Жібек жолы б.з.б II ғасырдың ортасында аса ірі сауда және дипломатиялық жол ретінде белгілі болды. Қытай елінің императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған Чжан-Цзян бастаған елшілік еліне 13 жылдан кейін оралған. Осыдан кейін б.з.б I ғасырдың ортасында Қытайдан Қазақстан мен Орта Азия арқылы Батыс елдеріне жібек артқан керуендер жолға шығады. Ал Батыстан, Жерорта теңізі аумағынан Қытайға қарай тауар тиеген керуендер, түрлі елшіліктер жүре бастайды.
Жібек жолының Батыс пен Шығысты жан-жақты байланыстырған қатынас жолы екенін жоғарыда айттық. Жібек жолы шығыстағы Қытай елінен, нақтырақ айтқанда Хуанхэ өзенінің бойынан басталады. Орта Азия мен Қазақстан жеріне келгеннен кейін Жібек жолы бірнеше тармаққа бөлінеді.
Оңтүстік Қазақстан ,Испиджаб қаласына Фенғана, Самарқан, келіп және екі тармаққа бөлінген. Ирак,Сирия, Иран 1.Орта Азия елдері мен Жерорта 2. Түркістан арқылы теңізіне шыққан. Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағынан айналып,Еуропаға қарай өткен.