Сабақтың басы
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу тренингі өткізіледі.
Оқушылар ішкі шеңбер мен свртқ шеңбер құрып тұрады.
Сұрақ:
- Мектептегінің бәрі біздікі екенін дәлелдеңдер.
- Мектепке оқушылар не үшін келеді?
- « Мектеп – білім ордасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
Суреттері бойынша әңгімелеу.
- « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді қалай түсінесіңдер?
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Менің мектебім» тақырыбында сурет салу беріледі.
Түсіндіру.
- Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Оның басшылары бар. Балалардың сауатты болуына, қазағымыздың болашағын ойлап, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин.
- Осы ұстазымыздың қандай өлеңін жатқа білеміз?
Жатқа сұрау
- Жарайсыңдар, біздің білім алып жатқан мектебіміз қалай аталады?
(оқушыларға слайдтан мектеп суреті көрсетіледі)
- Осы мектепке келерде қандай көңіл-күйде боласыңдар?
- Қуанамыз, қуанышты көңіл – күйде боламыз.
- Олай болса, « Мектебім - қуанышым» тақырыбына берілген мәтінді оқиық.
Мұғалім оқиды. Оқушыларға оқыта отырып түсіндіріледі.
Мектептің сыртқы көрінісі туралы не делінген?
Достары жайында не айтады?
- Өз достарың туралы не айтар едің?
Мектебі кімнің атында екен? (Өз мектебіміз жайында айтылады).
- Мектебімізде түрлі үйірмелер бар. (Суреттері көрсетіледі)
Ыбырай Алтынсарин
қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді.
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|