Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі33,28 Kb.
#31336
түріСабақ
ҚМЖ-2

7-СЫНЫПТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы мен еліміздің аумағындағы бағыттарымен таныстыру. Ұлы Жібек жолының Қазақстан шін әлеуметтік, экономикалық, мәдени маңызын ашу.



2. Дамытушы: Ұлы Жібек Жолының саудаға, шаруашылыққа, мәдениетке, халықаралық қатынасқа тигізген әсері.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың Ұлы Жібек Жолы кезіндегі сауданы қазіргі Қазақстанның және өзге мемлекеттердің сауда дамуымен салыстыра білу. Баға беру қабілеттерін дамыту. Өзіндік жұмыстар жасай білуге дағдыландыру; Заман талабына сай оқушыларды еңбексүйгіштікке, біліімді болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Ұйымдастыру формасы: Топ, жұп, жеке

Әдіс- тәсіл: диалогтық, тірек сызба, картамен жұмыс, лақтырылған сұрақтар

Көрнекілік, сабақ жабдығы: Inter-активті тақта; электронды сабақ- компьютер; Қазақстан Республикасының картасы; оқушылар шығармашылығы (папкалар);Ұлы Жібек жолының картасы

Қосымша сабақтар: Интернет ақпараттары, оқушылар шығармашылығы,қосымша әдебиет.Қазақстан тарихы, төрт томдық, 1 том, Атамұра баспасы, Алматы 1996 жылы. 491-504 беттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география, Дүние жүзі тарихы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:



Уақытты жоспарлау

Сабақта өткізілетін іс-шаралар

Ақпарат көздері

І Қызығушылығын арттыру сатысы

5 минут

2 минут

5 минут

3 минут


1.Картадан мозайка құрастыру арқылы сыныпты ІІ топқа бөліп, ат қою.

І топ Тарихшылар

ІІ топ Жертанушылар

2.Мозайкадан не көріп отырмыз, оқушылар? Онда біздің бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?

3.Онда біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай болмақ?

4.Сергіту сәті. Жібек құртынның, жібектің кеппе түрін оқушыларға көрсету.

5. Ұлы Жібек жолына постер құру. Постерді қорғау.

6.Ұлы Жібек жолының өткен сабақтағы мемлекеттердің тарихына қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?



Карта-мозайка

Интербелсенді тақта

Мұғалімнің сөздері

Тірек сызба



ІІ

Мағынаны ажырату сатысы

15 минут

2 минут


1 минут

1.Оқушылар интертетте біз өз мектебіміздің жеке сайтын ашпақ едік. Сол сайтқа Ұлы Жібек жолы туралы мына сұрақтар арқылы ақпараттар салу қажеттігі туындап отыр. Сол сайтты жасауға сіздердің көмектеріңіз тисе нұр үстіне нұр болар еді.

Әр оқушыға қағазға жазылған сұрақтарды лақтыру. Сұрақтар үш деңгейде жасыл қағазға жазылған сұрақ бірінші деңгейдің, көк қағазға жазылған сұрақтар екінші деңгейдің, ақ қағазға жазылған сұрақтар үшінші деңгейдің сұрақтары. Сұрақтардың жауаптарын диалогтық әдісті пайдаланып ашу. Жақсы жауап берген оқушыларға смайликтер таратып отыру.

Сергіту сәті. Қара жорға биі

Оң жақта тұрған оқушылар бірінші, сол жақта тұрған оқушылар екінші топқа отырамыз



Оқулық;

Қазақстан тарихы томдары;

Интернеттен алынған ақпараттар;

Ұлы Жібек жолының картасы

Интербелсенді тақта


ІІІ Ой толғаныс сатысы 5 минут

5 минут

1 минут

1 минут

Сабақтың бірінші кезеңінде Ұлы Жібек жолына жасалған постерді толықтыру. Постерді қорғау

Сабақты қорытындылауды Не үйрендім, маған ұнады, не білгім келеді кестесіне қарап тұрып ауызша қорытындылау.

Бағалау.Әр оқушы өзін бағалайды.

Үйге: Қағазға жазылған сұрақтар: Егер сен орта ғасырларда хан, қаған, батыр, шерби, тегін, бек, уәзір, гурхан болсаң Ұлы Жібек жолының одан әрі дамуы үшін қандай іс-әрекеттер жасар едің?



Менің сабақтан кейінгі көңіл-күйім кестесіне смайликтер жапсыру

Тірек сызба


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет