Ой-қозғау: Картаға қарап отырып екі мемелекеттің орналасу аймағын табу.
Қимақтар- ІХ-ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы (1,5 ғасыр өмір сүрді)
Қытай жылнамаларында жазылған дектерге қарағанда Қимақтар б.з.д өмір сүргендігі байқалады. ҮІІ ғасырдың басында қимақтар Моңғолия жерінің солтүстік-батысын мекендеген.
Батыс Түрік қағанаты ыдырағанда кезінде қимақтар Алтайдың солтүстік ауданы мен Ертіс өңіріне көше бастайды. Моңғолия жерінің солтүстік-батысын мекендеген Қимақтардың ішінде қыпшақтар да болған.Орта ғасырлардағы парсы тарихшысы Гардизидің айтуы бойынша Қимақтардың құрамында 7 тайпаның болғандығын жазған.Олардың ішіндегі атақтылары қимақтар мен қыпшақтар –деді.766-840 жылдары қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл маңына ойысады.840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейін олардың құрамындағы біраз тайпалар:
Қимақтардың орталығы –Имақия, екінші қаласыАлакөл жағасындағы Карантия қаласы болды.
Қоғамдық құрылысы
Қаған
Яғбу
Имек байғу, қмақ яғбу
тайпа көсемдері
Шад, түтік
шонжарларға Яғбу,шад
Саяси жағдайы
Жазба деректерде қимақтар ІХғасырда тоғыз-ғұздар жерінің бір бөлігін қол астына алады. Х ғасырда тоғызғұздардардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алады.Енесей бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасайды.Х ғасырдың екінші жартысында қимақтар жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасайды.Мұндай жорықтар ХІ ғасырда жиілей түседі. Осы жорықтардыңәсерінен Қимақ мемлекеті әлсірей бастайды.
2. Қыпшақтар - ХІ-ХІІІ ғасырдың басы (2 ғасыр өмір сүрді)
Қимақ қағанатының жері ХІ ғасырда құрылған Қыпшақ қағанатының қолына толығымен көшті.Шығыста Алтайдан басталып, батысында Днестрге дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты.
• Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп атаған.
Қыпшақтардың этникалық құрамы ҮІІ-ҮІІІ ғасырда қалыптаса бастаған.
Қыпшақ бірлестігіндегі түрік тілдес тайпалар:
• Қимақ
• Оғыз
• Құман
• Ежелгі башқұрттар. XII ғ бастап Арал маңындағы
• Қаңлылар
• Қарлұқтар
• Жіліктер қосылған
Еуропа саяхатшысы Плано Карпинидің “қаңлылар қыпшақша сөйлейді екені” дегені толық дәлелдейді.
2. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы
Қытай тарихшысы Жүзжани бөрілерді хан әулиетінің тайпасы деп атаған.
Хандық биліктің орталығы “орда” деп атаған
Әскери басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді.
• Оң қанаттың күші және беделі басым орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы
• Сол қанат орталығы Сырдария өзені бойындағы Сығанақ қаласы
Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай ұстан отыру үшін жасалған еді.
құлды «яланкуг»
3.Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығын қыпшақтар мекендеді.Х ғасырдың аяғы –ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекетінің жағдайы нашарлай бастайды. Осыны қыпшақтар дер кезінде пайдаланады.Еділ өзеніне дейінгі жерді иеленеді.Оңтүстік орыс далаларын 1055 жылы жаулап алған қыпшақтар «половцы» деп атаған. Кавказ, Кырым жерлерін алып, шекераларын Донға дейін ұлғайтады. Византия, Еуропалық жылнамаларында , Венгр деректерінде: «Кундар» «командар» деп аталаған.
Қыпшақтар Хорезм елімен қатынасты жақсартуға тырысады.
Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып, Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды. Билік үшін бәсеке тек 1219-1224 жылдары монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.
Екі елдің шаруашылығы жайына тоқталу.
|