Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз - 2019»
Мақсаты:
1. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2019» мерекесімен баршаңызды құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Достарыңызбен бөлісу: |