Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Өнеркәсіп кешендері жайлы білімдерін одан әрі нығайту.Арал теңізі, Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы білімдерін молайту;
Дамытушылық:Балалардың ойлау,есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Өз елі мен жерін біліп, Отан сүйгіштікке баулу
Сабақтың түрі:сайыс
Сабақтың типі:Алған білім,білік – дағдыларын бекіту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:Түсіндіру,көрсету,сұрақ – жауап,оқушылар өздерінің ойларын мен бөлісу
Пәнаралық байланыс:экология,география
Көрнекіліктері:Слайд, видео бейне;
Рефлекция
Бағалау
Үй тапсырмасы
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгінгі ашық сабағымыз Қазақстандағы әскери өнеркәсіп кешендері (Арал теңізі, Байқоныр ғарыш айлағы, Семей полигоны) тақырыпқа арналады. Қазіргі таңда қарастырылып отырғанымыздай өте өзекті болып бара жатыр. Осы оқиғалардың бастауы қайда жатыр екен? Халық басынан қандай қиыншылықтарды өткізді, соны ең негізгі себептерін бүгінгі сабақта таратып көреміз.
Бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ. Сабақ бастамас бұрын 3 топқа бөлінеміз (топқа бөліну: оқушыларға алдынан дайындаған әдебиет, тарих, математика пәндері бойынша сөздер таратылады. Кейін олар бірін-бірі табу қажет).
Математика-Пифагор, Декарт, координата, теорема.
Әдебиет- Еңлік –Кебек, Қалқаман-Мамыр.
Тарих-Македонский, Спарта, Жәңгір, Тәуке
Топ- Арал теңізі
-топ-Семей полигоны
Топ-Байқоныр ғарыш айлағы
1-Тапсырма. Әрбір топқа өзінің тобының атына сәйкес арнайы дайындалған мәтін ұсынылады. Осы мәтіннен тапсырма өте қажетті-бір түспен, қажетті-басқа түспен, маңызды –келесі түспен. Түстерге сәйкес сөйлем құрау (А3 форматында орындалады. Тапсырма орындалып болғасын топ басшысы қорғайды). Ән:Заман-ай
Ресурстар-1
2-тапсырма. Әрбір топқа мәтін ұсынылады. Осы мәтінді пайдаланып, оқып ең негізгі мәселелерін белгілейді. Ол сөз немесе сөз тіркесі болуы мүмкін. Одан негізгі мәселеден тағы толықтыратын сөздерді іздейді.
Мысалы: 1.
1.1.
1.2.
Тапсырма аяқталып болғасын кесте сызады. Кестеде :
Өткен уақыт
|
Қазіргі уақыт
|
Болашақ уақыт
|
|
|
|
Ресурс-2
3- тапсырма. Шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру)
............. қорғаймыз,
................... болмаймыз.
.......................................
............. қорғаймыз.
Рефлекция:
А4 қағазына әрбір топтың басшысы өзінің қолын салады. Сол қолдың саусағына топтың құрамындағы оқушылар өздерінің аттарын жазып сабақтағы алған әсерлерін бір сөзбен жазып көрсетеді. Ал алақанның ортасына ортақ топтың пікірін алған әсерлері арқылы ортақ пікірлерін жазып көрсетеді.
Бағалау:
-жеңген топты анықтау;
-белсенді оқушылардың атын атап өту;
Үй тапсырмасы: өнеркәсіп кешендері туралы шағын шығарма жазып келу.
«Шал ақын ауданының қазақ орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстандағы әскери өнеркәсіптік кешен
(Семейдегі ядролық сынақ,
«Байқоңыр» ғарыш айлағы,
Арал теңізі)
Өткізетін сынып: 9 «Ә»
Өткізетін мұғалім: Абилев Алибек Журбекович
Сергеевка қаласы
2016-2017 оқу жылдары
Достарыңызбен бөлісу: |