Тиреотоксикоз (гипертиреоз) – бұл қандағы тиреоидты гормондардың (ТГ) шамадан тыс болуымен және олардың әр түрлі ағзалар мен тіндерге уытты әсерімен негізделген клиникалық синдром.
«Тиреотокисокз диффузиялық зобпен (диффузиялық уытты зоб, Грейвс, Базедов ауруы)» экстратиреоидты патологиямен бірге тиреотоксикоз синдромының дамуымен ҚБ зақымдануымен клиникалық көрінетін, рТТГ-ге АД бөлінуінің салдарынан дамитын аутоиммунды ауру болып табылады (эндокринді офтальмопатия (ЭОП), претибиалды микседема, акропатия). Жүйелі аутоиммунды процесстің барлық компоненттерінің бірге үйлесімі салыстырмалы түрде сирек кездеседі және диагноз қою үшін міндетті болып табылмайды (А деңгей). Көп жағдайда диффузиялы зобпен тиреотоксикоз кезінде ҚБ зақымдануының клиникалық маңызы жоғары болады.