Сабақ 1картасы бойынша, Қазақстан тарихынан 9-класқа арналған сабақ жоспары



Дата10.03.2017
өлшемі48,39 Kb.
#11154
БжС технологиясының ауызша сабақ – 1картасы бойынша, Қазақстан тарихынан 9-класқа арналған сабақ жоспары.

Ақтөбе қаласы №1 орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі: Куламанова Л.Л.
Сабақтың тақырыбы: Республика егемендігінің жариялануы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам, Президенттік басқару институтының енгізілуі, республика егемендігінің жариялануы туралы түсінік беру;

Дамытушылық – Белсенділіктерін арттырып, тарихқа қызықтыра отырып білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелілік – Тарихи санасы қалыптасқан, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: тақырып бойынша тың мәлімет беру.
Әдісі: дәріс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайд, Қазақстанның саяси картасы
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сергіту сәті. (3 мин.) Сәйкестендіру.
(Оқиғалардың болған жылдарын белгілеу)


  1. Д.А.Қонаев Қазақстан ОК. Компартиясының

бірінші хатшысы болып тағайындалды. 1989 ж. 22 қыркүйек

  1. Ауғанстаннан Кеңес әскерлері шығарылуы

басталды. 1960 жыл қаңтар

  1. 1979 жылы неміс автономиясының

орталығы ретінде жоспарланған қала Жаңаөзен

4. Қазақ КСР-нің Тіл туралы заңы қабылданды 1989 жыл қаңтар

5. 1989 жылы маусымда халық көтерілісі болған қала Ерементау

6. 1989 жылы шілдеде жұмысшылардың

бас көтеруі болған қала Қарағанды

ІІІ. Жаңа тақырып


  1. Түсінік беру. (5 мин.)




  1. Есте сақтау (1 мин.15 сек.)




  1. Демократия 8) Одақтас

  2. Депутат 9) Декларация

  3. І. Съезд 10) Егемендік

  4. Экономика 11) Меншік

  5. Нарық 12) Қаз.КСР-і Президенті

  6. Реформа 13) Жарлық

  7. Жастар 14) Ынтымақтастық


3. Мәтінді оқу (10 мин.)
4. Қарама-қарсы сұрақ
1. Балтық бойындағы ұлттық- демократиялық қозғалыстар қандай мәселе көтерді?

(Жаңа одақтық шарт жасау)

2. Халық депутаттарының І. съезі қай жылы өтті? (1989 жылы маусымда)


3. Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалған жыл. (1990 жылы сәуірде)
4. Қазақстанның тәуелсіз ел болуын талап еткен жастардың 1990 жылы қазан қазан айындағы әрекеті. (Күн сайын партия комитеті үйінің алдында пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.)

5. 1990 жылғы 25 қазандағы жаңалық? (Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланды.)


6. Егемендік туралы құжатта қандай мәселелер белгіленді? ( Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары т.б.)
7. Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде жарлықты кім шығарды ? (Қазақстан Президенті)
8. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі қай жылы жарияланды? (1990 жыл 25 қазан)
9. Қазақстан Президентіне еркін қимылдауына, экономикада, шет елдермен қатынаста еркін қимылдауына жол ашқан қандай жағдай? (Егемендіктің жариялануы, орталыққа тәуілді болмау)

10. Егемендік туралы декларацияда қандай меншік белгіленді? ( Қазақстанның орналасқан аумағына, оның қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына)


11. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде қай елдермен байланыс жасады? ( Беларусьпен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украинамен)
12. Семей атом полигоны қай жылы жабылды? (1990 жылы)
13. Егемендігін алған бұрынғы одақтас республикалармен Қазақстан қандай келісімге қол қойды? (Өзара достық және ынтымақтастық туралы)
14. Қай жылдары Қазақстан Беларусьпен, Әзірбайжанмен, Ресеймен өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды? ( 1990-1991 жж.)
15. Өз егемендіктерін алғашқы болып жариялаған елдер. ( Балтық жағалауы елдері, кейін Украина, Қырғызстан, Ресей)


  1. Сын тұрғысынан сұрақ




  1. Жоғарғы Кеңестің 1990 жылы сәірдегі мәжілісінде тұңғыш Президент болып Д.Қонаев сайланды. (Н.Назарбаев)




  1. Экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, жекеменшікті енгізу туралы халық депутаттарының ІV съезінде айтылды. (Егемендік туралы декларацияда айтылды)



  1. Қазақ КСР-і Президентінің қызметі 1989 жылы сәуірде тағайындалды. (1990 ж. сәуірде)




  1. 1990 жылы КСРО президентінің басшылығымен Семей атом полигоны жабылды.

(Қаз КСР-нің Президенті Н.Назарбаевтың)


  1. 1988 жылдан бастап Балтық бойындағы елдер атом полигонын жабу мәселесін

қозғады. ( Егемендік алу, жаңа одақтық шарт жасау мәселесін қозғады)


  1. Халық депутаттарының І съезі Қазақстанға қатысты меншік құқығын жариялады.

(Егемендік туралы декларацияда жарияланды )


  1. 1990 жылы 25 маусымда Қазақстанның егемендігі жарияланды.

(1990 жылы 25 қазанда)
8. Егемендік туралы декларацияда Қазақстанның экономикасына меншік құқығы

жарияланды. (Қазақстанның орналасқан аумағына, табиғи ресурстарына)




  1. 1980-1990 жылдары Қазақстан егемендігін алған бұрынғы одақтас елдермен өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. (1990-1991 жж.)




  1. Қазақстан КСРО құрамынан шығып, егемендігін бірінші болып алды. (Балтық жағалауының елдері бірінші болып егемендігін жариялады.)



  1. Семей атом полигоны 1991 жылы жабылды. (1990 жылы)




  1. 1990 жылы Қазақстан Беларусьпен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. (Дұрыс)



  1. 1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақстан республикасы Президентінің қызметі тағайындалды. (Қазақ КСР-нің Президенті)




  1. Егемендік алған елдер 1990 жылы халық депутаттарының І съезін өткізді. (Өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды)



  1. Қазақстан 1991 жылы өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. (1990жылы 25 қазан)



  1. Тақырыптық сөздік қор (5 мин.)




  1. Бағалау




  1. Үйге тапсырма: 34


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет