Сабақ тақырыбы : «Елбасы еңселеткен Елордам»



Дата11.01.2017
өлшемі42,84 Kb.
#7198
түріСабақ
7-сынып Ашық сынып сағаты

Сабақ тақырыбы: «Елбасы еңселеткен Елордам»

Мақсаты: Оқушыларды 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне назар аударту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сынып сағаты

Әдісі: әңгіме, саяхат сабағы.

Көрнекі құралдар: презентация, көрме, Н.Назарбаев туралы бейнефильм.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушлармен амандасу, шаттық шеңберін құру.



ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және сабағымызға қатысып отырған қонақтар! Бүгінгі 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы еңселеткен Елордам» атты ашық сынып сағатына қош келдіңіздер. Бүгінгі сабақты бастауға рұқсат етіңіздер.



ІІІ. Елбасының өмір жолы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.



  • Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.

  • Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.

  • Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

  • 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

IV. «Цифрлар сөйлейді». Слайд бойынша оқушыларға жылдар беріледі, оқушылар жыл бойынша оқиғаларды атауы керек.

  • 1991 жылы 16 желтоқсан

  • 1991 жылы 1 желтоқсан

  • 1992 жылы 4-маусым

  • 1993 жылы 15-қараша

  • 1995  жылы 28-қаңтар

V. Елордамыз Астана қаласы туралы 3 минуттық бейнефильм көрсетіледі.

Мұғалімнің сөзі: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

VІ. Астана қаласына саяхат. Слайд бойынша Астана қаласындағы ең әдемі ғимараттардың суреттері беріледі, оқушылар олардың аттарын атауы керек.

VІІ. Сөзжұмбақ шешу:




















  1. П




































    Р





















    Е


























    З















    И

































    Д















    Е













































    Н





























    Т













    Елін сүйген, ұлтжанды азамат.

  2. Мемлекеттік нышан

  3. Елбасының алғашқы мамандығы

  4. Конституция – Ата ....

  5. Мемлекеттің сазды рәмізі

  6. Егемендік, бостандық

  7. Тәуелсіздік мерекесі атап өтілетін ай

  8. Еліміздің бас қаласы

  9. Астана қаласның символы

VІІІ. Президентке арнау.

Оқушыларға берілген үй тапсырмасы бойынша өз шығармашылықтарынан Президентке арналған өлең оқу.



ІХ. Қорытындылау.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
деп айтқандай, Елбасының мәртебесі асқақтай берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет