Сабақтың түрі: Театрланған сабақ Жоспар: Кіріспе Бәрі майдан үшін Көріністер: а Соғыс басталды



бет2/3
Дата23.08.2017
өлшемі3,99 Mb.
#25429
түріСабақ
1   2   3

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандық-

тардың ерлік ісімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.



Көрнекілігі: Соғыс туралы жазылған сөздер, көрініске қажетті киімдер, вокзалдың суреті. “Ешкім де ұмыт қалмайды,

Ештеңе де ұмтылмайды” деп жазылған плакат.



Сабақтың түрі: Театрланған сабақ

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Бәрі майдан үшін

Көріністер:

а) Соғыс басталды

ә) Тылдағы көрініс

б) Жеңіс


3. Қорытынды

Сабақтың барысы:

I.Кіріспе

Алпыс екі жыл-бейбіт көкткм таң атқалы,

Алпыс екі жыл-шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері алпыс екі рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Алпыс екі жыл – үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.

Алпыс екі жыл – жауымыздың ажал оғы,

Біздің ел үстіменен ұшпағалы.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,



Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

Мұғалім: Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлап өткенімізге де екі жыл толды. Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана-жарын жоғалтқан жесір, бала-әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда жасалды.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.



1 минут үнсіздік

Мұғалім: Міне, балалар! Қасық қаны қалғанша жаумен жан аямай шайқасқан аталарымыздың ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Сондықтан, мен бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымның тақырыбын “Мұны ұмытуға болмайды” деп алдым. Ондағы негізгі мақсатым: сендер әрқайсысың өз Отаныңды сүйе білуге, әрқашан оны қорғауға тиіс екендеріңді ұғындыру және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрістеріңді дамытып, сондай-ақ үлкен адамдарды сыйлый білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу еді.

II. Бәрі майдан үшін

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздың 1 млн. 196 мың



164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комисариаттар арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Көрініс

Ұлы Отан соғысы басталған, Отанымыздың басына ауыр күн туғаны туралы көрініс көрсетілді.

Жаудың қарақшылық соққысына алдымен шекарашылар ұшырады. Батыс шекараны күзеткен 485 шекарашы заставасы оның тегеурініне төтеп берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесңі жоқ ерлік көрсетті.

1941 жылы 16 қарашада Дубосеково разъезі түбінде күші басым жаумен аянбай шайқасқан 28 гвардияшы панфиловшылардың ерлігі әлемге аян болды. Саяси жетекші Клочковтың сөзі бүкіл майданды шарлады. Ол: “Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва” деген еді.

Мәскеу үшін шайқаста Бауыржан Момышұлы қолбасшылық еткен жауынгерлер ерекше табандылықпен ерлік көрсетті.

Бородино селосында неміс бөлімінің штабына баса көктеп кіріп, ерлік көрсеткен Төлеген Тоқтаров, рота саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобының ерлігі халық есінде мәңгі сақталды.

Асыл азаматтар қасық қаны қалғанша өз Отанын қорғады. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен белелер соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп, тынбай жұмыс жасады. Ересектермен қатар балалардың өздері қас батырдық танытты. Олар жауға қарсы астыртын жұмыстар жүргізіп, партизан отриядтарында соғысты.

“Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін” деген ұранға біздің Тасқала ауданыт да өздерінің үлестерін қосты. Жауынгерлерге арнап жылы киімдер тігіп, ақшалай, заттай қор жинады.

1941 жылдың өзіндеТасқала ауданының қорғаныс қорына 600 центнер астық, 15 млн. 143сом ақша, 6 мың бас мал тапсырды.



Танк колоннасын құру мақсатында аудан орталығының тұрғындары 3млн. 830 сом ақша берсе, колхозшылар 10 млн. Сомнан астам қаржы жинады. 1943 жылы тасқалалықтар Қызыл армияның 25 жылдық мерейтойына жеке азаматтардан жиналған сый-2тонна ет пен 154 кг кептірілген нан, 190 тауық пен 314 кг бидайды майданға жөнелтті.

М. Мақатаевтың “Қайран жандар!” атты өлеңі оқылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет