Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А


ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КОМИССАРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет103/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КОМИССАРЛАРЫ 
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  орасында  қоғамдық 
белсенділігімен едəуір танылған, өмірі қайшылыққа толы тұлғалардың бірі – 
Ғұбайдолла  Əлібеков.  Кеңес  өкіметі  орнаған  кезде  Қазақ  өлкесін  басқарған 


 
86 
төңкеріс  комитетіне  мүше  болып,  одан  кейін  Қазақ  Автономиялы 
Республикасының тұңғыш юстиция халық комиссариатын басқарған тұстағы 
жүргізген жұмыстары үш бағытта айқын көрінеді. Біріншіден, Кеңес өкіметі 
саясатының  ерекше  мəнін  бейнелейтін  заңдарды  жариялау;  екіншіден, 
қылмыспен күресудің жаңа негізін қалыптастыру; үшіншіден, халық соттары 
мен  революциялық  трибуналардың  ұйымдық  жұмысыа  бағыт-бағдар  беріп 
отырған.  
 
Ғ.Əділбеков  сот  ісі  мен  сот  тілі  халыққа  түсінікті  тілде  жүргізілуі, 
халыққа  жақын  болу  үшін  жылжымалы  халық  сотын  құру,  халыққа  өз 
құқықтарын  білу  бағытында  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  сияқты  іс-
шараларды жүзеге асырды. Уездерде орын алған түрлі оқиға, қылмыстардың 
себебін  анықтап,  істің  дұрыс  шешілуіне  бар  күшін  салып  отырды.  Ол  жаңа 
құрылған  комиссариат  қызметінің  негізін  қалаумен  қатар,  алғашқы 
декреттердің өмірге келуіне тікелей атсалысты.  
 
Ғ.Əлібеков  қол  қойған  «Қырғыздардағы  (қазақтардағы)  неке  құқығы 
туралы декрет» т.б. бірнеше декрет, қаулылар халық мүддесіне қызмет етті. 
 
1920-1930  жылдар  аралығында  республика  Юстиция  халық 
комиссариатын  басқарған  10  комиссардың  ішіндегі  жоғары  заң  білімі  бар, 
əмбебап  екі  маманның  бірі  –  Бекмұхамедов,  екіншісі  –  Варшава 
университетінің заң факультетінде оқыған Қанай Боранбаев еді. 
 
Бекмұхамедов  комиссариат  құрылымын  орнықтыру,  күрес  əдістерін 
қалыптастыру, халық соты аймақтарын құру, трибуналарға нұсқау беру, сот 
реформасын  жүргізу,  республикалық  прокуратураны  құру  сияқты  басты-
басты  жұмыстарды  жандандыруға  бар  күш-жігерін,  білім-тəжірибесін 
жұмсаған. 
 
«Мал  ұрлығымен  күрес»,  «Парақорлықпен  күрес»  декреттері 
жарияланды.  Парақорлық,  мемлекеттік  қоймаларға  ұрлыққа  түсу,  қызмет 
бабын  пайдаланып  жасалған  ұрлық,  өтірік  жала  жабу  сияқты  қылмыс 
түрлеріне  қарсы  күрес  ұйымдастырылды.  Осындай  қылмыстардың  қазіргі 
тəуелсіз  Қазақстан  тұсында  да  кең  етек  алып  отырғандығын,  сондықтан  
олардың алдын алу, күрес тəсілдерін дамыту, өткеннен сабақ алу, іріктеп, іс 
барысында тəжірибеге енгізу қажет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет