Диагностикалық өлшемшарттар: · шөлдеу;
· жиі несеп шығуы;
· салмақтың төмендеуі;
· тері қышымасы;
· айқын жалпы және бұлшықет әлсіздігі;
· жұмысқабілеттілігінің төмендеуі;
· ұйқышылдық.
Анамнез: ҚД1 әдетте қатаң басталады. Сырқаттың манифестациясын инфекциялық сырқаттар азғыртуы мүмкін. Сырқаттың үдемелі кезі күз-қыс мезгілдеріне сай келеді.
Физикалық қарап-зерттеу: Клиника инсулин дефициті симптомдарымен негізделген:
· тері және шырыштың құрғақтығы;
· тері тығыздығының төмендеуі;
· «диабеттік» шырай;
· Бауыр көлемінің ұлғаюы;
· Тыныс шығару ауасындағы ацетон иісі;
· демікпе;
· шулы тыныс алу.
ҚД1 типі сырқаттанушыларының 20%-ға жуығында кетоацидоз немесе кетоацидотикалық кома болады.