өссе әр бала
Кездескенде достарым
Құшағымды кең аштым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


Дәптерлерін жинап алу.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
«Иә - жоқ»ойыны
1. Зат есім, сан есім – сөз табы. (иә)
2. Екі, жүз, елу – зат есімге жатады. (жоқ)
3. Зат есімнің сұрақтары Кім? Не? Кімдер? Нелер? – (иә)
4. Сан есімнің сұрақтары – Қандай? Қай? (жоқ)
5. Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғауы дейміз – (иә)
6. Сан есім дара, күрделі болады. (иә)
7. Тәуелдік жалғауының 3жағы бар.(иә)
8. Добым, кітабым - 3 - ші жақта тәуелденіп тұр.(жоқ)
9. Жетпіс бес, жүз отыз бір – дара сан есім (жоқ)
10. Алма, ағаш, мұғалім – зат есімге жатады. (иә(
11. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады. (иә)

ІҮ. Жаңа сабақ


3 сынып 4 сынып
Өзіндік жұмыс
Менің інім, дәптерім
Сенің...,...
Сіздің...,...
Оның...,...
2 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табу.

Балапан ауладан дән тауып алды. Ол қайырымды еді. Ешқашан жалғыз өзі ештеңе жеген емес. Барлығын да бауырларымен бөлісе салатын. Ол енді дәнге қарады да, ойланды: Дән өте кішкентай. Оны біреуіміз ғана жеуіміз керек. Дәнді жерге көме тұрайын. Ал өзім тағы да дән іздейін. Сонда бәрімізге бірдей жетеді.


Балапан сөзінің орнына ол сөзі қолданылып тұр. Ол сөзі зат есім орнына жұмсалып есімдік қызметін атқарып тұр.
Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, өзі, бұл, сол, анау, мына, кім, не, қанша, бірнеше, бәрі, ешкім, ешбір, ешқашан, кейбір, әркім, әрқашан.

1 - жаттығу (ауызша талдау)


2 - жаттығу (өз бетімен жазу)

Сергіту сәті


Ал қанеки тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.

3 - жаттығу (тақтамен жұмыс)


4 - жаттығу (ауызша)
5 - жаттығу өз бетімен жазу
Жеке жұмыс
1. Жұмбақты көшіріп жазып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын белгіле.
Қызық екен мұнысы
Секілді аттың тағасы.
Секілді күннің інісі,
Жұлдыздың бірақ анасы. (... )

2. Мақалды көшіріп, тәуелдік жалғауы бар сөздерді тап.


Ынтымақ – ырыс қазығы.

Денсаулығың сай болса,


Көңілің де жай болар.

3 - жаттығу өз бетімен жазу


4 - жаттығу өз бетімен жазу
5 - жаттығу ауызша талдау

Топтық жұмыс


1. Халық шеберлерінің сәндеп, ою - өрнектеп безендірген бұйымдарының бірі - тұс киіз. Тұс киіздің көлемі керегеге тұтастай жетерліктей болып жасалады. Тұс киізді қалың киізден жасайды.

2. Жұмбақ


Бар әлемнің жылынатын оты бар,
Әрқашан да күлім қағып ол тұрар. (Күн)

3. Сөйлем құрау.


Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, олар.

Ү. Жаңа сабақты қорыту


1. Сөйлемдегі зат есімдерді көрсетіңдер.
Ауылда көктем ерте шықты.
А) ерте ә) көктем б) шықты в) ауылда

2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой.


... өзін бақытты сезінеді.
А) сен
ә) сіздер
б) ол
в) бұлар

3. Зат есімнің тәуелденуін көрсет.


А) оқушымын 
ә) әжең 
б) барамыз 
в) олар

4. Сөйлемді толықтыр.


Зат есім, сан есім, сын есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді... дейміз?
А) етістік
ә) шылау
б) есімдік
в) одағай

5. Зат есім нені білдіреді?


А) заттың белгісін
ә) заттың санын
б) заттың атын
в) заттың сынын

ҮІ Үйге тапсырма


6 - жаттығу 46 - бет 6 - жаттығу 52 - бет
ҮІІ. Бағалау

Кері қайту

Материал рейтингісі:



  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Зат есімнің тәуелденуіесімдікқазақ тілінен сабақ жоспары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет