Сабақтыңтақырыбы Дәстүр мен мәдениет Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата22.08.2017
өлшемі90,89 Kb.
#23802
түріСабақ

САБАҚ: қазақ тілі Т1

№ 1


Мектеп: Петропавл қ. ХББ НЗМ




Күні: 06.10.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Калиева А.М.

Сынып: 9 с

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Дәстүр мен мәдениет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

О4 Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады, шешім қабылдайды.

Сабақтыңмақсаттары

Көзқарастарды дәлелдеп, шешім шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Жетістік критерийлері

-мәтін негізіндегі көзқарастарды оқып-талдайды;

-көзқарастар бойынша шешімге келеді;

-өз пікірін дәлелдейді.


Тілдік міндеттер(соның

ішінді (ЖА) жаһандық

азаматтықтың негізгі

элементтері):

ЖА білу және түсіну:

  • Адамдар мен мәселелер туралы өзге және басқа ұсыныстарды талдау

  • Жаңа идеяларға ашық болу

ЖА құндылықтары:

  • Адамзаттың дамуы мен технологияның дамуындағы байланысты түсіну

ЖА дағдылары:

  • Басқа адамдардың даралығы мен өзіңнің даралығыңды бағалау

  • Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, өнер, тарих

Осығандейінмеңгерілгенбілім

Фольклор, аңыз-ертегілер

Жоспар




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

1 сабақ


1.Сабақтың оқу мақсаты мен жетістік критерийлері анықталады.

Қызығушылықты ояту. "Суреттер сөйлейді"

Қосымша сұрақтар.

-Қалай ойлайсыңдар, халқымыздың барлық салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды ма?

-Оның себебі неде?

Оқылым тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс. Оқу барысында мәтінді маркерлеу.

+


-

?

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса (айдар тағу, қонақ кәде, бастаңғы және т.б.), кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.



Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.

Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.

Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Пікірлер


 Нұржігіт Айдархан

29 қараша 2013, 02:36

Мыналардың біразы біздің жақта, оңтүстікте әлі бар. Тек кейібірі басқаша аталады. Әзір ұмтыла қоймады. Шүкір

 Динара Ахметжанова

03 наурыз, 21:57

Cәлеметсіз бе!!! Мен сіздің ойыңызбен толықтай келісемін. Әрине, қазіргі уақытта көптеген қазақ халқының салт - дәстүрлері ұмытылып бара жатыр. Осындай кең аудиториялы сайтқа ұмытылып бара жатқан дәстүрлер мен салттар туралы жазғаныңыз үшін алғысымды білдіремін!

 Бақжан Рахым

03 наурыз, 23:07


Мен сіздің ойыңызбен толық келісемін. Иә, осы дәстүрлердің бәрін дерлік біз ұмытып кеткенбіз. Қазіргі мына технология мен техника дамыған заманда бұл салт -дәстүрлер қайдан есте қалсын. Сізге айтар ұсынысым. Егер сіз осы салт-дәстүрлер қайда сақталғанын және сол тозығы жеткен дәстүрлерді қайта жандандырудың жолдарын жазсаңыз,мақалаңыз одан да қызық болар еді.

 Әділет Садық

04 наурыз, 19:05

Мақалаңыз мәні зор екен. Өзекті мәселені қозғапсыз. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы басым бағыттарының бірі – мәдениетті дамыту. Мәдениетті,дәстүрді және даралықты қайта өркендету арқылы біз ұлтымызды өркендетеміз. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.

Оқылым соңы тапсырмасы:



Жұптық жұмыс. Көзқарастар картасын құру ( маңызды мәліметтерді көрсетіп, бір-бірімен пікір алмасады).

Нұсқаулық:

- тек кілттік сөздер мен сөз тіркестерін жазу;

-кілттік сөздер арқылы өз таңдауларын дәлелдеп айту.



Жеке жұмыс.«Төрт сөйлем» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі ойды қорытындылап, өз пікіріңізді дәлелдеңіз.

1. Пікір. Соңғы көзқарас бойынша өз пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

4. Қорытынды. Барлығынан бір қорытынды шығарыңыз.

massaget.kzБлогтар


Сабақтың соңы


Бағалау. Критерийлер бойынша.

Ауызша комментарий (Рефлексия).





Қосымша ақпарат




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайтапсырмаберудікөздепотырсыз?

Бағалау – Оқушылардыңақпараттықаншалықтымеңгергенінқалайтексересіз?

Пәнаралықбайланыс

Қауіпсіздікережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелік элемент)

















Ойлану

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыжүзегеасырымдыболдыма?

Бүгіноқушыларненіүйренді? Сыныптағыоқуатмосферасықандайболды? Дифференциацияныжүзегеасыруқолымнанкелдіме? Мен жоспарланғануақытымдыұстандым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?


Төмендеберілгенбөлімді осы сабақтуралыойларыңыздыжазуүшінпайдаланыңыз. Солжақбағандаберілгенсабағыңызғақатыстыеңмаңыздысұрақтарғажауапберіңіз.









Жалпыбаға

Сәттіөткенекінәрсеніатапкөрсетіңіз (сабақ беру жәнеоқытуғақатысты)?

1:
2:
Қандайекінәрсесабақтыңодан да жақсыөтуінеықпалынтигізереді (сабақ беру жәнеоқытуғақатысты)?

1:
2:


Осы сабақбарысындасыныпнемесежекеоқушылартуралыменіңкелесісабағымадайындалуүшінқажетболуымүмкінқандайақпараталдым?






Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет