Сабақтың түрі: тәжірибелік. Өткізу әдісі: түсіндіру, баяндау, көрнекілікпен көрсету



бет18/43
Дата07.02.2022
өлшемі77,24 Kb.
#83054
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
тер каз

Аденогипофизді (бездігипофизді) гипофиздің алдыңғы, төмпектік (туберальды) және аралық бөліктері құрайды. Алдыңғы бөлікті құрайтын безді жасушалар (аденоциттер) боялу сипатына қарай екі топқа бөлінеді. Солғын боялған хромофобты жасушалар — жетілмеген жас аденоциттер. Олардан хромофильді (жақсы боялған) жасушалар жетіледі.
Хромофильді жасушаларға: қызыл түске боялатын ацидофилді аденоциттер және көкшіл түске боялатын базофилді аденоциттержатады.
Ацидофилді (оксифилді) аденоциттер — соматропин (өсу гормоны), пролактин (лактотропин), адренокортикотропты гормондарды, ал базофильді аденоциттер — гонадотропиндер (ФСГ, ЛГ) мен тиретропты гормондарды бөледі. Туберальды және аралық бөліктерді көгіддір түске боялған, мөлшері мен пішіндері біркелкі келген майда аденоциттер құрайды. Аралық бөліктің безді жасушалары организмдегі пигмент алмасуын реттейтін интермедии (меланотропин) гормонын түзеді. Нейрогипофизде гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін вазопрессин және окситоцин гормондары қан қылтамыршаларына (капиллярларына) өтеді.
Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Гипофиздің зақымдалуы — организмде әртүрлі аурулардың, мысалы, акромегалия мен гигантизмнің өрбуіне ықпалын тигізеді.
Бүйрекүсті безі (лат. glandula sup-rarenalis, лат. glandula — «без», лат. supra— «үсті» және лат. ren — «бүйрек») — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет