Сыныбы: 4«А»
|
Бастауыш сынып мұғалімі: Калимулдина Ж.М
|
Сабақтыңтақырыбы:
|
Қарсы мәндес сын есім
|
Пәні:
| Қазақ тілі |
Мақсаты:
|
Сын есім, қарсы мәндес сын есімдерге сөйлемдер құрастыра білуге үйрену.
Сөйлемдерден сын есімді және қарсы мәндес сын есімдерді таба алады.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
*Сын есімдерді, қарсы мәндес сын есімдерді ажырата алады.
* Сын есімдерге, қарсы мәндес сын есімдерге сөйлемдер құрастыра біледі.
|
Керекті жабдықтар:
|
Қазақ тілі оқулығы 4-сынып , Әдістемелік нұсқау, жұмыс дәптері,
|
Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдер
|
СТО, оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау, жас ерекщеліктеріне қарай бағалау.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңберіне шығып, тілек айту.
Суреттер арқылы топтарға бөліну, топ басшысын сайлау. Топ ережесі
II.Үй тапсырмасын тексеру.
6-жаттығу.
1.Суретке қарап, әңгіме құрастыр. Әңгімеңе қарсы мәндес сын есімдерді қатыстыр.
2. Ереже сұрау.
*Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сын есімдерді жұптап жаз.
ұзын қараңғы
жарық кіші
кең қара
алыс қысқа
үлкен тар
ақ жақын
|
Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып, топқа бөлінеді. Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылық- тары артады. Көңілдері көтеріледі.
|
Тұсаукесер
|
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Заттардың түсі, көлемі, салмағы, сапасы т.б. қандай болады?
- Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланыста?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Негізгі бөлім
|
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
7-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сын есімдерді тап. Олардың мағынасына назар аудар.
1.Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
2.Жақсы бала-қуаныш, жаман бала-өкініш.
ІҮ.Өзіндік жұмыс
1.Өлеңді оқып, жатқа жаз.
*Қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.
2.Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
! Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.
Мысалы: жарық-қараңғы, ыстық-суық.
Ү. Топпен жұмыс
1-топ: Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде және оларға қарсы мәндес сын есім тап.
2-топ: Суретке қара. *Керікті сипаттап жаз.
3-топ:Сөйлемдерді көшіріп жаз.
*Қарсы мәндес сын есімдерді тауып, астын сыз.
ҮІ. Шығармашылық тапсырма
Берілген сын есімдерді жұптастырып жаз.
*Қандай белгілеріне қарай жұптастырдың?
*Қарсы мәндес сын есім не үшін қажет деп ойлайсың?
*Мағынасы жуық сын есімдерді бір бөлек, қарсы мәндес сын есімдерді бір бөлек топтастырып жаз.
|
Берілген жаттығуларды дәптерлеріне жазады, таладанады, талқылайды.
Өзіндік жұмыс беру.
Топпен жұмыс беру.
Шығармашылықпен жұмыстанады.
|
Қорытынды
|
1.Сын есім тіркесімен аталатын республикамыздағы қала, тау, көл аттарын атаңдар.
2.Сын есім тіркесімен келетін әдеби шығармалардың аттарын және авторларын ата.
|
|
Бағалау
|
Басбармақ әдісі арқылы бағалау.
|
Балалар басбармақ арқылы бағалайды
|
Үйге тапсырма
|
15-жаттығу, 167-бет
Ереже қайталау
|
Күнделіктеріне тапсырмаларды жазып алады.
|
Рефлексия
|
1.«Не үйрендім?»
2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу.
|
Рефлексия жазады
|