Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады: 1.Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Ұшқыр ой ойыны. 5. Кім жылдам? ойыны.
6. Аудио ертегі сұрақ
7. Құстар тапсырмасы
8 .Бейне сұрақ
9 . Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан
мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.-деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы 1) Топ басшысы- Дүбірбек Айғаным
2) Рысқұлбек Елжан
3) Мұхаметджанова Нұрай
4) Алтай Батырхан
5) Қожабек Нұрым
6) Бақытбек Ербол
7) Боқай Асылмұрат
8) Жаңбырбаев Әнуар