Сабақтын мақсаты : «Менiң Қазақстаным менiң болашағым»



бет3/3
Дата05.11.2016
өлшемі401,46 Kb.
#960
түріСабақ
1   2   3

1 жүргізуші: Сол арқылы тербетеді өз елін,

Құмын, тауын, өзенін,

Тербейді ана көлеңкені шуақты,

Планетаның алақаны сияқты, -дей келе, қымбатты Аналарымызды қошеметтейік!



2 жүргізуші: - Сайыстың бірінші шарты бойынша, аналар өздерін таныстырады.

( Аналарға сөз кезегі )



1 жүргізуші: -Екінші сайыс – мақал-мәтел сайысы. Мұғалім бастаған мақал-мәтелді аналарымыз арғарай жалғастыру тиісті.

Мұғалім:

  1. Ананың көңілі балада... ( баланың көңілі далада)

  2. Әке-асқар тау... (ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ)

  3. Ана алдында құрмет... ( ата алдында қызмет)

  4. Асығу-баланың ісі... (аттандыру-ананың ісі)

  5. Ағайын алтау... (ана-біреу)

  6. Ата көрген оқ жонар... (ана көрген тон пішгер)

  7. Ана сүтін ақтамағанды... (ешкім мақтамайды)

  8. Бала-ананың... (бауыр еті)

  9. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаңда... (қарызын өте алмайсың)

  10. Ердің анасы... (елдің анасы)

2 жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнер болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолыңда.



1 жүргізуші: Бармақтары майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шеберлер бар даңқы асқан

Ою ойып құрасқан, - дей отырып, аналарымызды жарысқа шақырамыз. (Ою оюдан жарыс)



1 жүргізуші: «Бала тілі - бал» демекші, біздің кішкентай жасымыздағы қызықты бір әңгіме немесе оқиға болса, соны айтып немесе шағын көрініс көрсетсеңіздер дейік.

( Аналар ойланып, естеріне түсіргенше, «Тик-тоник» биін қыздар тобы орындайды) Сайыс-көрініс.



2 жүргізуші: Жақсы көріп, өсірген,

Асымды беріп, дәмдеген,

Әсем киім кигізіп,

Талай шашымды өрген, -деп, ақырғы «Шаш өру» сайысына аналарымызды шақырайық.

(«Шаш өру» сайысы )

1 жүргізуші: Келді, міне, аналар сайысуға,

Болады аналардан үлгі алуға.

Салты бар, өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ қазы әділ баға, - дегендей, сөзімізді әділ қазы алқасына береміз.

(Аналарды марапаттау кезеңі )

Оқушылар хормен «Анаға сәлем» әнін орындайды.

Балалар аналарына, әжелеріне, мұғалімдерге, қыздарға сыйлықтарын береді.

1 жүргізуші: Ардақты аналар, асыл әжелер, ұстаздар, ару қыздар! Осы мейірлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын!

2 жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарына.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріміздің қадамыңа!



  • Қош сау болыңыздар!


Тәрбие сағаты
Тақырыбы : «Оқулық – білім қайнары»
Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу.

-Ұранды елдің – ұрпағы қайсар демекші тәрбие

сағаты әнұранның орындауымен басталады.
Сабақтын мақсаты : Оқулықтың білім алуына ықпалы зор екенін түсіндіру
Мiндеттерi : 1. «Білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі» болғандықтан,

білім мен біліктіліктің кілті – кітапта екенін сезіндіру.

2. Оқулықтарды қандай құрметпен, күтіп ұстауын маңыздау.

3. Оқырмандық қызығуды ояту.


Сабақтың түрі: кездесу ( кітапханашылар)
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның сөзі эпиграф ретінде қолдану; кітап туралы мақал-мәтелдер; шағын ескерткіш (2009-2010 оқу жылындағы кітапханаға барған экскурсияның фотосы)
« Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар»

Ы.Алтынсарин
I. Апталық ақпараттан шолу. (Қ. Жанпеисовтың дайындауымен)
II. Кіріспе сөз. Сынып жетекшісі оқушылармен кітаптың қандай түрлері

болатыны жөнінде диалог өткізеді.


III.2009-2010 оқу жылындағы кітапханаға барған экскурсиядан есте не

қалғанын тексеру. (Шалғынбаева А. және Советханова Ж.)
IV. Екінші топ оқушыларының тақырып бойынша дайындаған мәлімет.

1-ші оқушы: Адамның досы – кітап – өмір кілті.

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы өмір көркі.

2-ші оқушы: Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам ол үшін

Маңдай терін төгеді.

3-ші оқушы: Орманшының аялы

Алақаны өсірген,

Санау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

4-ші оқушы: Оқулықты құрметте:

Күтіп ұста, кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.
5-ші оқушы: Айдың шалқар кейдебір

Кітапты тұлған көл дейсің.

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін, шөлдейсің.


V. Кітапханашыларға сөз беріледі.
VI. Оқулық тексерушілер 1-ші тоқсанда өткізген рейд қорытынысын шығарады.
VII. Екінші топ оқушылары көрініс көсете отырып, оқулыққа байланысты сыныптағы балалардан тыйымды сөздерді талап етеді.
VIII. Қорытындысы.

Иманахмет А. және Худайбергенова А. қорытынды ретінде мәліметтейді.



Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті»

Ұйымдастыру кезеңi : Сәлемдесу.

-Ұранды елдің – ұрпағы қайсар демекші тәрбие сағаты әнұранның орындауымен басталады.



Сабақтын мақсаты : Оқушылардың Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі, ел басқару ісіндегі еңбегі жайлы білімін толықтыру.

Мiндеттерi :

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  2. Алған білімдерін мұражай құжаттары мен мұрағат материалдарымен толықтыруға жағдай жасау.

  3. Елбасын құрметтеуге және елдегі жүргізіліп жатқан саясатты қолдауға, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыптық слайд, бейнетаспа.

Сабақтың түрі: семинар сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Қазақстанда Президенттік лауазымның еңгізілуі және Президентті бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі.

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі.

    2. Президентті ұлықтау рәсімі.

  2. Тұңғыш Президенттің өмірбаяны және еңбек жолы.

  3. Президенттің билік тармақтарымен байланысы.

  4. «Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы орны»


1 – слайд. Сабақтың тақырыбы.


  1. Қазақстанда Президенттік лауазымның еңгізілуі және Президентті бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі.

Мұғалім: Қазақстанда Президенттік лауазымның еңгізілуі мен Президентті бүкілхалықтық сайлаудағы тарихи оқиғалар туралы не білеміз?
2 – слайд. Тарихи жылдар.

Жауап: Қазақстанда Президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында еңгізілді. Қазақ ҚСР Жоғары Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазаұ ҚСР-і Президенті қызметінтағайындау туралы заң қабылданды. Сөйтіп, Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады. Осы заң бойынша Президентті Жоғары Кеңес сайлауға тиіс болды. Алғашқы Президенттің өкілеттілігі біршама шектеулі болды. Билі, негізінен, Жоғарғы Кеңестің қолында болды. Жоғарғы Кеңес барлық мәселелер бойынша заң қабылдады, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Президенттің өкілеттілігі күшейілді.

Республика егемендігінің орнығуымен бірге оның Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі туындады. Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 қазанда 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Президенттік қызметке Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қрытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Қазақстандағы алғашқы президентті ұлықтау 1991 жылдың 10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті егемен елдің Туы астында , Конституцияға қолын қойып тұрып, Қазақстан халқына қалтқысыз қызмет көрсетуге салтанатты түрде ант берді. Дәл осы күні Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасы деп атау жөнінде шешім қабылдады.



    1. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі


Мұғалім: Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі туралы не білеміз?

Оқушы:

Қазақстан Республикасының Конституциясы

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішіндежәне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды ететін тұлға (40 бап).

  2. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (40 бап).

  3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді(40 бап).

  4. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды (41 бап).

  5. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді (3 бап).

  6. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды (42 бап).


«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы

  1. Республика Президентінің айырым белгілері - Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болады (6 бап).

  2. Республика Президенті қызметі бойынша «Алтын қыран» орденінің иесі болып табылады. «Алтын қыран» орденінің сипаттамасы, аталған орденді берудің негіздері мен тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді (6 бап).


3-слайд. Республика Президентінің айырым белгілері.


    1. Президентті ұлықтау рәсімі

Мұғалім: 2006 жылы11 қаңтарда Ақорда сарайында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұлықтау рәсімін бейнетаспадан көріп, өздерінің пікірлеріңді ортаға салыңдар.

(Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұлықтау рәсімін бейнетаспадан көру.)



Оқушы: Бейнетаспадан көрген мемлекет басшысын ұлықтау салтанаты маған үлкен әсер қалдырды. Рәсімге жетпістен астам алыс-жақын елдің өкілдері келді. Арасында сегіз елдің Президенті, атап айтқанда, Ресей Президенті В. Путин, Хорватия Президенті С.Месич, Өзбекстан Президенті И.Каримов, Украина Президенті В.Ющенко, Ауғанстан Президенті Х.Карзай, Тәжікстан Президенті Э.Рахмонов, Грузия Президенті М.Саакашвили, Қырғыстан Президенті Қ.Бакиевтің қатысуы, сондай-ақ, беделді халықаралық ұйымдар – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуроодақ, ШЫҰ-дан жоғары лауазым иелерінің келуі біздің Президентке деген үлкен құрмет жәнебұл үлкен тарихикүн деп санаймын.

Оқушы: Қазақстандағы алғашқы президентті ұлықтау рәсімі 1991 жылдың10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында өтсе, Президентті ұлықтаудың екінші рәсімі 1999 жылыжаңа елорда - Астана қаласындағы Конгресс Холлда ұйымдастырылды. 1998 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілуі нәтижесінде Президентіміз алғаш рет жеті жылдық мерзімге сайланды, ал үшінші инаугурация 2006 жылы 11 қаңтарда Астанадағы Ақордада өтті.

Бұл жолғы Президентті ұлықтау рәсімінің бұрынғылардан 4 түрлі ерекшелігі бар:



  • біріншеден, ұлықтау рәсімі жер бетіндегі бір жарым миллиардтан астам мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айтпен тұспа-тұс келуі;

  • екіншіден, қазақ ежелден сәтті күн санайтын сәрсенбінің сәтінде өткізілуі;

  • үшіншіден, нұрлы болашаққа бет алған еліміздің жасампаздығының символы болған Ақ Орда сарайында өткізілуі;

  • төртіншіден, миллиондаған қазақтың жүрегінен орын тапқан қазақтың ұлы композиторы Ш№ Қалдаяқовтың әніне жазылған әнұранның тұңғыш рет шырқалуы.

Мұғалім: Инауграция сөзінің мәнін қалай түсінеміз?

Оқушы: Инаугурация – бір мақсатқа ғұмыр арнау деген латын сөзі. Бағзы заманның қолбасшысы әскерінің жорығына, я патша қол астындағы ел-жұртының қамына «қызмет қыламын» деп басын тігіп ант берген,сол антты орындау жолында ақырғы демі таусылғанша алысып өткен. Заман өте әлгі сөз мағынасын кеңейтіп көне Римде белгілі тұлганың билікті қолға алуы, я болмаса ел басшысының қызметке кірісердегі салтанатты рәсімін «инаугурация» деп атады. Абай бұл рәсімді өлеңінде «ант мезгілі» деп атаған. Президентіміздің ант беру мезгілі ерекше түрде өткізілді, әсіресе, сахна төріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын Республикалық Ұлан жауынгерлерінің салтанатты түрде әкелуі және Ата Заңды Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың ұландық сарбаздардың қолынан асып, сахнада орнатыгған арнайы тұғырға қоюы әрқайсымызды үлкен сезімге бөлеп алды. Роговтың ақ киізді баспай, Конституцияны тұғырға қоюы – біздің дәстүрімізге деген құтметінің белгісі. Себебі ежелгі салт-дәстүріміз бойынша,ханды ақ киізге орап көтерген,сондықтан да бұл Елбасымыздың лауазымыз айқындайтын ерекше орын болмақ.

Оқұшы: Маған Орталы сайлау комиссиясының Төрағасы Оңалсын Жұмабековтың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайтадан сайланған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсыруы және Қоғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың мемлекет басшысына баянат беруі ұнады. Осы салтанатты ұлықтау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев меймандардың алдында және Қазақстан халқының алдында салтанатты түрде ант берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет