Байланысты: 11 апта практика Шакен Аружан-1652408854676
«Бекболат», «Алтыбасар», «Ләйлә», «Рузи Иран» және т.б. әдеби шығармалары бар. 1924 жылы Сабыр Шәріпов Бүкілодақтық Халық Шаруашылығы Кеңесінің шешімімен Қазақстандағы қара май өндірісін жолға қою және өркендету мақсатында Жайық-Жем мұнайлы өңіріне Орталық Комитеттің уәкілі ретінде қызметке жіберіледі. Өзі келген Доссор кентінде аудандық партия комитетін құрып, мұнайшылар қалашығын тұрғызуға жетекшілік жасайды, мұнай саласы үшін кәсіби жұмысшы мамандар даярлайтын училище ашады. Осы кезеңде «Доссор» мұнай кәсіпшілігінің базасында Москвадан басқарылатын «Ембімұнай» мемлекеттік тресі құрылады. С.Шәріпов сол трест бастығының орынбасары боп тағайындалады және бұл жұмысымен қоса «Доссор» мұнай өндіру басқармасының директоры қызметін атқарады.