Тақырыбы : «Менiң Қазақстаным – менiң болашағым»
Ұйымдастыру кезеңi : сәлемдесу; әнұран, 5 топқа бөлу.
Сабақтын мақсаты : «Менiң Қазақстаным – менiң болашағым» атты тәрбие сағатында
оқушыларды туған жерiн, елiн, Отанын сүйуге, қазақ елiнiн рәміз-
дерiн қастерлеуге тәрбиелеу, болашақта өз бiлiмi , еңбегi арқылы
Қазақстанға үлесiн қоса алатынын сезiндiру.
Мiндеттерi : 1. оқушылар елi, туған жерi жайлы көп бiлiм алуға , Отан, туған
жер туралы мақал- мәтел, тақпақ,өлең бiлуге мiндеттi;
2. оқушылар өз елiнiң әнұраны мен рәмiздерiн жатқа бiлетiн,
патриот болуы тиыс;
3. жақсы оқуына, тәрбиелi болуына тырысу мiндеттi.
Көрнекiлiктерi : Қазақстан картасы, көгершiн суреттерi , мақал- мәтелдер, қанатты
сөздер.
Барысы : 1-шi тапсырма: Қазақстан елтаңбасындағы,жалауындағы суреттердiн ма-
ғынасын түсiндiру(1топ-көк түс, 2топ-жұлдыз, 3топ-тұлпар
4топ-бүркiт, 5топ-шаңырақ).
2-шi тапсырма: Ел ортасы Астана және туған қаламыз Ақсудын әйгiлi,
белгiлi жерлерiн айтып беру.
3-шi тапсырма: Қазақстанға, әлемге танымалы адамдардың атын бiлу.
4-шi тапсырма: Қазақстанның 5 iрi қалалардың атын бiлу.
5-шi тапсырма: Адамның 5 жақсы қасиеттерiн айтып беру.
Сабақтын қортындысы:
-Неге бүгiнгi сабақ «5 белгiсiмен» өттi?( 5 топ, әр топта 5 бала, 5 тапсырма, әр тапсырмаға 5 жауап, 5 шi сыныпқа көшу, сыныпта 5 ұл балалар бар)
Мәнерлеп оқу кезеңi : 1. Отан, туған жер, ел, бiлiм туралы мақал-мәтел айтып беру.
2. Тақтадағы қанатты сөздердi мәнерлеп оқу.
Ой- пiкiр «Егерде мен болашақта…».Балалар күн шуақтын артында «Болашақта кiм
болғым келедi, туған жерiм, Қазақстаным қандай
болғанын армандаймын?» деген сұраққа жауап
беріп, тақтаға iлiп қояды
Тәрбие сағаты №2
Тақырыбы: сыныптын автопортретiн құрастырамыз»
(Өзіміз және біз туралы)
Мақсаты: сынып оқушыларымен жақынырақ танысу; қарым-қатынасты
жақсарту; психологиялық байланысын ұлғайту; тазалыққа
көзқарасын қалыптастыру
Көрнекiлiктер: түрлi-түстi шарлар, гүлдер, балалардын суреттерi, ватман
кағазында cынып символы «Көңiлдi бала».
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Әнұранды орындау.
Барысы: I. Кіріспе сөз. Мұғалім оқушылардың өздері туралы қандай мәлімет
білгілері келетінін сұрайды.
II. Оқушылардың сұрақтары.
III. «Автопортрет» деген сөздін мағынасын талқылау.
IV. «5 «б» сыныптың автопортретін » салу үшін қандай мәлімет қажет?
( Оқушылар сұрақтарды жинақтайды)
Қандай сынып?
Бiздiң жасымыз
Бiздiң салмағымыз
Бiздiң бойымыз
Қанша көз бар? Қандай?
Қанша мұрын, ауыз, қулақ бар?
Қанша туған аға,сiңлi, қарындастарымыз бар?
Қандай үй жануарларымыз бар?
Қандай iспен айналысамыз?
Қанша ұл мен қыз бар?
11. Сыртқы бейнеміз қандай?( шашымыздың көркем жиналуы, формамыз)
V. Сұрақтарды талқылау кезеңі.
VI. Ватман қағазында сынып жайында жалпы мәлімет жазылады. Автопортрет
салынады.
Қорытыды кезеңi: Балалар өз аты жөнiн суреттің астына жазып қояды.
Үй тапсырмасы: Сыныптың атын, әнұранын, девизін шығарма ретінде
ойластырып әкелу.
Тәрбие сағаты №3
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысының қаһарманы Қасым Қайсеновпен танысу.
Мақсаты: Аға ұрпақтың өткен жолдарын, еңбектері мен ерліктерін қадірлеп-қастерлеу;
партизан-жазушы Қасым Қайсеновтын тағдырымен таныстыру.
Қолданылған көрнекіліктер: Қ. Қайсеновтың портреті, оның ата-анасы Қайса мен
Бижамалдың, жазушының Бауыржан Момышұлының бейті басындағы,
Президент Н.Ә.Назарбаевтың резиденциясында түскен фотосуреттері; шағын
көрме «Қайсеновтың кітаптары».
Барысы: Мұғалім Қ.Қайсенов туралы Ә.Кекілбаев пен М.Шахановтың сөздеріне
балалардың назарын аударады:
«Қасым Қайсенов – ерліктің ерен тұлғасы» (Ә.Кекілбаев)
«Ұлтымның дара батыры әрі рухани сүйеніші – Қасым аға. Қасым аға, бас аға! Құдай оны рух пен күш қоспасынан жасаған». (М.Шаханов)
1-ші оқушы: Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша мәлімет.
2-ші оқушы: Қазақстан еліміздің Ұлы Отан соғысының қаһармандары туралы сөз.
3-ші мен 4-ші оқушылар М. Мақатаевтің соғысқа арнаған шығармаларын мәнерлеп айтады.
Мұғалім: Көрнекіліктерге назар аудара отырып, Қ. Қайсенов туралы әңгімелейді. Қалайша соғыс қаһарманы қаруды қаламға айырбастырғаны; шығармалардың басты тақырыбы; кейіпкерлердің көбі – қарулас серіктері болғаны жәйінде әңгімені жалғастырады.
Қысқаша мазмұндама. «Жас партизандар»,«Жау тылындағы бала»,«Илько Витряк»,
«Переяслав партизандары».
Мұғалім : - Бұл кітаптар оқырмандардың, орыс, украин тілдеріне аударылып, ыстық ықыласына бөлінді.
Қорытыды кезеңі: Венн диаграммасын толтыру
№ 4 тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Фариза Оңғарсынованы білеміз бе?»
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Әнұранды орындау.
Мақсаты: Оқушыларды Фариза Оңғарсынованың шығармашылық жолымен таныстыру,
ақынның туған жер, ел-жұртына деген сүiспеншiлiгiн оқушылардын бойына
сiңiру, оқушылардың ой- өрiсiн дамыту, талғампаздыққа, әсемдiкке, поэзияны,
ақынның жан дүниесiн түсiне бiлуге баулу.
Қолданылған көрнекiлiктер: Ф. Оңғарсынованың портретi, ақынның сөздерi жазылған
плакаттар.
Кiрiспе сөз.
-Қурметтi оқушылар, бүгiн бiз қазақтың тамаша лирик ақыны Фариза Оңғарсынованын
шығармашылығына, өмiр жолдарына арналған тәрбие сағатын өткiзiп отырмыз. Бұл
ақынның биыл 70 жасқа толуы мерей жасы. Фаризаның көптеген өлеңдерiне компози-
торлар музыка жазып, өлеңдерi әнге айналып отыр.
- «Отты ақын», «сырлы ақын» Мұқағали Мақатаев нағыз досты көп iздеп, ақыры оны
Фариза Оңғарсыновадан ғана тауып, оған арнап «Фаризажан» деген әнiн жазады.
1-шi оқушы орындайды.
2-шi оқушы Фариза Оңғарсынованың өмiр жолы жәйiнда баяндайды.
05.12.1939 ж.- Атырау обл., Махамбет ауд., Манаш а. дүниеге келдi.
1961ж.- Атырау пединститутын бiтiрдi.
1961-1966ж.- орта мектепте муғалiмi, оқу iсiнiн меңгерушiсi, директоры болып iстедi.
1966-1970ж.- Гурьев обл. «Коммунистiк еңбек» газетiндегi әдеби қызметкер, «Ленин-
шiл жаз» газетiнiң меншiктi тiлшiсi.
1970-1978ж.- республ. «Қазақстан пионерi» газетiнiң бас редакторы.
1978-2000ж.- республ. «Пионер» журналының бас редакторы.
2000-2004ж.- ҚР мәжiлiсiнiң депутаты.
3-шi оқушы Ф. Оңғарсынованың марапаттарымен таныстырды.
1984ж.- Қазақстан Жоғары Кеңесiнiң «Құрмет белгici» грамотасы.
2001ж.- Парасат ордендерi мен медальдерi.
4-шi оғушы шыгармаларымен таныстырады.
1966ж.- «Манғыстау маржандары», өлендер.
1969ж.- «Мазасыз шақ», өлеңдер.
1972ж.- «Асау толқын», өлеңдер, сонымен қатар көптеген кiтаптар шығарған.
Оқушылар Ф.Оңғ,арсынованың сүйiп таңдаған өлеңдерiн орындайды.
Қорытындысы: Фариза Оңғарсынованың 70 жасқа толуына арналған альбом жасауына
ұсыныс.
Тәрбие сағаты №5
Тақырыбы: «Карты бардың-қазынасы бар»
«Ұстаз-ұлағатты жан».
Мақсаты: оқушыларды үлкенді сыйлау, ұстазды, қарияларды құрметтеуге,
қайырылымдыққа тәрбиелеу; ұстаздықтын маңыздығын түсіндіру.
Қолданылған көрнекіліктер: қанатты сөздер ( «Қарияларды ардақтап, етсең құрмет,
қартайғанда сені де етер ізет», «Ұстаз-ұлағатты жан»)
Гүлбадам-әжейді төрге қошеметпен шақырып, сәлемдесу.
1-ші оқушы: Баланың рухани өсуіне ұстаздың, ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдыменбаланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Мектепте, көшеде, журген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі – тәрбие.
2-ші оқушы: Олай болса, біздің құрметті әжеміз, ардагер ұстаз, Давлятчина Светлан Васильевна бізде қонақта. Хош келіпсіз!
Немересі: Мейрімді көзіңді,
Қамқоршы сөзіңді
Кемеңгерім көреген
Өмірге азық өнеген
Аяулы едің не деген
Асыл әже! –дей келе, қонаққа арнап, «Асыл әжем» әнін 3 оқушы орындайды.
Гүлбадам-әжеймен сұхбаттасу.Өмір жолымен танысу ретіндегі оқушылардың сұрақтары:
Қанша жыл ұстаз еттіңіз?
Неше немереңіз бар? Отбасыңызда немерелеріңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді?
Ұстаз болып еңбек еткен кездегі бір қызықты, есте қалған уақиғаны айтып берсеңіз.
Немереңіздің ұнамай қалған немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма?
20-25 жыл бұрын оқушыларыңызбен бізді салыстыра отырып, не айтқыңыз келеді?
Қонаққа арналған би орындалады
1-ші оқушы: Асқар тауым,ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама.
Ер жетсемде еркелігім қадмайды;
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.
Сынып жетекшісінің ұсынысы: - Қарттар жөнінде қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Үлкеннің алдын кеспе
Үнемі сәлем бер.
Үлкенге қарсы шықпа.
Үлкеннің батасын қабыл ал.
Қарияларды ренжітпе. Т.б.
Сынып жетекшісі: - Балалар, біз ата-әжелеріміздің алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек қана жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адам жүрегінде орын алатын қасиет.
Оқушылар қосылып орындайтын бір шумақ ән
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісін.
Самамл жел саябақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Қорытынды кезеңі:
Сынып жетекшісі: Қарттарымызды ардақтап өтейік. Оларды сыйлап, қадірлеңдер! Алдағы өмірлеріңде жүректерің кең, адал, мейрімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонағымыздан Ақ бата алып, сыйлығымызды беріп, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Светлана апайдың балаларға арнаған тілегі.
Оқушылар қонаққа гүл, сыйлық, құттықтау открыткасын бере отырып, коштасып, шығарып салады.
Тәрбие сағаты № 6
Тақырыбы: «Адамгершілік құндылықтар»
Мақсаты: Рухани байлықты, мейрімділік, қайырымдылық, адамгершіліе, адам
баласына тән жақсы қасиеттерді оқушылардың бойына қалыптастыру;
шапшаң ойлауға, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білуге мүмкіндік
беру; тіл байлықтарын дамыту.
Қолданылатын қажет нәрселер: оқушылардың суреттері, таратпалы үзінділер, гүл шоғы, нақыл сөздер, торға қамалған көгершіннің суреті.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-бірімен сәлемдесіп, әр түрлі көңіл-күй көрсетілген суретке қарап, өздеріне лайық деген суретке көңіл бөлді.
Оқушылар торға қамалған көгершінді ( мейрімсіз жандар қамап қойған) қалай босату әрекеттерін ойластырады.
Мұғалім: Қазақ халқының қонақжай болып келетінін айта тұрып, оқушылармен үйде қонақты қандай көңіл-күймен қарсалатын туралы әңгіме жүргізді.
Қонаққа орыс тілі пәнінің мұғалімі келеді.
Оқушылар жағымсыз әдеттерді айтады. Қонақ көгершінді босата бастайды.
Нақыл сөздерді оқытып, ой қозғау.
Сергіту сәті. Адамгершілік жайында шағын шығарма жазып, шығармаларын оқыту.
( орыс және қазақ тілінде )
Сөзжұмбақты шешу. ( «адамгершілік» )
Қонақ орыс тілінде адамгершілік құндылықтарын қаза тіліне аударғанын ұсынады:
Милосердие, человечность, доброта, заботливость, уважение, вежливость.
«Тілек айту». Оқушылар бір-біріне таратпалы үзінділерді сыйлап, тілек айтады.
Гүл шоғын қонаққа сыйлап, оған да қазақ және орыс тілінде тілек айтады.
Қонақ көгершінді босатады.
Қорытынды кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |