Мұғалімнің аты-жөні:
|
Садыкбекова Лаззат Амангелдиевна
|
Пән/Сынып:
|
Химия, 7 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
ІІ тоқсан. 3- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
III тарау. Атомдар.Молекулалар.Заттар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
|
Оқу мақсаты:
|
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;
7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+ , n0 , e- ) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 изотоп түсінігін білу.
|
Бағалау критериі:
|
протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білемін;
алғашқы 20 элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын анықтай аламын;
изотоптардың не екенін түсінемін.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3 минут
00:00 – 03:00
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме !...
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Бүгінгі сабақта білетініңіз:
протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын біледі;
алғашқы 20 элементтің атом құрылысы мен атом ядросының құрамын біледі;
изотоп түсінігін біледі
|
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
|
Презентация
Слайд 1, 2
|
14 минут
03:00 – 23:00
|
Жаңа сабақ
|
1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды.
Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Электрон теріс зарядталған ең кіші бөлшек, оның заряды өлшем бірлігі ретінде қабылданған. Жалпы алғанда, атом электрбейтарап, яғни зарядсыз бөлшек болып саналады, себебі ядроның (оның) оң заряды электрондардың теріс зарядына тең.
Атом құрылысы одан әрі зерттеу кезінде, оның ядросының құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.
Әр түрлі атомдардың құрамындағы протондар мен нейтрондардың сандары да әр түрлі, бірақ атомдағы протондар мен нейтрондардың массаларының қосындысы сол элементтердің атомдық массасына тең:
Ar – элементтің салыстырмалы атомдық массасы.
Z – оның реттік саны.
N – нейтрондар саны.
Салыстырмалы атомдық массасы және реттік нөмірі бойынша нейтрондар санын есептеуге болады:
Ядродағы протондар саны элементтің реттік (атомдық) нөміріне Z тең. Мысалы оттек элементінің реттік нөмірін Z =8, протон саны 8 ядро заряды 8.
Протон зарядының абсолютті шамасы электрон зарядының мәніне тең.
Ядроларында протон саны бірдей бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар – изотоптар деп атайды. (Изотоп грекше «Бір орынға орналасушы» деген мағнаны білдіреді).
|