Сабыр Шәріпов Орындаған: Шакен Аружан ҚТӘ-312


өмір жаршысы, революционер, қоғам қайраткері



бет3/4
Дата14.05.2022
өлшемі0,59 Mb.
#143203
1   2   3   4
Байланысты:
11 апта практика Шакен Аружан-1652408854676
Ақпараттық хат
өмір жаршысы, революционер, қоғам қайраткері
Сабыр Шәріповтің ұйымдастырушылық, іскерлік қабілет дарыны бұл тұста да жарқ етіп көрініп, ақтөбелік мұнайшыларды оң нәтижелерге бастайды. Сабырдың тікелей басшылығымен Темір қаласының базасында әртүрлі құрылыс-монтаж жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып, механикалық шеберханалар, тұрғын үйлер салынады, кооперативтік қызмет көрсету мекемелері, мектептер мен қызыл бұрыш, кітапханалар іске қосылады. Мұнай өнді­рісіне қажетті кәсіби жұмысшылар дайындау мақсатында Сабыр Шәріпов Темірде өзі 1925 жылы Доссорда ашқан тау-кен училищесінің үлгісімен оқушыларды диспетчер, бұрғышы, оператор, тас қалаушы, құбыр тартушы т.б. мамандықтарға үйрететін, жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін екі жылдық кәсіби оқу комбинатын ұйымдастырады. Ақтөбелік жастар, сонымен қатар, Сабырдың арнайы жолдамасымен Гурьев, Уфа, Орынбор қалаларындағы мұнай саласы бойынша геолог, инженер-техник мамандар дайындайтын техникумдарға да уақытылы жіберіліп отырады. Оған мысал, мұрағат материалдарының ішінде С.Шәріпов Солтүстік (Темір) ауданын басқарған сол жылдарда екі жүзге жуық ақтөбелік жас кәсіби білім алып, мұнай өндіру ісіне арнайы техникалық дайындығы бар маман ретінде араласқаны жөнінде нақты деректердің күні бүгінге дейін сақталуы. 1929-1932 жыл­дары «Ембімұнай» тресінің Ақтөбеде қарқынды еңбек еткен Солтүстік (Темір) ауданы Сабырдың шебер басқаруымен бүкіл Одақ көлемінде мұнай саласы бойынша ең үздік техникалық көрсеткіштерге қол жеткізеді. Ол КСРО-ның әртүрлі аймағында сол жылдарда тұрақты жұмыс істеген ең ірі 10 мұнай өндіруші мекеменің ішінен озат шығып, 4 жыл қатарынан Одақ көлемінде бірінші орынды иеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет