Сабақты зерттеу тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады



бет4/10
Дата13.10.2023
өлшемі449,75 Kb.
#185329
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пит Дадли

Ұсынылатын іс-әрекеттер
Бірінші Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз.
Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз.
Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. (Сізге 1- суреттегі жоспарлау сызбасын пайдалануға болады).
Өзіңіз жетілдіргіңіз келетін немесе пайдалануды жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіңізді жазып отырыңыз: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді.
Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз, әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз.
Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.
1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы ұсынылған. Оны пайдалану үшін А3 форматына дейін үлкейту қажет. Сабақтың басында Lesson Study тобының әрбір мүшесінде сызбаның көшірмесі болу керек, өйткені олар бақылау барысында оған түсініктемелерін жазып отырып, кейін
талқылау кезінде өз жазбаларына сүйене алады.




«Бақылаудағы» оқушыларға басты назар аудару расында да маңызды нәрселерді анықтауға мүмкіндік береді»
Түсініктемелер
Бақылаудағы А оқушы Аты…………..

Осы оқушыға арналған табыс критерийі.


Lesson Study аяқталған кезде А оқушы істей алады
(сабақта қойылған оқу мақсатына жетудегі қарқынын оқушы қалай көрсететінін сипаттаңыз).

Қосымша түсініктемелер







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет