Математикадан ойын-сабақ. Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін
тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз
ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды
ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған
жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, интер/к ,,
тақта ,ертегі есеп, өлең есеп,слайд.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: -Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықты
математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-
ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін
пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға ,Әділ-қазылар алқасы бағалап отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.