Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет96/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
ƏЙТЕКЕ БИ
 
(1683 – 1739) 
Қазақ халқының бірлігін  нығайтуға  үлес  қосқан  атақты  үш  бидің бірі, 
мемлекет қайраткері – Əйтеке Байбекұлы. Ол – жаратылысында əйгілі адам: 
Əмір  Темірдің  бас  кеңесшісі  болған  Ораз  қажының  бесінші  ұрпағы,  бүкіл 
парсы,  өзбек,  қырғыз,  қазақ  халқы  «жаны  пəк  жан»  деп  атаған  Сейітқұл 
əулиенің  үшінші  ұрпағы.  Əйтеке  Байбекұлы  –  Қоқан  ханы  Ақшаның 
немересі, Жалаңтөс баһадүрдің немере туысы.  
1644  жылы  23  наурызда  Өзбекстанның  Қазбибі  тауында,  Қызылша 
ауылында  дүниеге  келген  Əйтеке  бес  жасында  ауыл  молдасынан  сауат 
ашқан. Шешендік қасиеті əкесі Байбек пен Қосуақ бидің ықпалынан болған. 
Жеті жасынан бастап Əйтекені аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр өз 
тəрбиелеріне  алады.  Ол  Самарқандағы  Ұлықбек  медресесінде  оқып,  оны 
бітірген соң, ел басқару ісіне араласады. Тілге шешен, істе шебер Əйтеке 21 
жасында  бүкіл  Бұхара  мен  Самарқан  төңірегіндегі  қазақ,  өзбек,  қарақалпақ 
құрама жұртының бас биі болады. 25 жасында барша Кіші жүз халқы оны бас 
би  етіп  сайлайды.  Əйтекенің  атсалысуымен  1680  жылы  Салқам  Жəңгірдің 
кіші  баласы  Тəуке  хан  болып  сайланады  да,  ол  шешенді  ресми  түрде 
айрықша  құқылы  «Хан  кеңесінің»  мүшесі  жасайды.  Осы  кезде  жаңа  заң 
үлгісіндегі «Жеті жарғы» қабылданады. 
Əйтеке шешен «қара қылды қақ жарған əділ» ғана емес, жоңғарлармен 
ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұрата маңына шабуыл 


 
80 
жасаған Қалдан Бошақтының он мың жасағына бес мың қол əскерімен қарсы 
аттанған.  Қырғын  соғыс  бір  күнге  созылады.  Əйтекеге  Самарқаннан, 
Бұқарадан  қалың  əскер  көмекке  келе  жатыр  деген  қауесетті  естіп,  Қалдан 
Бошақты  Сайрам  төңірегіне  шегініп  кетеді.  Сайрам  талқандалып,  ендігі 
жиын Күлтөбеде емес, Түркістанда өтетін болады.  
Қазақ сахарасына көз тіккен көрші елдерден қауіптенген Əйтеке 1698-
1699  жылдары  жиында  бірнеше  ұтымды  ұсыныстар  жасайды:  шекара 
аймақтарында  өз  жасақтарымызды  ұстау;  қару-жарақты  көптеп  сатып  алу 
жəне оған қаражатты ауқатты адамдардан жинау; қазақ жасағын басқаратын 
қолбасшының қарадан шыққан шешен, көсем, батыр жəне елшілік жұмысты 
жақсы  білетін  адам  болуы  жəне  оны  Ресей,  Қытай,  Түркия  немесе  Еуропа 
елдерінің  бірінде  оқытып  алу.  Бұл  Əйтекенің  мемлекеттік  саяси 
мəселелердегі  көрегендігін  көрсеткен  еді.  Əйтекенің  бұл  ұсынысын  Төле, 
Қазыбек сынды ел басқарған билер қолдайды да, мол шығынды ауырсынған 
байлар қолдамайды.  
Ел  аузында  Əйтеке  би  айтқан  билік,  шешендік  сөздер,  толғаулар  мен 
баталар,  ол  туралы  аңыз-əңгімелер,  жырлар  көп  сақталған.  Соның  бірі  – 
«Əйтеке би» атты ұзақ дастан.  
Əйтеке  би  1700  жылы  Өзбекстанның  Нұрата  ауданы  Сейітқұл 
қорымында  қайтыс  болады.  Ақтөбе  облысының  бұрынғы  Қарабұтақ  жəне 
Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір «Əйтеке ауданы» деп аталады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет