Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А


☺  Сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет28/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
☺ 
Сұрақтарға жауап беріңіз. 
1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіз? 
2) Білім алудың формуласы бар ма? 
3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет? 
4) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыз ба? 
5) Сіз таңдаған мамандық немен қызықтырады? 
6)  Сіз  таңдап  алған  мамндық  иесі  болу  үшін  бойыңызда  қандай  қасиеттер 
болу керек деп ойлайсыз? 
 
 
БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ 
 
 
Шығыс  Қазқстан  мемлекеттік  университеті  1952  жылы  ашылған 
Өскемен педагогикалық институтының негізінде 1991 жылы құрылған. 2003 
жылы  3-ші  қазанда  университетке  лингвист-ғалым  С.Аманжоловтың  есімі 
берілді.  
 
С.Аманжолов 
атындағы 
ШҚМУ 
Республикамыздың 
Шығыс 
аймағындағы жоғары оқу орындарының ішінде ірі білім ордасы. Университет 
құрамында  8  факультет,  ақпараттық  инновациялық  білім  беру  орталығы, 
Біліктілікті арттыру институты, көп салалы колледж бар. Оқу орнының штат 
кестесінде  1300-ден  астам  жоғары  мамандандырылған  оқытушылар  қызмет 
етеді. Олардың ішінде ҚР ҰҒА 2 академигі, салалы академиялардың 8 мүше-
корреспонденті  бар.  ПОҚ  –тың  45%  астамы  ғылыми  дəреже  мен  атаққа  ие. 
Университеттің 8 оқу ғимараты жəне 1600 орындық 4 студенттік жатақхана 
бар. 
 
С.Аманжолов  атындағы  ШҚМУ–да  түрлі  мамандықтар  бойынша 
бакалавр,  магистаранттарды  дайындайды.  Университет  кітапханасы 
миллионнан  астам  кітап  қорын  құрайды.  Студенттер  үшін  435  орны  бар  10 
оқу  залы  қызмет  көрсетеді.  Əр  студент  университеттің  электрондық 
кітапханасының 3000 оқулығын еркін пайдалана алады, Интернетке қосылған 
1200 компьютер жұмыс істейді. 
 
Оқу  орнында  оқытудың  қашықтық-кредиттік  жүйесі  енгізілген.  Оқу 
үрдісінде 
университеттің 
ақпараттық 
инновациялық 
білім 
беру 
технологиялар  орталығы  шығарған  жəне  қолдау  көрсеткен  компьютерлік 
жəне  ақпараттандырыру  технологиялары  кеңінен  пайдаланылады.  Орталық 
құрамына 
білім 
беру 
инновацияларының 
əдістемелік 
орталығы, 
ақпараттандыру-коммуникациялық 
технологиялары, 
сандық 
оқу 
телевидениесі, конструкторлық бөлім, жəне пресс- орталықтары кіреді. АТО 
–ның  басты  мақсаты  студенттерді  оқыту  үрдісінде  білім  берудің  озық 
технологияларын,  электрондық  кітапхананы,  мультимедия  залын,  оқыту 
бағдарламаларын, 
электронды 
сынақ 
кітапшаларын, 
оқытушының 


 
26 
электронды  журналын,  ауызша  курстық  жұмыстар  жазбалары  жүйелерін 
белсенді түрде пайдалану болып табылады.  
 
Университетте 5 ғылыми-зерттеу зертханасы, соның ішінде түрік тану 
Орталығы, «Биотехнологиялар», «Жаңа материалдар» ҒЗИ жəне инженерлік 
саладағы  «Өндірістік  экология  жəне  энергияны  үнемдеу»    Аймақтық 
зертханасы жұмыс істейді. 
 
Университеттің 
дамуына 
елеулі 
үлес 
қосқан 
ғалымдардың, 
қызметкерлердің  есімдерін  еске  сақтау  мақсатында  А.Н.Трунов  атындағы 
денсаулық  орталығы,  Г.Вистениус  –  Панкратьев  бағы,  Р.Қарамұратова 
атындағы кітапхана, Қ.Рысқұлбеков атындағы жаттықтыру залы ашылған.
 
С.Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  –дың  үздік  студенттері  Президенттің 
«Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  əлемнің  жоғары  білікті  мамандарын 
даярлау  орталықтарында  оқуларын  жалғастырады.  Жақын  жəне  алыс  шет 
елдердегі  жоғары  оқу  орындарымен  шығармашылық  жəне  ғылыми 
ынтымақтастық  жөнінде  шарттарға  отыру  нəтижесінде  университет 
оқытушыларының  магистратураны,  біліктілікті  арттыру  курстарын  АҚШ, 
Германия, Польша, Ресей,  Украйна  елдерінде алдыңғы қатарлы жоғары оқу 
орындарында жалғастыруға мүмкіндіктері бар. 
Сөздік: 
ПОҚ 
(профессорлық-оқытушы 
құрамы) 
– 
ППС 
(профессорско-
преподавательский состав) 
мамандандырылған  - специализированный 
біліктілікті арттыру – повышение квалификации 
АКТ  орталығы  (ақпараттық  -коммуникациялық  технологиялар)  –  ЦИКТ  – 
центр инновационно-коммуникационных технологий 
ақпараттандыру технологиясы – коммуникационная технология 
оқыту бағдарламасы – программа обучения 
оқу үрдісі – учебный процесс 
озық – передовой  
жалғастыру – продолжать  
ғылыми-зерттеу –   научно-исследовательский  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет