Lеsson Study өткізуші мұғалімдерге мынандай ұсыныстар берілді:
Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
Өз бетімен жұмыс оқушының бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп дайындалуы керек;
Алғашқыда қарапайым тапсырмалар алынуы керек;
Деңгейлік тапсырмалар көбірек қолданылуы керек;
Сыныптағы барлық оқушыға назар аударылуы керек;
«4» пен «5» көбею үшін зерттеушілік әңгіме көбірек болу керек, ол үшін «күрделі сұрақтар» қызықты әрі сол сабаққа байланысты оқулықтан тыс алынуы керек;
Бағалау тәсілдерін нақты, кеңірек қолдану қажет;
«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем босамайтындықтан, олар өздері енгізетін нәрселердің нәтижесін басқалардың қолданатынын көргісі келеді, сондықтан бұл жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен бейнематериалдар көп көмек бере алады».
«…Есікті жауап алып, өз сабағын бере беретін мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес, бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп ойлануы мені расында да таң қалдырды әрі қуантты».
«Егер сіз өз ұжымыңызда осыларды байқасаңыз, Lesson study жүрді»- деп есептеңіз!
Достарыңызбен бөлісу: |