Сабақтың түрі: сайыс сабағы



Дата19.02.2017
өлшемі12,06 Kb.
#11128
түріСабақ
  • Тұрақты тоқ заңдары
  • (қайталау сабақ)

Мақсаты:

  • Электрлік шамалардың анықталарын бірліктерін өлшейтін құралдарды білу. Алған білімді қорытындылау, есеп шығару.
  • Білімділік: тұрақты тоқ заңдарын білу, білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
  • Тәрбиелік: іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өзіндік қор жинауға дағдыландыру.
  • Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақ барысы:

  • Сұрақ-жауап
  • Кім жүйірік? (деңгейлік тапсырма)
  • Кім жылдам?
  • Физикалық тәжірибе
  • Ойлан-тап
  • Топтастыру стратегиясы
  • Тест
  • Физикалық формулалар
  • Электр тоғының пайдасы мен зияны
  • Қорытынды

Сұрақ- жауап

  • 1 топ “Тоқ күші”
  • Электр тоғы деген не?
  • Тоқ күші деген не?
  • Тоқ күшінің өлшем бірлігі?
  • Тоқ күшін өлшейтін құрал?
  • Электр тоғының әсерлері?
  • Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы

Сұрақ- жауап

  • 2 топ “Кернеу”
  • Кернеу деген не?
  • Кернеудің өлшем бірлігі?
  • Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?
  • Кернеуді өлшейтін құрал?
  • Э. К. Қ. Неге тең?
  • Джоуль- Ленц заңы?

Сұрақ- жауап

  • 3 топ “Кедергі”
  • Өткізгіштің кедергісі неге байланысты болады?
  • Кедергінің өлшем бірлігі?
  • Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?
  • Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?
  • Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?
  • Толық тізбек үшін Ом заңы.

Кім жүйірік?

  • 1 топ
  • 1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, тоқ күші неге тең?
  • 2. Тоқ күшінің формуласының өлшем бірлігін жаз.
  • 2 топ
  • 1. Тоқ 32мКа болса, 1сек ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді?
  • 2. Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?
  • 3 топ
  • 1. Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап.
  • 2. Ом заңының формуласын жаз.

Кім жылдам

  • 1 топ
  • 2 топ
  • 3 топ

Физикалық тәжірибе

  • Физикалық тәжірибелер сайысында үш топтан оқушылар шығып, өткізгіштерді тізбектеп, параллель, аралас қосу бойынша тәжірибелер жасап көрсетеді.

Физикалық тәжірибе 1 топ

Физикалық тәжірибе 2 топ

Физикалық тәжірибе 3 топ

Ойлан, тап. 1 топ

  • Электр тоғына сипаттама жазыңдар
  • Электр тогы

Ойлан, тап. 2 топ

  • Тұрақты тоқтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазыңдар.
  • Тұрақты ток

Ойлан, тап. 3 топ

  • Өткізгіштерді қосу түрлері туралы жазыңдар.
  • Өткізгіштерді қосу

Топтастыру стратегиясы

  • Тізбектей
  • Параллель
  • Вен диаграммасы
  • Ом заңы- электр тоғының негізгі заңдарының бірі

Тест. 1топ

  • 1. Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?
  • а. Ампер б. Вольта с. Кулон
  • 2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
  • а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель
  • 3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады
  • а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель
  • 4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
  • а. 15В б. 150В с. 6В
  • 5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?
  • а. 220В б. 120В с.360В

Тест. 2 топ

  • 1. Үтік тоқтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?
  • а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық
  • 2. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
  • а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр, параллель с. Вольтметр, тізбектей
  • 3. 6 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
  • а. 0,6 а б. 600 А с. 6000 А
  • 4. Шамнан 5 сек ішінде 45 Кл заряд өткенде тоқ күші неге тең?
  • а. 225 А б. 9 А с. 15 А
  • 5. Металл өткізгіштердің температурасын арттырғанда тоқ күші қалай өзгереді?
  • а. Кемиді б. Артады с. Өзгермейді

Тест. 3 топ

  • 1. Металдардағы электр тоғын қандай тасымалдаушылар тудырады?
  • а. Оң иондар б. Протондар с. Электрондар
  • 2. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
  • а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U
  • 3. КЕДЕРГІЛЕРІ 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
  • а. 6 Ом б. 5 Ом с. 1,5 Ом
  • 4. Егер изоляциясы жоқ өткізгіштерді ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі қалай өзгереді?
  • а. Артады б. Кемиді с. Өзгермейді
  • 5. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
  • а. Ом/ метр б. Ом*метр с. Ом

Физикалық формулалар

  • Воьт, Ампер, Омдарым ұлы физиктер болыпты.
  • Пайдаланып көп адам физиканың заңдарын,
  • Сол заңдармен таныпты,
  • Табиғаттың сырларын.
  • Үш топтан оқушылар шығып физикалық формулалардың мәнін түсіндіреді.

Электр тоғының пайдасы мен зияны

  • Электр тоғын рұқсатсыз қоспаңыздар
  • Электр тоғы көзінде, сондай-ақ қондырғының басқа бөлігінде кернеудің бар-жоғын бақылау немесе лампамен, кернеу көрсеткіш құралмен тексеру керек
  • Жалаңашталған бөліктерге кернеу түсіп тұрғанда абайламай тиіп кетуден сақ болыңыз
  • Су қолмен тоқты ұстама

Қорытынды

  • Электр тоғының анықтамасы, бағыты әсері, пайда болуының шарттары
  • Толық тізбек үшін Ом заңы?
  • Өткізгішті қалай жалғауға болады?
  • Электр энергиясын біз қайдан аламыз?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет