5.«Кім жылдам?» ойыны. Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз 6.Аудио сұрақ . Шарбану Батталова орта мектебінің жоғарғы сынып оқушысы Рахат.Бақытжан сендерге ертегі есеп жасырады. Ал қане тыңдайық: «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрылардыосылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам