Сабақтын тақырыбы: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Сабақтың мақсаты



Дата01.09.2022
өлшемі29,57 Kb.
#148609
түріСабақ
Байланысты:
8 сынып


Күні
Сыныбы 8 сынып
Сабақтын тақырыбы:  Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік жүрек, оның құрылысы мен қызметі жөнінде айта отырып, олардың
айырмашылықтарын, бөлімдерін, атқаратын қызметтерін меңгерту.
Дамытушылық жүрекшелер мен қарыншалардың рөлін ғылыми тұрғыдан түсіндіре отырып,
алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауға
дағдыландыру.
Тәрбиелік денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу


Сабақтың типі аралас
Сабақтың түрі дәстүрлі
Сабақтың әдісі бірлескен топпен жұмыс, миға шабуыл, баяндау
Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта, плакаттар, муляждар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
ІV Жаңа білім беруге дайындық
Жаңа сабақты түсіндіру
VІ Сабақты бекіту
VІІ Бағалау
VІІІ Үйге тапсырма беру
І Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
2.Оқушыларды топқа бөлу
3.Оқушылардың назарын сабаққ аудару
Психологиялық тренинг
«Көңілді қолшатыр»
Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына бүгінгі күнгі өзіңіздің көңіл күйіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз. Неше сым сонша сөз болу керек. Ол қолшатырды көршіңізге сыйлап, оның көңіл күйін көтеріңіз.
Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз беріледі, оның артына 1,2,3 саны жазылып, оқушылар сан бойынша 3 топқа бөлінеді
1-топ: Эпикард
2-топ: Эндокард
3-топ: Миокард
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ-жауап доминосы
Оқушыларға сұрақ-жауап жазылған үлестірме таратылады, бірінші оқушы қолындағы сұрақты оқиды, оның жауабы басқа оқушыда, ол жауапты, сосын сұрақты оқиды, осылай жалғаса береді
Сұрақ: Жүре пайда болатын иммунитет
Сұрақ:Лимфоциттер деген не? Сұрақ: Гемоглабин қандай қызмет атқарады? Сұрақ: Лейкоциттер қандай түзіледі? Сұрақ: Фагоцитоз теориясын ашты Сұрақ: Қанның ұюыны не әсер етеді? Сұрақ: Гемофилия ауруы қалай сипатталады? Сұрақ: Резус фактор дегеніміз не? Сұрақ: Донор деген кім? Сұрақ: Организмнің ішкі ортасы?
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Қан мен мінез. Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтауға болады екен.
Бірінші топ қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылысқа көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
Екінші топ – сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекетін мұқият бақылап отырад
Үшінші топ – секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.
Төртінші топ – көздеген мақсатына жетуге жан-тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.
ІV Жаңа білім беруге дайындау
Жүрек қай жақта және қайда орналасқан ? Жүрек қандай қызмет атқарады?
V Жаңа сабақты түсіндіру
«Мың естігеннен, бір көрген артық» (бейнеролик)
Жүрекке жалпы сиаттама.
Ойынның аты «Сен бізді білесің бе?» Шақырылған ойыншы сол топтың атына байланысты білетіндерін айтады.
Эпикард
Эндокард
Миокард
Электронды оқулықты қолдану арқылы оқушыларға жұректің құрылысы мен қызметін, реттелуін көрсету.
Әр топқа тапсырма беру. Топпен жұмыс. Зерделей отырып әр топ өз ойларын постерге түсіреді,қорғайды.
1-топ: жүректің құрылысы
2-топ: жүректің қызметті
3-топ: жүректің реттелуі
Әр топқа тапсырма беру.
2-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
1-топ: Терминдік болжам. Тақырып бойынша жаңа сөздерді дәптерге жазу.
2-топ: Жүрекке жарнама жасау. Өз ойларын дәптерге жазу топ болып.
3-топ: “Сандар сырына саяхат”. Тақырып бойынша дәптерге жазу
VІ Сабақты бекіту.
«Ыстық алақан»
1 топ сұрақтары.
1. Жүрек автоматиясы қандай құбылыс ?
2. Ерекше жалпақ жасушалар жүректің қай қабатында болады ?
3. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасында қандай айырмашылық бар ?
4. Жүрек бұлшықет жасушаларын ата
5. Жүрек ауруларын зерттейтін ғылым
6. Электрокардиограмма деген не ?

  1. топ сұрақтары.

1. Адреналин гормонының әсері қандай реттелуге жатады ?
2. Жүрек жұмысы неше жолмен реттеледі ?
3. Жүрек қабының ерекшелігі неде ?
4. Жүректің қабаттары қандай ұлпалардан түзілген ?
5. Қанды жүректен алып шығатын тамыр
6. Жүйкелік реттелу дегеніміз не ?
3 топ сұрақтары.
1. Қанайналым жүйесі туралы не білесіңдер?
2. Жүрек қайда орналасқан?
3. Бір жастағы нәрестенің жүрегі 1 минутта неше рет соғады ?
4. Үлпершек дегеніміз не ?
5. Жүрек ауруларын зерттейтін ғылым
6. Қанайналым дегеніміз не ?
Рефлекция Оқушылар бүгінгі сабақты түсінген – түсінбегенін бағдаршам арқылы стикерге жазып білдіре алады.
Барлығын түсіндім - жасыл түс
Енді түсініп келемін - сары түс
Түсінбедім - қызыл түс
VІІ Житондар арқылы бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма беру. § 33 Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет