Шойыннан болат қорыту үшін шойынның құрамындағы С –тің мөлшерін 2%-ке азайтып, басқа элементтерді немесе шлак, не газ түрінде бөлу керек
Мұнда метал кесектерін және темір кеңін салып балқытады. Жоғары температурада алу үшін ауа қатысында жанғыш газды жағады. Газ жанғанда пештің температурасы 1800 градус жетіп шойын, металл кесектері, темір кені балқып кетеді де ауадағы оттегі арқылы шойынның құрамынлдағы көміртегі жанып газға, ал басқа элементтердің оксидтері шлакка айналады.
Шойынды болатқа айналдыру үшін пішіні алмұрт тәрізді конвертордағы балқыған шойын арқылы ауа үрлейді. Шойынның құрамында,ы С және басқа элементтер жанып газдар және шлактар түрінде бөлінеді., ал құрамындағы С мен басқа элемнеттер мөлшері азайған шойын болатқа айналады.
Экономист - қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі. Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар бағдарламалар әзірленді. Басқа салалардағыдай бізде де өндірістің жыл сайын жаңарып, жаңғырып жатуы қалыпты үрдіс. Онсыз болмайды. Әлемдік рынокта бәсекелестік одан сайын күшейген уақытта озық технология көмегі арқылы алға ұмтылу аса қажетті әрекет екені белгілі. Кәсіпорынды қанатында ұстаған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бұл ретте келешегін ерте ойлап, дамуға дем беруде ештеңеден аянбауы көңілге көрік береді. Демек, Магниткамызды жаңа белестер күтеді. Солай боларына да сеніміміз үлкен. Мысал үшін бүгінде өндірісіміздің тың қуат көзі – әзірлемелерді үздіксіз құю қондырғысын орнату аяқталды. Ол жылына 1,5 миллион тонна осындай өнім өндіруге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл – комбинат күш-қуатын күшейту бағытында іске асырылған маңызды жобалардың бірі. Мұндай қарышты даму кепілі еселенген жігермен еңбек етуге ұмтылдырмай қоймайды. Соның жарқын көрінісіне біздегі өндіріс ырғағы айғақ.
Болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші, кг/адам
Елдер
|
жылдар
|
1990
|
1992
|
1995
|
1996
|
1998
|
2000
|
2001
|
Дүние жүзі
ТМД бойынша
Соның ішінде:
Ресей
Украина
Қазақстан
Беларусь
Грузия
Әзірбайжан
Молдова
Өзбекстан
|
150
547
604
1015
403
108
239
99
162
49
|
136
443
452
802
343
107
97
52
142
30
|
136
296
348
431
188
72
15
3
152
16
|
134
290
333
435
202
86
15
2
149
19
|
141
281
299
484
207
139
11
1
201
15
|
150
375
406
642
297
150
0
0
249
16
|
148
380
405
675
312
149
0
0
267
17
|
(баяндамаңызға рахмет. Келесі сөз эколог маманға беріледі.)
Эколог - қара металдар өндірісі, шикізатты өңдеу – экологиялық қауіптілерге жатады. Өнеркәсіп ошақтарынан шығатын әр түрлі улы газдар, қатты шаңдар, түтін осының барлығы өнеркәсіп аймағында орналасқан елді- мекендер үшін экологиялық проблемалар болып табылады. Темір кенді және металлургиялық өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсерінің 80 %-ы атмосфераға әсері арқылы көрінеді. Өндіріс орындарынан алынған мәліметтер бойынша әлемдік металлургия атмосфераға жылына 50 мың т. қорғасын, 35 мың т. мырыш, 6 мың т. мыс, 1,2 мың т. никель, 70 т. кадмий бөледі. Ауада үнемі селен, теллур, молибден, марганец, ванадий болады.
Қоршаған ортаны ластау кен орнын игеруден басталады. Жауын болмаған жағдайда шаң ұзақ уақыт бойы сейілмейді (таралады).
Атмосфераның ластану салдары:
1)C, N, S қосылыстары, шаң әсерінен тыныс алу органдарының аурулары;
2)Құрылыстардағы (ғимараттардағы) конструкциялық материалдардың бұзылуы;
3)Ауыл шаруашылығына әсері – жиналымның, мал өнімділігінің кемуі (нашарлауы);
4)Жабайы флора, фаунаға әсері.
Суды көп мөлшерде пайдалану, оның металлургиялық процеске қатысуынан кейінгі температураның өзгеруі және түрлі қалдықтардың қосылуы табиғи су қорларының температуралық және химиялық режимінің өзгеруіне әкеліп соғады. Шойын болат балқыту және прокат даярлау аса улы өндіріс.
Қара металдар балқыту материалдарды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан толық циклді металлургиялық кәсіпорындар негізінен темір кені мен кокстелетін көмір өндірілетін аудандарда немесе ортасында ( өндіріс орналасуының шикізаттық факторы) орналасады.
(Эколог маманға сұрақ қоям деуші тілші - журналистеріміз болса рұқсат, баянамаңызға рахмет. Келесі кезекте шойын мен болаттан жасалған бұйымдар тұралы айтып өту үшін тұтынушы ретінде келіп отырған баяндамашымызға сөз кезегін ұсынамын.)
Тұтынушы- құю шойындарынан машинаның ауыр бөліктерін, маховиктерді, плиталарды, т.б даярлайды. Шойыннан құйылатын көркем бұйымдар, мүсіндер, әшекейлі тор көздер т.б. жоғары бағаланады. Жоғарыда айтылып өткендей болатқа белгілі бір қасиеттер беру үшін оны алуан түрлі термиялық, химиялық, және механикалық өңдеуден өткізеді. Осылардың арқасында болат қазіргі техниканың баға жетпес материалына айналып отыр. Болат — қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат – бұл аспанмен таласқан мұнаралар мен аспалы көпірлер, пойзға арналған рельстер, қуатты әскери кемелер мен артиллерия. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды. Болат жақсы созылады және соғылады, тез салқындатқанда өте қатты, ал баяу салқындатқанда жұмсақ болады. Жұмсақ болаттан беттік және жапқыш темір, қаңылтыр сым, шеге, болаттар, машина тетіктерін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |