Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлумат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топпен, жеке оқушымен үлестірмелі перфокарталар пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар, Activote-тест құрылғылары, интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар.
Пән аралық байланыс: тарих, география, әдебиет, математика, биология
Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы