Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. Пәнаралық байланыс: ән, қазақ тілі



Дата05.11.2016
өлшемі62,76 Kb.
#957
түріСабақ
Тақырыбы: Баубек Бұлқышев. Ана

Мақсаты: 1. Оқушыларға Баубек Бұлқышев туралы жалпы мағлұмат беру. «Ана» мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді мәнерлеп, ырғақпен оқуға жаттықтыру. 2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорларын молайту. 3.Ананы құрметтеуге, сыйлауға, өнеге тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: ән, қазақ тілі.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, тіл дамыту.

Көрнекілігі: Слайд

Сабақтың барысы:

1 слайд.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

2 слайд.

2.Өткенді қайталау. Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңін еске түсірейік.

  1. 3 бала өлең шумағын жатқа айтады.

  2. 3 бала ана тілі туралы жазған шығармаларын оқиды.

  3. Ана туралы өлең орындалады.

Ғафу Қайырбеков. Шәмші Қалдаяқов « Ана туралы жыр.»

3.Ойтолғаныс. Ауызша.

3 слайд

  • Ән кімге арналған?

«Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? ( Әр оқушы өз ойларын ортаға салады.)

- Дұрыс айтасыңдар. Ана баласы үшін өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келген сый-құрметін көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады, суретші сурет салады, сазгер ән шығарады. Яғни барлық адамзат баласы өз борышын өтеуге тырысады. Анаға арналған сондай бір шығарманың бірімен танысу үшін мына бір суретке назар аударыңдар.



4 слайд

Ескерткіштің суреті.

- Балалар мына сурет сендерге таныс па? Қай жерден көрдіңдер? Бұл кім?

- Бұл ана. Соғысқа кеткен баласын күткен ананың құрметіне қойылған ескерткіш.



4.Жаңа сабақ. –Дұрыс айтасыңдар. 1941 жылы неміс басқыншылары тыныш жатқан елімізге тұтқиылдан соғыс ашты. Елді қырғынға ұшыратқан, қаншама аналарымызды жесір, балаларды жетім қалдырған Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы 9- мамырда біздің жеңісімізбен аяқталды. Осы соғыста ерлік көрсеткен қаншама аға, апаларымыз болды.

-Сонымен қатар осы соғысқа қатысқан тағы бір аталарың бар екен. Ол жазушы, батыр Баубек Бұлқышев аталарың.



5 слайд. Өмірбаяны.

Б. Бұлқышев 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында туған. Екінші дүниежүзілік соғысына алғашқы күндерден бастап қатысқан. Көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер, 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.

Баубек көптеген өлеңдер жазып, республикалық газет, журнал беттерінде жарияланды. «Балалық шақ», «Есімде қанды жорықтар», «Айсұлу» атты поэмасы бар. Соның ішінде «Ана» шығармасына тоқталамыз.

6 слайд

Дәптерге күнді, тақырыпты жазу.



  • Баубек атамыздың «Ана» шығармасын тыңдап көрейік.

7 слайд

Таспадан «Ана» шығармасын тыңдату. Ана туралы сурет көрсетіледі.



8 слайд

5. Кітаппен жұмыс.

  1. Оқушылар іштей оқиды.

  2. Азат жолдан оқытып, талдау.

  3. Екі балаға екінші азат жолдан, дауыс ырғағын келтіртіп оқыту.

- Ананың махаббатын, тілегін теңізге теңейді. Теңіз ол шексіз, терең. Ананың балаға деген махббаты да теңіз сияқты терең, шексіз.

-Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап анамызды іздейміз. Анасыз өмір сүре алмаймыз. Ана бізге бәрінен қымбат.

- Толқымайтын жүрек, сезбейтін сезім тасымайтын қан тіркестері баланың анаға деген сүйіспеншілігін білдіреді.

- Бұл жолдарда қара көз қазақ баласына деген анасының ерекше махаббаты айтылған.

-Жылап, уанбай, шырылдап кімді іздейсіңдер?

9 слайд

6. Мағыналас сөздерді табу.

Уанбай- жұбанбай, көнбей, тоқтаусыз жылай беру.

Құндақта- жөргекте, бесікте

10 слайд.

Құндақтағы бала.



11 слайд.

Баланың өсу сатысы туралы жазу.

- 1 жасқа дейінгі жаңа туған баланы шақалақ дейді екен. 1мен 2 жас аралығын бөпе, бөбек, 2 мен 3 жас аралығын бүлдіршін, 3 пен 5 жас аралығын балдырған, 6 мен 7 жас аралығын сәби, 8-12 жастағы баланы ойын баласы, 13-15 жастағы баланы ересек бала, 16-19 жастағы баланы бозбала десе 20-30 жастағыларды жас жігіт, дүр жігіт, ер жігіт, жігіт ағасы деп атайды екен.

- Шақалақ кездеріңнен бастап ержеткенге дейін сендерді кім асырап, сақтайды?

-Ендеше сендерде тірек сөздерді пайдаланып, аналарыңа, әжелеріңе арнап өз сезімдеріңді дәптерлеріңе жазыңдар.



7. Дәптермен жұмыс.

12 слайд (Тірек сөздер: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны)

13 слайд – Жарайсыңдар! Ана деген сезімдеріңді жақсы жеткіздіңдер. Ана есімін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Жердің өзіне де Жер – ана , бізді қоршаған табиғатқа Табиғат ана, отанымызға Отан ана деп теңеу айтып жүрміз. Аналардың қоғамда алатын орны да ерекше. Себебі, ана тек баласының тәрбиелеушісі ғана емес, ол – қызметкер болып еліміздің көркеюіне де ат салысады. Осы туралы не айтар едіңдер?

- Ана-дәрігер болып адамдарды емдейді.

- Ана-мұғалім. Ол балаларға білім береді.

- Ана-актер болып өз үлесін қосады.

- Ана- әнші. Халықты әнімен тербетеді.

- Ана-жүргізуші болады. Ол халыққа қызмет етеді.

- Ана-ұшқыш. Қорықпай ұшақпен ұшады.

- Ана-спортшы. Еліміздің атын шығарады.

- Ана-Отан қорғаушы болып жұмыс атқара алады.

-Сондай-ақ аты елге әйгілі, аттары аңызға айналған аналарымыз бар. Сол жайында сендерге ізденіп келуге тапсырма берілген. Кәне, кім дайын?

- Ел бірлігін, халықтың қамын ойлаған, ақылдылығымен, әділдігімен аттары аңызға айналған Ұлпан ана, Домалақ аналарымыз болған.

- Сонымен қатар атақты, ұлы адамдарды дүниеге әкеп, тәрбие беретін де аналар. Абай атамыздың әжесі Зере мен анасы Ұлжанды, Шоқанның әжесі Айғанымды айта аламыз.

-Сонымен қатар жерлесіміз А Сейдімбековтың «Әйел-ана» шығармасында да аналардың ақылдылығын дәріптеген. Ел басына күн туып, халықтың құрып кетуіне қауіп төнген кезде, Анамыз ер азаматтарды аман алып қалудың жолын тапқан. Жаудың басшысынан рұқсат алып, арқасына көтереалатын жүктерін көтеріп үңгірден шыққан. Жүк дегеніміз ер-азаматтар болған.

14 слайд.


  • Осындай ақылды, кемеңгер аналарымыздың құрметіне арнап өлең шумақтарын құрап көрейік.

____________________________ данасың,

____________________________ панасың.

____________________________баласын

___________________________ анашым.



  • Балалар мен де өлең шығардым. Себебі мен де анамды жақсы көремін. Сендер сияқты мен де анамды құрметтеймін. (Өз өлеңімді оқып беремін)

Қорытынды.

15 слайд « Күн»

  • Бүгінгі біздің тақырыбымыз кім туралы болды?

Сызбамен жұмыс.

-Біздің анамыз күн секілді маңайына мейірім шуағын шашып тұрады. Олай болса, мына күннің айналасына аналарымыздың жақсы қасиеттері мен ерекшеліктерін жазып көрейік.



  1. слайд «Гүлдер»

- Анамызбен өткен әр күніміз біз үшін қуаныш, бақыт, мереке. Олай болса балалар анамызға арналған тағы қандай мерекені білесіңдер?

- 8 Наурыз –Халықаралық әйелдер күні. Осы күні біз аналарымызды мерекелерімен құттықтаймыз.

- Аналар мерекесінде аналарыңа гүл сыйлағыларың келе ме? Гүлдерге жасырылған сұрақтарға жауап беру.


  • Ана туралы мақал-мәтел айту

  • Сен анаңның құшағынан нені сезінесің?

  • Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі тебіренісін қалай сездің? Жазушының шығармасын оқығанда, мен де анамды қатты жақсы көретінімді сездім.

  • Анаңа қандай тілек айтар едің?

  • Анаңды қалай қуантқың келеді?

  • Ана туралы қандай өлең жолдарын білесің?

  • Мәтіндегі «Ананың махаббаты сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады» дегенді қалай түсінесің?

  • «Ана бір қолымен бесікті тербетеді, бір қолымен әлемді тербетеді» деген мақалды қалай түсінесің?

  • Жауап берген балаларға қолдан жасалған гүлдерді беру.

17 слайд.

-Аналар бастық та, әкім де бола алады. Аналар ерлік те жасайды. Қазір орындарыңнан тұруларыңды сұраймын. Ана-ұлы. Ана-қымбат, ана-құдіретті жан. Олай болса ананың құдіретіне бас иейік.



- Бүгінгі сабағымызда шығарма да жаздық, өлең де шығардық, ән де тыңдадық. Енді өз әншімізді тыңдап көрейік. Ақзеренің орындауында «Ана туралы баллада»

18 слайд.

Үйге тапсырма: Мәтінді жатқа айтуға жаттығу. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет