Тәрбие сағаты № 7
Тақырыбы: «Еліміздің рәміздерін қастерле»
Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, Отанын, туған жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу;
ҚР рәміздерінің авторларын білу, рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу;
оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге үйрету., аузекі сөйлеу
дағдырларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: ҚР рәміздері; сөзжұмбақ, тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, сигналдық белгілер.
Барысы: Мұғалім оқушылармен өткізілген сауалнаманың жауаптарын қорытындайды.
Топпен жұмыс – Сөзжұмбақ ( «Тәуелсіздік»). 5 топ берілген уақыттың ішінде сөзжұмбақты шешіп, басты сөзін шығарады.
Мұғалім: Тәуелсіздік – сәбиім жаңа туған
Қан мен терден шынығып жаратылған
Арманы бар алдында асқар таудай
Қуат алған қыранның қанатынан.
- Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер? Ол сөздің синонимы қандай?
Оқушылардың пікірі ( қанатты сөздерге назар аударылады).
«Ұпайды жинап ал!» атты 3 кезеңнен тұратығын топтық ойын.
1-ші кезең. – ҚР мемлекеттік рәміздерін ата. (3 ұпай)
- Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (04.06.92ж. - 5 ұпай)
- ҚР туы ең алғаш қашан көтерілді? ( 01.06.92ж. - 5 ұпай)
- Қандай салтанаттық жиналыста және қашан ең алғаш рет ән ұран
орындалды? ( 5 ұпай )
- 16 желтоқсан қандай мереке? (2 ұпай)
2-ші кезең. - Елтаңба авторы кім? ( 5 ұпай)
- Ән ұран авторлары кім екенін айтып шық (5 ұпай)
- Туымыздың авторы кім? ( 5 ұпай)
- ҚР рәміздерінің авторлары жөнінде не білесіңдер? ( 3 ұпайдан әр жауап )
3-ші кезең. – Тудың түсі және келбетіндегі әр сурет нені білдіреді? ( 5 ұпай )
- Елтаңбаның сипаты неде? ( 5 ұпай)
- Елтаңбадағы сурет элементтерін түсіндіріп беріңдер. ( 5 ұпай )
- Ән ұранды қалай орындауы қажет? ( 5 ұпай )
«Мақал-мәтелдерді жалғастыр!»
Ел-елдің бәрі жақсы
Өз елің... (бәрінен жақсы)
2. Жері байдың... (елі бай)
3. Отан үшін күрес
Ерге ... ( тиген үлес)
Туған жердей жер болмас
Туған ... (елдей ел болмас)
Қорытынды кезеңі. Туған жер туралы тақпақ мәнерлеп оқу.
М. Әлімбаев «Республикама қарашы!», Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем», Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын», М. Мақатаев «Отан туралы», Қ. Баянбаев «Қазақстан».
Тәрбие сағаты № 8
Тақырыбы: «Менің құқығым»
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім - әр адамның ісі
екенін ұғыдыру, «Бала Конвенция» шарттарын меңгеру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға
үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Қолданылған көрнекіліктер: оқушылардың бала құқығы туралы салған суреттері, «Бала Конвенциясынан» алынған маңызды баптары жазылған плакат.
Тәрбие сағаттың түрі: іскерлік ойын
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Іскерлік ойын шарты
I. Оқушылар «Адам» және «Қоғам»тобына бөлініп, әр топ аттарын қорғайды.II
II. «Адам» тобы көрініс көрсетеді. «Құқық» тобы көрініс бойынша сұраққа жауап береді.
III.Адам құқығы бойынша «Құқық» тобы суреттер көрсетіп, әңгімелейді.
IV. «Біз неге құқықпыз?» ойыны. 2 топқа «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы» және «Бала құқығы туралы Халықаралық Конвенция шарттары» бойынша сұрақтар беріледі.
«Адам» тобы: - Адам- жер бетіндегі тірі организмдердің жоғары сатысы. Қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны. Олар 4 мың аса тілде сөйлейді.адам құқықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін адам мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары. Олар негізінен 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген жер бетіндегі адамдардың бостандығы мен құқығы қорғалуы тиіс.
«Құқық» тобы: - Құқық мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Кез келген адам қоғамдағы әрекет етуші болғандықтан заң негіздерін білу оған құрметпен қарау жәнеодан үлгі алу қажет. Құқықты заң қорғайды. Заң құқық талабын бұзғандарға жазалау тәсілін қолданады. әрбір адамның құқықтық санасы, мәдениеті болуы керек.
Жүргізуші:
Ақыл-білім – жастарда,
Сөз беремін ұландарға!
Әділдікке иемін,
Әділдікті сүйемін.
Жасөспірім жастардың,
Тыңдайық білім өнерін.
Көрініс көрсету.
Сапарбек пен Азаматтың партаға таласуы.
Мұғалім: - Сендердің бұл қылықтарың дұрыс емес.өздлеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды. әркім өз құқығын дұрыс түсіну қажет. әрине сендердің әр қайсысң білім алуға, ойнауға, демалуға құқықтарың бар. Бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.
«Құқық» тобына сұрақтар:
Менің құқығым деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Сапарбек пен Азаматтың арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?
«Біз неге құқықтымыз?» ойыны. Сауалға сұрақтар:
Құқық деген не?
Құқық немен қорғалады?
Адам құқығының қорғалуы ққай жерде бастау алды және қай жылы?
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
Бала құқық тұралы Конвенция қай кезде қабылданды? Бүкіләлемдік бала құқықтары күні қашан аталып өтеді? ( 20 қараша 2009ж. – 20-жылдық)
Бала болып кімдер саналады?
ҚР –да жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалады?
«Бөбек» қоры туралы нені білесіңдер?
Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шартты қабылдады?
Қорытынды кезеңі.
2 топтың оқушылары кестені толтырып, белгілі бір пікір айтып, тұжырым жасайды.
Біз құқық туралы нені білгенбіз?
|
Сабақта құқық туралы нені білдік?
|
Біздің құқығымыз туралы нені білгіміз келеді?
|
|
|
|
Тәрбие сағаты №9
Тақырыбы: «Тазалық- денсаулық кепілі»
Мақсаты: оқушыларға тазалықтың денсаулыққа қаншама маңыздылығын түсіндіре білу.
Қолданылған көрнекіліктер: салыстыруға арналған 2 баланың суреті; жеміс-жидектің
суреттері.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Әнұранды орындау.
(Үй тапсырма бойынша балалар 5топқа бөлініп жұмыс істейді)
Кіріспе сөз. Мұғалім басты тақырыптың әр адамға және ұлтымызға маңыздылығын жеткізеді.
Топпенен жұмыс.
Әр топ өзінің микротақырыбын қорғайды.
1 топ- «Дене тазалығы»
2 топ- «Киім тазалығы»
3 топ- «Бөлме тазалығы»
4 топ- «Оқу құралдарының, пайдаланатын бұйым, азық-туліктің тазалығы»
5 топ- «Рухани тазалық»
III. Әр топтын шағын көрінісі.
Мақал-мәтелдер. Қарама- қарсы топ өз тақырып бойынша мақал-мәтелдін
басын айтып, басқалары оны жалғастырады.
Сурет көрмесі. Әр топ өз тақырып бойынша үйден сурет салып, көрме
ұйымдастырады
«Дәрігердің кеңесі»
Топ бойынша «дәрігер» ортаға шығып өз тақырып жөнінде кеңес айтып, тыйымды сөздермен таныстырады.
Қорытынды кезеңі.
Балалардың жалпы ой-пікірі.
Тәрбие сағаты №10
Тақырыбы: « Қазақстанның әр-бір күні »
Мақсаты: Оқушылардың біліктілігін нығайту; сөз байлығын дамыту; ақпарат
мәліметтеріне қызығушылығын ұлғайту.
Көрнекіліктер: «Ақжол» атты қалалық баспасөзі, «Сарыарқа самалы», «Звезда
Прииртышья» атты облыстық баспасөздері, күнтізбелердің әр түрі, «ҚР-
ның мемлекеттік мерекелер»- плакат, сигналдық белгілері.
Жаңа сөздер: хроника, рубрика, очерк, мақала.
Кіріспе сөз: - Еліміздегі әр күні болып жатқан жаңалықтарды қайдан білуімізге болады?
Отбасыларыңда қандай газет пен журналдарды қызығып оқисыңдар.
Қандай теледидар бағдарламалардан еліміздің жаңалықтарын естуге болады?
Топқа бөліну (сигналдық белгі бойынша)
«Тапқырлар сайысы»
ҚР-ның мерекелерін айтып беріңдер. (дұрыс жауапқа – 1 ұпай)
Күнтізбенің қандай түрі болады? Ол не үшін қажетті?
«Ізденімпаздар» кезеңі.
Баспасөз дегеніміз не?
Біздің аумақтық, облыстық баспасөздері қалай аталады?
Жаңа сөздердің мағынасы қандай?
«Ақжол» атты баспасөздің 5 рубрикасын берілген уақытта табу.
«Ақжол» баспасөзімізге неше жыл толды?
Мектеп туралы мақалалардың атын айтып беру.
«Ой-пікір» кезеңі.
Баспасөздерде қандай мәселелер қозғалады?
Қаншалықта оларды білгеніміз маңызды?
Өз мектебіміздің баспасөзі бар ма? Оны қайдан көрдіңдер, қалай аталады? Онда қандай жаңалықтар ортаға салынады?
«Шығармашылық» кезеңі. А-4 қағазына әр топ қызықты эссе немесе «хроника»,
сөзжұмбақ немесе бір тақырып бойынша мақал-мәтелдер құрастырып, оқиды.
Қорытынды кезеңі: Ұсыныс – «Мөлдір бұлақ» атты журналына жазылып, онымен байланыста болу, «Школьный вестник» атты мектепшілік газетіне мақала жазу.
Тәрбие сағаты №11
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты: Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру,
сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету;
оқушылардың сөздік қорын молайтуға, әдептілік пен
әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге
үйрету; үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ребус, «Венн диаграммасы», «7 күлте гүл»
Кіріспе кезеңі.
Ребус шешіп, тақырыбын хабарлау.
Мектеп ережелерін қайталап, әдепсіздікті, тәртіпсіздікті болдырмау жолдарын табу. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Сәлем – сөздің анасы», деген сөздерді түсіну жөнінде диалог.
Сәлем деген сөз тыныштық, бейбітшілік болсын деген мағынаны білдіреді. Сәлемдесу – адамдардың бір-біріне жақындық ниет, жылы шырайын білдіреді. 2. Адамның әдепті екенін білдіретін негізгі қасиеттерді жинақтау.
II. Көрініс көрсету.
1. Көріністен кейін басты кейіпкрлерге мінездеме беру.
2. «Кім тез табады!» атты ойын.
- «Рахмет» деген сөзді қандай сәтте айтасыңдар?
- «Рұқсат бола ма» деп қай кезде айтасыңдар?
- «Кешіріңіз» деген сөзді қашан қолданасыңдар?
- Ұйықтар алдында не тілеп жатасыңдар?
- Ас ішкен кезде бір-бірлеріңе не деу керек?
- «Сау болыңыз» деген сөздің қандай түрлерін білесіңдер?
- Амандасудың қандай түрлері бар?
3. «Әдептілік - әдемілік» оқушылар шығармашылығы, үйге берілген тапсырма
бойынша әңгімелер оқыту ( 5 топтан бір оқушыдан).
Қорытынды кезеңі.
Венн диаграммасы арқылы оқушылардың бойындағы жақсы, жаман және екеуіне де ортақ қасиеттерді тапқызып, кескіндету.
Ортақ қасиеттері:
1. Мінезіне әсер етеді.
Адам.
Орта
Дос
Қоғам.
2. «7 күлте гүл»
5 топтағы балалар бір-біріне әдепті сөз сыйлап, қоштасады.
Тәрбие сағаты № 14
Тақырыбы: «Тәуелсезді аңсаған АЛАШ»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қыйыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зияларының пікірлеріне тоқталу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: Таным сағаты.
Көрнекі құрал: ИБТ бойынша қолданылатын слайдтар: Абылай ханның, С. Датұлының, Н. Назарбаевтің фотосуреттері, қанатты сөздер:
Жеткен арман- жаса тәуелсіздігім, Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бей-
Өз қолыма берген ерік тізгінің. бітшілік, тыныштық. Күш қолдану мен жан-
Ие болған әлем ілтипатына жал атаулыны бар ерік-жігерімізді аямай бол-
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін! дырмаймыз. Н. Назарбаев
Кіріспе сөз: Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Шоқан, Ыбырай, Абай дәуірі қаламның қуаттылығын дәлелдеді. Байтұрсынов, Дулатов, Шоқай, Торайғыров, Рысқұлов, Бөкейханов т.б. елінің азаттығын, жеке мемлекет құруын аңсады.
1-ші оқушы: Торайғыровтың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жар салғанда, ұлт зиялары «қалай ел боламыз?»деп ойлағанда, Бөкейханов «Автономия, бізге керегі Автономия» деп шырылдайды. Қазақ автономиясы ұзақ тұрақтанбады. Алаштың арыстары «Міне, еркіндік қолымызға тиді!» деген қуныштарынан қорқып, қызыл империя көсемдері Алаш туы астына біріккендердің бәрін құртты. Аймаутов атылды, Шоқай шет ел асты, көбі репрессия құрбаны болды.
2-ші оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешті
Слайд-тарихи хронологиясы 1723-25ж. – Ақтабан шұбырынды
1836-38ж. – Бөкей ордасындағы көтеріліс
1837-47ж. - Кенесары бастаған көтеріліс
1916ж. – Ұлт-азаттық көтеріліс
1918-20ж. – Азамат соғысы
1931-32ж. – Жаппай ашаршылық
1937-38ж. – Жаппай репрессия
1941-45ж. – Ұлы Отан соғысы
1986ж – Желтоқсан оқиғасы
Осыншама азаптың ең сұмдығы – 1949 жылғы Семей полигоны. Енді қазақ халқы білім мен бірлікке ұмтұлуы керек.
3-ші оқушы: Байтұрсынов: Қазақ халқының тәуелсіз өмір сүруі – басты мәселе болып тұр
4-ші оқушы: Сәдуақасов: Ендігі тірек – жастар. Жастсрдың жігері мол, қайраты күшті.
5-ші оқушы: Дулатов: Жұрттың жолында қаншама құрбан шығардық .Жұрт боламыз дегендер не қылып жатыр? Соған ой жіберу керек.
1-ші оқушы: Шоқай: Атамекеніңді орыс тепкісінен құтқарып, азат тәуелсіз құру жолындағы күреске жатпай-тұрмай дайындал!
2-ші оқушы: Торайғыров: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сенбейміз.
Енді ешкімнің Алашты,
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
3-ші оқушы: Алаш зиялары мемлекет құруды аңсады, азаттықты көкседі. Бірақ бұл күнге жете алмады. Ендеше ОЛАРДЫ нағыз ерлер деп айтуымыз керек.
ОЛАР – азап пен қорлықтан басқа түк көрген жоқ.
ОЛАР – қазақ халқының мемлекет болар күнін жақындатып кетті.
ОЛАР – бар білімін, қайратын тек қана халқының көзіін, бағын ашуға, азаттыққа арнады.
ОЛАР – артында мейірім, шуақ қалдырды. Біз ғасырлар бойы соған жылындық.
ОЛАР – көл-көсір кітап, білім жинап, бізге қанымен, жанымен тәуелсіздікті әперді.
ОЛАР – оралуы керек.Оларды ортамызда жүргендей сезінуіміз керек.
ОЛАР - өлген жоқ. «Өлмейтұғын- артына сөз қалтырған» демекші, мәңгі бізбен бірге.
Қорытынды кезеңі: Алаш арыстары аңсаған күнге біз қолымызды жеткіздік. 1991ж. 16- желтоқсаны еліміз тәуелсіздік алып, ірі мемлекеттердің қатарына қосылды, 1991ж. 1-ші желтоқсанда тұңғыш Елбасымыз Н:Назарбаевты сайладық. Төл теңгеміз бен Ата заңымызды жарияладық. Аспанымызда Көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз шарықтап шырқатылды. Бүгін тәуелсіздік алғанымызға 18 жыл толып отыр. Осы уақытта қандай жетістіктерге қол жеткіздік?
(оқушыларға сөз беріледі)
Жас ұрпақ, өз елің үшін, өз жерің үшін өмір сүр.Өз еліңді көркейту, гүлдендіру сендердің қолдарыңда.
Тәрбие сағаты №15
Тақырыбы : «Мен ежелден егемен аңсаған»
Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу.
-Ұранды елдің – ұрпағы қайсар демекші әнұран
орындалады.
Сабақтын мақсаты : «Мен ежелден егемен аңсаған» атты тәрбие
сағатында оқушыларды туған жерiн, елiн, Отанын
сүйуге, қазақ елiнiң рәміздерiн қастерлеуге
тәрбиелеу, болашақта өз бiлiмi , еңбегi арқылы
Қазақстанға үлесiн қоса алатынын сезiндiру.
Мiндеттерi : 1. Оқушылар елi, туған жерi жайлы көп бiлiм алуға ,
Отан, туған жер туралы мақал- мәтел, тақпақ,өлең
бiлуге мiндеттi.
2. Оқушылар өз елiнiң әнұраны мен рәмiздерiн жатқа
бiлетiн, патриот болуы тиыс.
3. Жақсы оқуына, тәрбиелi болуына тырысу мiндеттi.
Көрнекiлiктерi : Қазақстан картасы, көгершiн суреттерi , мақал- мәтел,
қанатты сөздер, ҚР рәміздері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің
фотобейнесі.
Барысы: 1. Кіріспе сөз. «Көкпар» атты білім сайысының соңында сабақтың тақырыбын ойластырып, және тақырыпқа сай әр топ өзін өзі атап, топтың атын маркермен жазып , бекітеді.
Желтоқсанның қозғалыс болған уақыты қандай?
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?
Н.Ә.Назарбаев қашан Президент болып сайланды?
Ата Заң дегеніміз не?
Қазақстан Конституциясы қашан қабылданды?
Референдум дегеніміз не?
Демократия деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Біздің мемлекетімізде ең қымбат қазынасы не?
Қандай нышан-белгілерді білесіңдер?
ҚР -ның елтаңбасының авторлары кім?
Ту деген сөздің синонимы қандай?
Мемелекетіміздің туының авторы кім?
Тәуелсіз еліміздің әнұранын кім жазды?
Нумизматика деген сөз нені білдіреді?
1993 жылы 15 қараша күннің ерекшелігі неде?
Мемлекетіміздің егемен ел болғанына қанша жыл толды?
Қазақстанның қандай қалаларын ел мақтанышы деп санауға болады?
Патриот деген сөзді қалайша ұғасыңдар?
Тақпақ айту сайысы.
Сабағымыздың тақырыбына сай берілген тақпақтардан 1 тақпақ таңдап орындап беріңдер. («Қазақстан картасы»Т.Молдағалиев, «Республикама қарашы!»М.Әлімбаев, «Мен қазақпын» (үзінді) Ж.Молдағалиев, «Қазақстан» (үзінді) Қ. Баянбаев, «Елтаңбасы», «Біздің ту», «Әнұран» Т. Молдағалиев).
3. Мақал-мәтел білу сайысы.
- Мақал-мәтел де тақпаққа жақын салт санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі олар маңызды, шыны келеді.
А) «Жалғастыр!»
- Жері байдың... (...елі бай)
- Отан- елдің анасы, ел... (...ел – ердің анасы)
- Туған жержей жер болмас... (...туған елдей ел болмас)
- Елің – панаң... ( ...жерің – анаң.)
- Ел-елдің бәрі жақсы ... (...өз елің бәрінен жақсы)
Б) «Мозаика». – Мозаикадан мақал құрастырып, мағынасын білдіру.
1. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
2. Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.
3. Бейбіт елде береке бар.
4. Басшысыз елде береке болмас.
5. Отан отттан да ыстық.
4.Суретшілер сайысы. «Менің болашағым»
5. Қорытынды кезеңі.
1) Жеңімпаз тобын мадақтау.
2)«Атамекен» әнін орындау.
3) Қ. Жанпеисовтың әні «Туған жерім»
Мерекелі тәрбие сағаты
Тақырыбы : «Ана - бақыт, ана – күн»
Сабақтын мақсаты : «Ана - бақыт, ана – күн» атты тәрбие сағатында
анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру,
ата-ананың мектеппен тығыз байланысын дамыту,
оқушыларды сыпайылыққа, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Мiндеттерi : 1. Оқушыларды аналарын, әжелерін, жалпы әйел
адамды аса құрметтеуін тәрбиелеу.
2. Оқушыларды ана туралы жазылған өлеңдерді, қазақ
елінің мақал-мәтелдерін білуге дағдыландыру.
3. Отбасындағы ынтымастық, көмек,жақсы өнеге-үлгі
алуына тәрбиелеу.
Көрнекiлiктерi : Балалардың аналарына, әжелеріне арнап, өз қолдарымен
дайындаған гүлдер мен құттықтау қағаздары; домбыра,
ватман, түрлі-түсті қағаздары, маркер, ұлттық киім.
Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу.
Мұғалім: -Көктемгі шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де ананың ақ сүтінен нұр алып,өсіп-өніп келеміз. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз – Ана. Үш ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез келген азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді.
1 жүргізуші: - Құрметтесек - ананы құрметтейік, дегендей мереке қарсаңында біз де осы бір аяулы аналарымыздың басын қосып отырмыз.
2 жүргізуші: - Жылына бір келетін мерекеде еңбектеріңізді бағалап, сый-құрмет көрсету біз үшін қуаныш әрі парыз да.
1 жүргізуші: - Олай болса ардақты әжелер мен сүйікті аналарымыз, мерекелеріңіз құтты болсын!
2 жүргізуші: - Отбасымыздағы ата, әже, әке, ана тәрбиесі бізге ұстан болып ұранға айналды. Сыныбымыздың ұранын қабыл алыңыздар.
(Сынып ұраны хормен айтылады)
Мұғалім: -Ал, балалар, сендердің анаға жандарың бөлек екеніне талай рет куә болдым. Ендеше «Ана» деген сөзге лайық сөздерді кезекпен айтып шығындар.
(«Ана» сөзіне ассоциация құрастырады)
- Ана қандай? ...
1 жүргізуші: - Біздің рухани өсуімізге асыл әжелеріміздің ықпалы зор. Олар ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада қолайсыз сөздерге тыйым қойса, үйде біздің үлкен қамқоршы болады.
2 жүргізуші: Мейірімді көзіңді,
Қамқоршы сөзіңді
Кемеңгерім көреген.
Өмірге азық өнегең.
Аяулы едің, не деген
Асыл әже! - дей келе,асыл әжелерімізге арнап, әсем би менен көркем әнді сыйлаймыз.
( Балалар домбыра мен күй тартып, 4 қыз бала би билейді)
Шағын әдеби монтаж.
Мұғалім: - Бүгінгі «Ана – бақыт, ана - күн» деп аталатын мерекеміз екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі аяқталып, екінші бөлімінде бес ананы ортаға шақырып, сайысқа қатысуыңызды сұраймыз.
( Аналар сахнаға шығады)
2 жүргізуші: Тербейді ана қуанышты, бақытты,
Тербейді ана – тебіренеді жаны шын,
Тербейді ана уақытты.
Барлық әлем бір-ақ бесік Ана үшін –
Тербейді Ана бөбегін.
Достарыңызбен бөлісу: |