Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет99/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
Төле бидің төрелігі 
 
Атақты  Төле  бидің  бала  кезі  екен.  Ауыл  сыртында  қозы  бағып 
жүргенде, жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: «Əлібек қартайыпты, 
əділдігінен  айныпты»  деп  ренжіп  бара  жатқанын  естіп  қалады.  Сол  кезде 
Төле алдарынан шығып, сəлем береді. 
−Оу, ағалар, əкем Əлібектің билігіне ризамысыздар, −дейді. 
−Наразымыз, балам. Əкеі əділ билік айтпады. 
− Ендеше қайтыңыздар. 
Екі жақ Əлібектің алдына қайта келгенде, бала Төле: 


 
83 
- Ата билікке екі жақ та риза болу керек. Əйтпесе, ол əділ билікке жатпайды. 
Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, −дейді. 
− Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып көрші, − дейді əкесі. 
 
Төле  даудың  мəнісін  сұрайды.  Сонда  дауды  бастаған  жігіт  ботасында 
жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуеннен танығанын айтады. 

 
Бұл өтірік айтып тұр, − дейді керуенбасы саудагер. 

 
Ал,  енді,  жігітім,  «тапқан  қуанады,  таныған  алады»  деген,  сен  қалай 
таныдың? 

 
Түйем  туар  алдында  бошалап  кетті.  Бір  жетіге  дейін  таптырмаған  түйем 
таудың баурайында боздап кезіп жүр екен. Ботасын қасқыр жесе, шала туса 
етпес еді. Содан ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері бейсеует 
жүргіншілерге,  көрінген  түйеге  қарап  жүруші  едім,  бүгін  түйені  көргеннен 
таныдым. Төле: 

 
Сол түйенің енесі бар ма? 

 
Бар. 
Төле қарсы жаққа «сөйле» дейді. 

 
Мынау өз түйемнің ботасы, тура сөзіңізді айтыңыз.  

 
Енесі бар ма түйенің? 

 
Туған енесі бар. 

 
Екеуінің де енелерін алдырыңдар. 
Дауласқан түйенің енесін алдырды. 

 
Атанның тақымына қыл бұрауды салыңдар, − дейді.  
Жұрт айтқанын орындайды.  
 
Түйенің  тақымын  қыл  бұраумен  шыңғыртып  бұрағанда,  таныған 
жігіттің түйесі көзінен жас парлап, шыңғырып жатқан түйенің үстіне түседі. 

 
Оу, халайық, көріп тұрсыңдар, мына жануар шын анасы екен. 

 
Ə, саудагерім, мынау хайуан болса да, əділетін халықтың алдында көрсетті. 
Күнəні мойынға алған жеңіл, шындығыңды айт. 

 
Оу, халайық, бұдан бес жыл бұрын ботаны алғаным рас. Кешсеңдер де, бас 
кессеңдер де өздерің біліңдер. 

 
Төрелігін бидің өзі айтсын, −дейді жұрт. 
Бала Төле: 

 
Өздеріңіз  көріп,  біліп  тұрсыздар.  Саудагердің  халық  алдында 
масқарасы шықты. Бұдан артық жаза жоқ, − дейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет