Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Мерекелік безендіру


Біздің келесі бөліміміз Ас адамның арқауы



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі31,09 Kb.
#80005
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
алтын куз новый

Біздің келесі бөліміміз Ас адамның арқауы (Күзгі табиғи өнімдерден ас мәзірін жасау)
Ас адамның арқауы бөлімінде қатысушыларымыз күзгі көкеністерден өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, әр жұп өздері табиғи өнімдерден дайындап әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.


Сіздердің құрметтеріңізге би: Арқалықова Назеркенің орындауында


Жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ханзадаларымыз бен сымбатты ханшайымдарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берйік.
Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгінгі
«Аяулы күз, Алтын күз - 2019» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшайымын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.


Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып жеңімпаз жұпты анықтағанша Маденов Серіктің орындауында «Қазақ жастары» әнін қабыл алыңыздар.


Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше сау – саламатта болыңыздар !!!!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет