7. Құстар тапсырмасы Балалар білесіңдерма?, бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тесеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсындарма?
Ендеше қонаққа келген құстарымызды шаұырайық
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1-құс «Аққу» тапсырмасы Математикалық викторина.
үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр.
2 –құс «Кептер» тапсырмасы. Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады . Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау. -Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз
Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)
3-құс Торғайдың тапсырмасы Қызықты тапсырмалар. 1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада
неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы
неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина велосипед)
дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,
велосипед тұр?
4. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды.
3-құс Қаз тапсырмасы Суретте неше ұшбұрыш, неше төртбұрыш бар? 8. Бейне сұрақ. Сендерге бейне сұрақты осы мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Күміс апай қояды. Қане мұқият тыңдайық.
Әр бөлікте бір қара фигура болатындай етіп, суретті тең төртке бөл Енді ең сонғы капитандар жарысы: «Алғырлар»
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4 .Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманыі мәні)
8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)
1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қоссамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)
Математика Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын
аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп , ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Сау, болыңыздар!