Түйінді/көп түйінді зобты пациенттерде тиреотоксикоз ҚБ түйінінің функционалды автономиясының дамуы садарынан туындайды. Автономияны негізгі физиологиялық ширатқыш – ТТГ гипофиз болмаған кезде фолликулярлы ҚБ жасушаларының жұмыс істеуі ретінде анықтауға болады. Функционалды автономия кезінде ҚБ жасушалары гипофиздің бақылауынан шығады және артық көлемде ТГ синтездейді. Егер ТГ өнімі автономды туындылармен физиологиялық қажеттіліктен асатын болса, онда науқаста тиреотоксикоз дамиды. Мұндай оқиға түйінді зобтың табиғи ағымы нәтижесінде немесе ағзаға йод қоспаларымен немесе йодқұрамдас фармакологиялық құралдардың құрамында йодтың қосымша көлемі келіп түскеннен кейін орын алуы мүмкін. Функционалды автономияның даму үдерісі жылдар бойына созылады және, негізінен, үлкен жастық топ тұлғаларында (45 жастан кейін) функционалдық автономияның клиникалық көріністеріне алып келеді (В деңгей).
Жіктеме :