Бекболат - Болпан (Меркурий, Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан) — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диям. 4878 км, массасы 3,31023 кг;
Алтынай - Шолпан —Күн жүйесіндегіоған жақын екіншіғаламшар. КөлеміменмассасыжағынанЖергежуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысыноптикалықбақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Урандыесептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзініңКүндіайнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндіктәулікшамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Оның Күннен орташа арақашықтығы 108 млн. км (0,723астрономиялық бірлігі). Сидерлік айналу периоды 224 тәулік 16 сағат 49 мин 8 с. Жерден қараған бақылаушыға Шолпанның Күннен бұрыштық қашықтығы 48″-тан аспайды. Сондықтан ол Күн батқаннан кейін (кешкі жұлдыз) не Күн шығардың алдында (таңертеңгі жұлдыз) ғана аз уақыт көрініп тұрады. Жаннат – Жер—Күн жүйесіндегіКүнненәрі қарай санағанда үшіншіғаламшарадамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жерэллипстік(дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішіндеКүндібір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі –Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Оның өз осіненайналу периоды23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 8 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінікбойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағыкеңістіктен шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған.
Мұғалімнің сөзі: (қызықты мағлұмат)
Ежелгі Русьте жер жұқа формалы киттердің үстінде жатыр деп есептеген.